Otpan News Logo

Ақтауда “Кітап керуен” жәрмеңкесі басталды

|
15.05.2026 10:22
Ақтауда “Кітап керуен” жәрмеңкесі басталды

Ақтаудағы Қабиболла Сыдиықұлы атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасында тұңғыш рет «Кітап керуен» жәрмеңкесі өтуде. Екі күнге жалғасатын кітап жәрмеңкесіне республикамыздың түпкір-түпкірінен баспалар мен ақын-жазушылар келді, деп хабарлайды otpannews.kz сайты. 


Жәрмеңкеге оқырман жүрегіне жол тарта білген Qasym kitap, Steppe&World, Абай, Арман-ПВ, ZIYAT, SANA, MAZMUNDAMA, Marfu, Отбасы Хрестоматиясы және WIK HOUSE баспалары қатысып жатыр. Сонымен қатар кітапсүйер қауым үшін жәрмеңкеге Роза Мұқанова, Оңайгүл Тұржан, Бақытгүл Сармекова секілді қаламгерлер, қоғам қайраткерлері мен кітап авторлары да келді. 


“Кітап оқу арқылы автормен байланыс орнату мүмкіндігі бар. Жазушымен сырласып, оның жан дүниесін ұғуға болады. Кітап оқу арқылы ұлы Абайдың, Мағжан мен Міржақыптың, Әбіш пен Фаризаның үнін естиміз. Бұл дүниеден жазушы да, оқырман да өтеді. Бірақ олардың ұлы мұрасы, шығармалары мен тәжірибелері үнемі сақталады”,- деді жазушы-драматург Роза Мұқанова. 


Бұдан бөлек жәрмеңке аясында жаңа кітаптардың тұсаукесер рәсімдері өтіп, түрлі тақырыптарда секциялық отырыстар жоспарланған. Жәрмеңкеде түрлі ойындар, оқырмандарға арналған іс-шаралар да болады.

61
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!