Otpan News Logo

“Абай” әдеби-танымдық энциклопедиясы халықаралық көрмеде екі жыл қатарынан үздік деп танылып, гран при жеңіп алды

|
15.05.2026 11:46
“Абай” әдеби-танымдық энциклопедиясы халықаралық көрмеде екі жыл қатарынан үздік деп танылып, гран при жеңіп алды

“Арман ПВ” баспасының бас редакторы Айгүл Бекболатова “Абай” әдеби-танымдық энциклопедиясы халықаралық көрмеде екі жыл қатарынан үздік деп танылып, гран при жеңіп алғанын айтты. Бірнеше ел мен жүздеген кітап арасынан үздік танылған бұл шығарма балаларға ұлы Абайды танытуды көздейді, деп хабарлайды otpannews.kz cайты. 


Балаларға арналған энциклопедияның авторы – Маңғыстау тумасы, баспаның бас директорының орынбасары Қымбат Қараева. 


Жәрмеңке аясында Қымбат Қараева Көшпенділер ойындарына арналған кітабын таныстырады. Автор ұлттық ойындардың мазмұны, көшпенділер мәдениеті, тарихи таным және жас ұрпақ тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтардың орны туралы ой бөліседі.


“Арман ПВ” баспасы Қазақстанның оқу әдебиеті мен танымдық басылымдар саласында 25 жылдан бері жұмыс істеп келеді. 

 

63
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!