Otpan News Logo

Ақтауда қазақ тілді цифрлық контентті дамыту мәселелері талқыланды

|
17.07.2026 14:47
Ақтауда қазақ тілді цифрлық контентті дамыту мәселелері талқыланды

Бүгін Ақтауда Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен «Ашық онлайн энциклопедияны (Уикипедия) қазақ тіліндегі мақалалармен толықтыру» тақырыбында облыстық семинар өтті. Жиынға өңірдегі облыстық басқармалар мен аумақтық департаменттердің мамандары, мемлекеттік мекемелердегі тіл саясатына жауапты өкілдер, қала, аудан әкімдіктерінің қызметкерлері және филолог-ғалымдар қатысты, деп хабарлайды otpannews.kz.  


Семинардың негізгі мақсаты – қазақ тіліндегі цифрлық контенттің сапасын арттыру және Уикипедия қорын өзекті әрі сенімді ақпаратпен толықтыру. Қатысушыларға ақпараттық кеңістіктегі адалдық қағидаттары, Уикипедия платформасының мүмкіндіктері мен қойылатын талаптар жан-жақты түсіндірілді.


“Уикипедиаға қазақ тіліндегі ақпарат енгізу, оларды көбейту – өте маңызды жұмыс. Уикипедиа – әлемдік сайт, ол жерде миллиондаған ақпарат бар. Сондықтан қазақ тіліндегі ақпарат легін көбейтуіміз керек”,- деді қазақша Уикипедия әкімшісі Рахым Сабиханов. 


Іс-шара барысында арнайы тәжірибелік сабақтар өткізілді. Онда Уикипедияға тіркелу, энциклопедиялық мақала жазу, ақпарат көздерін дұрыс пайдалану және мақалаларды өңдеу жолдары көрсетілді. 


Семинар спикері, қазақша Уикипедия әкімшісі Рахым Сабиханов қатысушыларға мақала орналастырудың негізгі кезеңдерін практика жүзінде таныстырып, мамандардың сауалдарына жауап берді.


Бұл жиын мемлекеттік қызметшілердің цифрлық сауаттылығын арттырып, интернет кеңістігіндегі мемлекеттік тілдің беделін нығайтуға бағытталған.

64
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!