Otpan News Logo

Маңғыстауда күйші-композитор Әзірбай Өскінбаев Құрылтай сайлауында дауыс берді

|
23.08.2026 14:32
Маңғыстауда күйші-композитор Әзірбай Өскінбаев Құрылтай сайлауында дауыс берді

Құрылтай сайлауында белгілі күйші-композитор, домбырашы, дәстүрлі өнердің көрнекті өкілі Әзірбай Өскінбаев дауыс беріп, өз азаматтық таңдауын жасады, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.


Әзірбай Өскінбаев – қазақтың күй өнеріне өзіндік үлес қосып келе жатқан белгілі күйші-композитор, домбырашы, көрнекті күйші Мұрат Өскінбайдың ұлы. Ол әке мұрасын жалғастырып, ұлттық өнерді дәріптеп, күйшілік дәстүрдің сабақтастығын сақтап келеді.

- Күй – халқымыздың тарихын, болмысын, қуанышы мен мұңын жеткізетін рухани мұра. Әкемнен қалған күйшілік жолды жалғастыруды үлкен аманат деп қабылдаймын. Ұлттық өнерді сақтау қандай маңызды болса, елдің қоғамдық өміріне белсенді араласу да сондай жауапты іс деп ойлаймын, – деді Әзірбай Өскінбаев.

Өнер иесінің айтуынша, әр азамат елдің болашағына қатысты маңызды мәселелерге өз көзқарасын білдіріп, азаматтық жауапкершілігін таныта білуі қажет.

- Бүгін дауыс беру арқылы өз таңдауымды жасадым. Бұл – елдің ертеңіне деген жауапкершілікті сезіну. Біз өзімізден кейінгі ұрпаққа қандай ел қалдырамыз деген сұрақ әрдайым ойымызда болуы керек. Сондықтан әр азамат өз таңдауына бейжай қарамағаны жөн, – деп атап өтті күйші-композитор.
67
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!