Otpan News Logo

Маңғыстаулық сурдлимпиада чемпионы Ғұлама Хамзе сайлауда өз таңдауын жасады

|
23.08.2026 15:48
Маңғыстаулық сурдлимпиада чемпионы Ғұлама Хамзе сайлауда өз таңдауын жасады

Маңғыстау облысының тумасы, халықаралық спорт додаларында ел намысын абыроймен қорғап жүрген дзюдошы Ғұлама Хамзе Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысып, өз таңдауын жасады.


Спортшы қазіргі уақытта оқу-жаттығу жиынына байланысты Алматы қаласында жүр. Соған қарамастан, азаматтық міндетін орындап, сайлау учаскесіне барып, дауыс берді.


Ғұлама Хамзе - XXV жазғы Сурдлимпиада ойындарында дзюдодан алтын медаль жеңіп алып, ел қоржынына тарихи жеңіс сыйлады. Спорттағы жоғары жетістіктері үшін оған «Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген спорт шебері» атағы берілді.


Ел спортының көкжиегін кеңейтіп жүрген чемпион үшін сайлауға қатысу - ел болашағына бейжай қарамайтын азаматтық ұстанымның көрінісі.

58
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!