ТҮКШ бөлімі: Ақтау жылыту маусымына дайын
Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімі мамандарының айтуынша, Ақтауда жылу беру жылыту маусымының бекітілген кестесіне сәйкес іске асады, деп хабарлайды otpannews.kz.
ТҮКШ бөлімінің өкілі қажетті дайындық жұмыстарының толық атқарылғанын мәлімдеді. Қала алдағы жылыту маусымына толық дайын. Дегенмен, басқару компаниялары жоқ кейбір тұрғын үйлерде белгілі бір қиындықтар туындауы мүмкін.
Алдын ала бағалау бойынша, инженерлік желілердің тозу деңгейі 60 пайыздан асады. Құбырлардың басым бөлігі қаланың алғаш салынған кезеңінен бері пайдаланылып келе жатқандықтан, оларды кезең-кезеңімен жаңарту қажет.
«Жылу желілері ауыстырылған аудандарда атқарылған жұмыстардың тиімділігі шамамен 5-10 пайызды құрайды. 22 шағынауданға дейінгі желілерге ерекше назар аудару қажет. Олардың техникалық жағдайы алдағы уақытта ауқымды түрде ауыстыруды талап етеді»,- деді ТҮКШ мамандары.
Сонымен қатар әкімдікте құрылыс компаниялары жаңа тұрғын үй кешендеріне тартып жатқан инженерлік желілер мәселесі де сөз болды. Мұндай нысандардың техникалық параметрлері техникалық қадағалау және жұмыс жобасы аясында қатаң түрде тексеріледі.