Otpan News Logo

Ақтаудағы «Ақбота» паркі 2027 жылдың жазына қарай жаңартылады

|
13.08.2026 19:43
Ақтаудағы «Ақбота» паркі 2027 жылдың жазына қарай жаңартылады

Ақтауда «Ақбота» паркін реконструкциялау жоспарланып отыр. Аттракциондар мен уақытша сауда объектілері орналасқан аумақты заманауи қоғамдық кеңістікке айналдыру көзделіп отыр, деп хабарлайды otpannews.kz.


Қала әкімдігінің мәліметінше, негізгі құрылыс жұмыстары учаске босатылғаннан кейін басталады. Кәсіпкерлерге аумақты босату үшін 31 тамызға дейін уақыт берілді. Осыдан кейін мердігер реконструкцияның негізгі кезеңіне кіріседі. Жобаны 2027 жылдың жазына қарай аяқтау жоспарланып отыр.


Жаңарту аясында барлық қолданыстағы аттракциондар демонтаждалады. Оның ішінде шолу дөңгелегі, карусельдер мен әткеншектер де бар.


Қазіргі уақытта парк аумағында 25-ке жуық кәсіпкер жұмыс істейді. Оларға сауда объектілерін орналастыратын жаңа орын әлі анықталған жоқ.


"Кәсіпкерлермен бұған дейін жиналыстар өткізілді. Оларға биылғы маусым аяқталғанға дейін жұмысты жалғастырып, содан кейін аумақты босату ұсынылды", - деп хабарлады құрылыс бөлімінің мамандары.


Жобаға сәйкес, «Ақбота» серуендеу, демалу және спортпен шұғылдануға арналған кеңістікке айналады. Мұнда скверлер мен жасыл аймақтар, фонтандар, серуендеу жолдары, орындықтар мен көлеңкелі шатырлар пайда болады. Сондай-ақ жаңа скейт-парк пен қосымша демалыс аймақтарын салу қарастырылған. Көгалдандыруға ерекше назар аударылады. Әкімдік өкілдерінің айтуынша, қолданыстағы ағаштарды сақтап қалу жоспарланған. Сондай-ақ аумаққа жаңа өсімдіктер егіледі.


Құрылыс жұмыстары ауа райы жағдайларын ескере отырып жүргізіледі. Жылы мезгілде бетон жұмыстарын орындау, асфальт пен плитка төсеу жоспарланған. Қыс мезгілінде температураға және басқа да ауа райы факторларына тәуелді емес жұмыстар жалғасады.


Реконструкцияның негізгі кезеңі 2027 жылға жоспарланған. «Ақбота» паркін жаңартуды толық аяқтау мерізімі – 2027 жылдың жазы.

67
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!