Otpan News Logo

Бибісара Асаубаева АҚШ-тағы беделді турнирде үздік бестікке енді

|
14.08.2026 10:22
Бибісара Асаубаева АҚШ-тағы беделді турнирде үздік бестікке енді
Фото: Ашық дереккөзден

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева АҚШ-тың Сент-Луис қаласында өтіп жатқан Cairns Cup 2026 халықаралық турнирінің үздік бестігіне енді, деп хабарлайды otpannews.kz.


Турнирдің төртінші турында блицтен екі дүркін әлем чемпионы Швейцарияның бұрынғы әлем чемпионы Александра Костенюкті жеңді. Партия 23-ші жүрісте Костенюктің берілуімен аяқталды. Бұл Асаубаеваның биылғы жарыстағы алғашқы жеңісі болды.

 

Бұған дейін қазақстандық шахматшы алғашқы үш турда украиналық Анна Музичукпен, үндістандық Рамешбабу Вайшалимен және америкалық Элис Лимен тең түскен.

 

Төрт турдың қорытындысы бойынша Асаубаева 2,5 ұпай жинап, турнир кестесінде төртінші орында тұр. Көш басында Қытайдың бұрынғы әлем чемпионы Тань Чжунъи келеді. Оның қоржынында 3,5 ұпай бар.

 

Бесінші турда Бибісара Асаубаева қара фигуралармен үндістандық гроссмейстер Дивья Дешмухқа қарсы ойнайды.

 

Cairns Cup 2026 турниріне он шахматшы қатысып, жарыс айналмалы жүйе бойынша өтіп жатыр. Бәсеке 19 тамызға дейін жалғасады. Айта кететін жайт, жарыстың жалпы жүлде қоры 250 мың долларды құрайды.  

59
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!