Otpan News Logo

Хабарландыру

|
13.08.2026 17:47
Хабарландыру





САЯСИ ПАРТИЯЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІКТЕР БАСШЫЛАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!


Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі № 2464 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 10 бабына сәйкес 2026 жылдың 7-21 тамыз аралығында сағат 16.20-ға дейінгі мерзімде жоғарыда аталған сайлау комиссияларына кандидатуралар ұсынуларыңызды сұраймыз.

Осыған орай, саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және құрылатын комиссияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:

1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;

2) тиiстi сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме;

3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;

4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері.

Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштері мәслихат сайтында орналастырылған.

Әрбір саяси партия сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшесі болып болып табылмайтын кандидатура ұсынуға құқылы.

Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихат өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлау комиссиясын құрады.

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуге тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшесi Ақтау қаласында тұруға тиiс.

Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.


Мәслихаттың орналасқан жері: Ақтау қаласы, 4 шағын аудан, 72 үй, қалалық әкімдік ғимараты, каб.№505, телефон: 336728, электрондық пошта мекенжайы: l.suindik@mangystau.gov.kz.


Ақтау қалалық мәслихатының аппараты


21
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!