Otpan News Logo

Әскери ант қабылдау рәсіміне ата-анасы келмей қалған жаңаөзендік сарбаздың видеосы бір миллионнан астам қаралым жинады

Әскери ант қабылдау рәсіміне ата-анасы келмей қалған жаңаөзендік сарбаздың видеосы бір миллионнан астам қаралым жинады

Жаңаөзен қаласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5548 әскери бөлімінде жас толықтырушылардың әскери ант қабылдау рәсімі өтті. Жаңадан шақырылған сарбаздар үшін бұл маңызды күн болды, деп хабарлайды otpannews.kz.


Әскери қызметшілерді құттықтауға ата-аналары, туыстары мен достары келді. Рәсім аяқталғаннан кейін ата-аналары ұлдарын қарсы алып, олармен естелік суретке түсіп, қуаныштарымен бөлісті. Алайда, сарбаздардың бірі жақындарының қолдауынсыз қалды.


Бұл жағдайға Маңғыстау облысы және Ақтау қаласы бойынша «Аналар жүрегі» солдат аналары комитетінің өкілі Гүлмира Жанысбаева назар аударды. Ол әскери қызметшімен әңгімелесіп, әлеуметтік желілерде қысқаша видео жариялады.


Бұл ролик оқырмандардың тарапынан үлкен қолдау тапты. Видео бір тәулікке жетпей 1,3 миллионнан астам қаралым жинап, пікірлер бөлімінде қазақстандықтар мыңдаған жылы лебіздерін қалдырды.


Видеоның басты кейіпкері Орал қаласынан мерзімді әскери қызметке шақырылған қатардағы жауынгер Владимир Усов болды. Оның айтуынша, ата-анасы дәлелді себептерге байланысты рәсімге келе алмаған.


«Мұндай маңызды күні ата-ананың қасымда болғанын қаладым. Бірақ мен жағдайды түсінемін. Бастысы - олардың бәрі жақсы екенімді біледі. Қызметімді абыроймен өтеп, олардың сенімін ақтау үшін бар күшімді саламын», - деді әскери қызметші.


Ант қабылдағаннан кейін әскери бөлім басшылығы жақындары қатыса алмаған сарбаздар үшін бейнеқоңырау ұйымдастырды. Жаңадан келген жауынгерлер жақындарымен тілдесіп, құттықтаулар мен қолдау сөздерін ести алды.

55
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!