Otpan News Logo

Мұнайлыда жаңа автобустар халық игілігіне берілді

Мұнайлыда жаңа автобустар халық игілігіне берілді

Мұнайлы ауданында қоғамдық көлік қызметінің сапасын арттыру мақсатында заманауи «Yutong» маркалы жаңа автобустар пайдалануға берілді, деп хабарлайды otpannews.kz сайты.


Аудан әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, «Маңғыстау – Батыр – Маңғыстау» бағытына – 4 автобус. «Маңғыстау – Атамекен – Маңғыстау» бағытына – 4 автобус қатынайды. 


Жаңа автобустардың кілтін салтанатты түрде Мұнайлы ауданының әкімі Қанат Құлжанов пен Мұнайлы аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Чапай Әбілов табыстады.


Шара барысында аудан әкімі жаңа қоғамдық көліктердің тұрғындар үшін маңыздылығына тоқталды.


Жаңа техникалар заманауи талаптарға толық сәйкес келеді. Олар жолаушылардың жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, қозғалыс кестесінің тұрақтылығын жақсартып, тасымал сапасын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. Әсіресе Батыр мен Атамекен ауылдарынан Маңғыстау ауылына күн сайын қатынайтын мыңдаған тұрғындар үшін бұл үлкен қолдау болмақ, – деді аудан әкімі.


Аталған бағыттар бойынша жолаушыларға қызмет көрсетуді «Batys Tasymal» компаниясы жүзеге асырады.

92
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!