ӘЧ-2026: Франция мен Испания құрамалары арасындағы фаворит кім?
Футболдан әлем чемпионатының жартылай финалында Франция мен Испания құрамалары кездеседі. Сарапшылар мен букмекерлік кеңселер бұл матчта Франция құрамасын фаворит ретінде бағалап отыр, деп жазады otpannews.kz.
Opta суперкомпьютерінің болжамына сәйкес, Францияның финалға шығу ықтималдығы 57,7 пайызды құраса, Испанияның мүмкіндігі 42,3 пайыз деп есептелген.
Жартылай финалдық кездесу 15 шілде күні Арлингтон қаласындағы «Даллас Стэдиум» аренасында өтеді. Матч Астана уақыты бойынша 00:00-де басталады.
Ширек финалдар аяқталғаннан кейін Opta турнирде чемпион атану мүмкіндігі ең жоғары команда ретінде де Францияны атады. Сарапшылардың бағалауынша, француздардың әлем чемпионы атану ықтималдығы 34 пайызды құрап отыр.
Франция құрамасы топтық кезеңде Сенегал, Ирак және Норвегияны жеңіп, плей-офф кезеңінде Швецияны (2:0), Парагвайды (2:1) және ширек финалда Марокконы (2:0) тізе бүктірді.
Ал Испания құрамасы топтық кезеңде Кабо-Вердемен тең ойнап, кейін Сауд Арабиясы мен Уругвайды ұтты. Плей-оффта Австрияны (3:0), Португалияны (1:0) және Бельгияны (2:1) жеңіп, жартылай финалға жолдама алды.
Футбол жанкүйерлері асыға күткен Франция мен Испания арасындағы тартысты кездесу әлем чемпионатының финалына шығатын алғашқы команданы анықтамақ.