Otpan News Logo

Маңғыстауда ер адамға медициналық авиациямен көмек көрсетілді

|
16.09.2026 13:40
Маңғыстауда ер адамға медициналық авиациямен көмек көрсетілді

«112» пультіне денсаулығының күрт нашарлауына байланысты медициналық мекемеге өз бетінше жете алмайтын ер адам туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды otpannews.kz сайты. 


1996 жылы туған ер адам Қарақия ауданына, Қарынжарық ойысына, одан әрі «Үстірт» шекара бекетіне бағыт алған экскурсиялық топтың жүргізушісі болған. Сондықтан авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін «Бөгет» шекара бекеті маңына ТЖМ-нің «Қазавиақұтқару» тікұшағы жұмылдырылды.


Зардап шегушіні эвакуациялау жұмыстары жүргізілгеннен кейін Ақтау әуежайында оны жедел медициналық жәрдем бригадасы күтіп алды. Ер адам медициналық қызметкерлерге тапсырылып, кейін облыстық ауруханаға жеткізілді.


ТЖД қызметкерлерінің жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында зардап шегуші аман-есен эвакуацияланып, қажетті медициналық көмек көрсету үшін уақытылы медициналық мекемеге жеткізілді.

37
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!