Otpan News Logo

Бауыржан Нарбаев Парижде өтетін Grand Slam турниріне қатысады

Бауыржан Нарбаев Парижде өтетін Grand Slam турниріне қатысады

Маңғыстаулық дзюдошы Бауыржан Нарбаев Парижде өтетін ерлер мен әйелдер арасындағы Grand Slam халықаралық турнирінде ел намысын қорғайды, деп хабарлайды otpannews.kz.


Жерлесіміз жарыстың алғашқы күнінде татамиге шығып, 66 келі салмақ дәрежесінде бақ сынамақ. 


7-9 ақпан аралығында өтетін дүбірлі додаға әлемнің әр елінен 500-ден астам дзюдошы қатысады. Турнир халықаралық дзюдо федерациясының күнтізбесіне енген және рейтингтік ұпайлар сарапқа салынады.


Айта кетейік, Бауыржан Нарбаев былтыр 66 салмақ дәрежесінде дзюдодан ҚР чемпионы болған еді.

32
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!