Otpan News Logo

Испания азаматтары қазақстандық полицейлерге қиын жағдайда көрсеткен көмегі үшін алғыс айтты

Испания азаматтары қазақстандық полицейлерге қиын жағдайда көрсеткен көмегі үшін алғыс айтты

Шетпе - Бейнеу республикалық маңызы бар автожолында патрульдік полиция ротасының қызметкерлері шетелдік туристерге көмек көрсетті, деп хабарлайды otpannews.kz сайты polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Испанияның үш азаматы Ақтау қаласынан өз елдеріне мотоциклмен қайтып бара жатқан жолда мотоциклдердің бірі бұзылып қалған. Туристер патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Қанат Смағұлов пен Құрманғазы Битибаевқа көмек сұрап жүгінген.


Полицейлер жол бойынан жүк көлігін тоқтатып, жүргізушіге ақауы бар мотоциклді Бейнеу ауылына дейін жеткізіп салуды өтінді. Жүргізуші көмектесуге келісіп, содан кейін мотоцикл жүк көлігіне тиелді.


Полицейлер туристермен ағылшын тілінде еркін сөйлесіп, қажетті көмекті көрсетті. Шетелдік азаматтар көрсетілген қолдау үшін ризашылық білдіріп, полиция қызметкерлеріне алғыстарын айтты.

54
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!