Otpan News Logo

Ақтауда халықаралық деңгейдегі Wilson Cup by Rixos теннис турнирі басталды

|
20.08.2026 14:57
Ақтауда халықаралық деңгейдегі Wilson Cup by Rixos теннис турнирі басталды

Ақтауда әртүрлі қалалар мен елдерден келген теннисшілердің басын қосқан Wilson Cup by Rixos халықаралық теннис турнирі басталды. Спорттық дода әуесқой және кәсіби ойыншыларға өз шеберліктерін көрсетіп, жеңіс үшін бақ сынауға мүмкіндік беріп отыр.


Турнир заманауи талаптарға сай жабдықталған теннис корттарында өтуде. Жарысқа қатысушылар бірнеше санат бойынша өзара сынға түсіп, спорттық шеберлік пен жоғары нәтижеге ұмтылуда.


Доданың ерекшелігі – әлемдік теннис индустриясында кеңінен танылған Wilson брендімен серіктестігі. Теннис саласындағы тарихы 100 жылдан асатын компанияның өнімдерін әлемнің жетекші спортшылары пайдаланады. Бренд халықаралық деңгейдегі ең ірі теннис жарыстарында да ұсынылған.


Wilson Cup by Rixos турнирінің Ақтауда ұйымдастырылуы өңірде теннисті дамытуға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған. Сонымен қатар жарыс қалаға әртүрлі елдер мен өңірлерден спортшыларды тартып, тәжірибе алмасуға және жаңа спорттық байланыстар орнатуға мүмкіндік береді.


Халықаралық турнир Ақтаудың спорттық әлеуетін танытып, қаланың ірі спорттық іс-шараларды өткізуге қолайлы орын ретінде қалыптасуына өз үлесін қосуда.

61
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!