Ақтауда 29 шағынауданда бірнеше көлік өртенді
Алдын ала мәлімет бойынша, 29 ш/а №27 үй ауласында Lada-2114 көлігі өртенген. Оқиға орнына өрт сөндіру жасақтары жедел жетті, деп хабарлайды otpannews.kz сайты.
Өрт салдарынан жақын маңда тұрған тағы екі көлік отқа оранды. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр.
Құзырлы қызметтердің ресми түсіндірмесі мен егжей-тегжейлі мәліметтері қосымша жарияланады.
50
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев