Otpan News Logo

65 жастағы зейнеткер Қызылөзен ауылында демалыс орнын ашып, ауыл туризмін дамытып отыр

65 жастағы зейнеткер Қызылөзен ауылында демалыс орнын ашып, ауыл туризмін дамытып отыр

Түпқараған ауданы Қызылөзен ауылында 65 жастағы зейнеткер Күрең Медеуова ауыл туризмін дамыту мақсатында «aul_glamping» демалыс орнын ашты. Глэмпинг бір жылдан бері демалушыларға қызмет көрсетіп келеді, деп хабарлайды otpannews.kz.


Демалыс орнына келген қонақтар табиғат аясында тынығып қана қоймай, ауылдың тыныс-тіршілігімен таныса алады.


Мұнда келушілер Маңғыстаудағы ауылдық жерде орналасқан жалғыз қуыршақ театрының қойылымын тамашалап, ұлттық қолөнер мен ет, сүт өнімдерін әзірлеуге арналған шеберлік сабақтарына қатыса алады. Сондай-ақ қонақтарды теңіз жағасындағы әсем көрініс пен жылы теңіз күтеді.


Күрең Медеуованың айтуынша, глэмпингке еліміздің әр өңірінен қонақтар келеді. Былтыр Алматы мен Ақтөбеден туристер ат басын бұрса, биыл Атырау, Ақтау қаласы мен Маңғыстау аудандарының тұрғындары демалуда.


Алдағы уақытта мұнда қайықпен серуендеу және дайвинг сияқты жаңа қызмет түрлерін іске қосуды жоспарладық. Сонымен қатар екі аз қамтылған отбасы мүшесін жұмыспен қамтуды көздеп отырмыз, – дейді кәсіп иесі.


Күрең Медеуова Қызылөзен ауылына 1991 жылы көшіп келген. Содан бері теңіз жағасындағы шағын ауылдың көркем табиғатын көпшілікке танытуды армандаған.


1991 жылы Қызылөзен ауылына көшіп келдім. Содан бері осы теңіз жағасында орналасқан шағын ғана ауылдың әсемдігін танытып, демалыс орнын ашуды армандадым. Ауылға көлікпен келе жатқан сәттің өзінде көз тартар ерекше көріністерді байқауға болады. Мұндай әсемдік еш жерде қайталанбайды деп ойлаймын. Сондықтан бұл жердің табиғатын барша жұрт көруге тиіс, – дейді Күрең Медеуова.
60
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!