Otpan News Logo

Гүлнұр Кушанова: «Сайлауға белсенді қатысу - әр азаматтың жауапкершілігі»

|
24.07.2026 15:01
Гүлнұр Кушанова: «Сайлауға белсенді қатысу - әр азаматтың жауапкершілігі»

23 тамыз - Құрылтай депутаттарын сайлау күніне орай «Рухтан» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гүлнұр Кушанова сайлаудың маңыздылығына тоқталып, азаматтарды ел болашағына бейжай қарамай, дауыс беруге шақырды.


- Құрылтай депутаттарын сайлау күні еліміздің бірлігі мен татулығын нығайтатын, еліміздің тағдырына бейжай қарамайтын әрбір азаматқа үлкен міндет жүктелетін күн. Сондықтан баршаңызды, достарымды, әріптестерімді, волонтерларды және барлық азаматтарды сайлауға белсенді қатысуға, өз таңдауларыңызды жасап, дауыс беруге шақырамын. Бұл - елімізде өтіп жатқан маңызды саяси науқан. Осындай тарихи кезеңде өз үлесімізді қосып, осы саяси науқанның куәгері болу - біз үшін үлкен мәртебе. Сондықтан баршаңызды сайлауға келіп, азаматтық борыштарыңызды орындап, дауыс беруге шақырамын, - деді Гүлнұр Кушанова.
89
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!