Otpan News Logo

Ақтауда республикалық IT-форумының қорытынды конференциясы өтті

Ақтауда республикалық IT-форумының қорытынды конференциясы өтті

Ақтауда «Mangystau Business Talks - IT-Aiel 2026» қорытынды конференциясы өтті, деп хабарлайды otpannews.kz.


Іс-шараға кәсіпкерлер, IT және digital саласының мамандары, TechnoWomen қауымдастығының өкілдері, сарапшылар, IT AIEL жобасының қатысушылары мен түлектері, сондай-ақ өз кәсібі мен мансабын дамытуға қызығушылық танытқан әйелдер мен жастар қатысты. Қатысушылар қатарында TechnoWomen басқарма төрағасы Азиза Шүжеева, «Mangystau Business Talks - IT-Aiel 2026 ұйымдастырушысы Бибігүл Шайхиева, IT саласындағы халықаралық сарапшы әрі жастар тәлімгері Надежда Вадодария және «TechnoWomen» ҚҰЕ басқарма мүшесі Әлия Оразымбетова болды.


Конференцияның негізгі мақсаты – қатысушылардың заманауи цифрлық дағдыларын дамыту, кәсіпкерлік саласындағы білімін арттыру және жаңа технологияларды тиімді қолдану мүмкіндіктерін таныстыру.


Іс-шара барысында жасанды интеллект, кәсіпкерлік, бизнесті цифрландыру, жеке бренд, қаржылық және инвестициялық сауаттылық, әйелдер мен жастарға арналған жаңа мүмкіндіктер, кәсіби бағдар және digital-дағдыларды дамыту мәселелері талқыланды. Сонымен қатар қатысушыларға жасанды интеллект құралдарын практикалық міндеттерді шешуде қолдану бойынша арнайы сессия өткізілді.


«Mangystau Business Talks - IT-Aiel 2026» ұйымдастырушысы Бибігүл Шайхиеваның айтуынша, TechnoWomen Central Asia ұйымының IT Aiel жобасы үш жыл ішінде 21 мыңнан астам қатысушыны қамтыған.


"Биыл жобаның республикалық қорытынды конференциясының Ақтауда өтіп жатқанына қуаныштымын. Мұндай жобаның батыс өңірінде ұйымдастырылуы өңір жастарының заманауи білім мен жаңа технологияларға қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді", – деді Бибігүл Шайхиева.


Іс-шара барысында IT Aiel жобасының серіктестері мен түлектерін марапаттау рәсімі өтіп, жергілікті шеберлер мен қолөнершілердің көрмесі ұйымдастырылды. Сонымен қатар қатысушылар кәсіпті дамыту, технологияларды брендті ілгерілету және жасанды интеллект құралдарын күнделікті жұмыста пайдалану бойынша тәжірибелерімен бөлісті.


Конференция networking-сессиясымен қорытындыланды. Қатысушылар спикерлермен пікір алмасып, жаңа серіктестік байланыстар орнатуға және бірлескен жобаларды талқылауға мүмкіндік алды.

61
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!