«МАЭК» қызметкерлері кәсіби мерекесі қарсаңында марапатталды
«МАЭК» ЖШС-де Атом саласы қызметкерлері күні мен Еңбек күніне арналған салтанатты жиын өтті. Мерекелік жиында кәсіби білімі, жауапкершілігі мен көп жылғы тәжірибесі кәсіпорынның тұрақты жұмысына елеулі үлес қосып келе жатқан мамандардың еңбегі ерекше аталып өтті, деп хабарлайды otpannews.kz.
Жиын барысында «МАЭК» ЖШС қызметкерлері міндеттерін адал атқарып, энергетика саласының дамуына қосқан үлесі үшін марапатталды.
Бірқатар қызметкер Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың атынан берілген Алғыс хаттармен, сондай-ақ «МАЭК» ЖШС бас директоры Кеңес Орақовтың Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарымен марапатталды.
54
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев