Қарақия ауданының әкімі Жетібай ауылындағы бірқатар нысанның жұмысымен танысты
Қарақия ауданының әкімі Жансейіт Қайнарбаев Жетібай ауылына жұмыс сапары барысында бірқатар нысандарды аралап, атқарылып жатқан жұмыстардың барысын зерделеді, деп хабарлайды otpannews.kz.
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, аудан әкімі Жетібай ауылындағы су айдау-жинау бекетіне барып, нысанның қызметімен және жұмыс барысымен танысты. Су жүйесінің тұрақты жұмыс істеуі, тұрғындарды сапалы ауызсумен қамтамасыз ету мәселелеріне назар аударылды.
Сондай-ақ ауылішіндегі абаттандыру жұмыстарының барысы бақыланып, атқарылған жұмыстардың сапасы мен белгіленген жоспарлардың орындалуы қаралды.
Жұмыс сапары барысында күрделі жөндеуден өткен Еділ суын тазарту өндірістік станциясының қазіргі жұмысы да зерделенді. Нысанның техникалық жағдайы мен өндірістік үдерісі жөнінде жауапты мамандардың ақпараты тыңдалды.
Жұмыс қорытындысы бойынша жауапты сала басшылары мен тиісті мекеме өкілдеріне нысандардың тұрақты жұмысын қамтамасыз ету, ауылды таза ұстау, абаттандыру жұмыстарын сапалы жүргізу және анықталған мәселелерді уақытылы шешу бағытында бірқатар нақты тапсырмалар берілді.