Otpan News Logo

Ғалымжан Ниязов Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды

|
24.09.2026 14:36
Ғалымжан Ниязов Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды
Фото: МО әкімдігі

Ғалымжан Ниязов ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша және облыс әкімінің өкімімен Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды otpannews.kz.


Ғалымжан Ниязов 2000 жылы Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Полиграфиялық машиналар мен автоматтандырылған кешендер» мамандығы бойынша, 2008 жылы Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін «Өнеркәсіптік азаматтық құрылыс және қала шаруашылығы» мамандығы бойынша тәмамдаған.


Еңбек жолын 1990 жылы бастап, 2006 жылға дейін түрлі салаларда еңбек етті. Атап айтқанда, «ТұранМұнайГаз» ЖШС директорының орынбасары, «Оңды» ЖШС директоры, «Шебер» ЖШС директорының орынбасары, «Гранд» ЖШС атқарушы директоры қызметтерін атқарды.


- 2006-2008 жылдары Ақтау қаласында Маңғыстау облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасында іс жүргізуші-мұрағатшы, бас маман;


- 2008-2010 жылдары Маңғыстау облысының құрылыс басқармасында бас маман, басқарма басшысының орынбасары; 


- 2013-2014 жылдары Қызылорда облысының құрылыс басқармасында бөлім басшысы және басқарма басшысының орынбасары; 


- 2014 жылы Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы; 


- 2016 жылдың ақпан айынан бастап «СК-Фармация» ЖШС-де бөлім бастығы, директоры; 


- 2017 жылы Маңғыстау облысы әкімінің кеңесшісі; 


- 2017 жылғы 23 қарашадан бастап Ақтау қаласының әкімі; 


- 2020 жылдың маусым айынан бастап Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары; 


Ал 2022 жылғы 16 қыркүйектен бастап осы уақытқа дейін Маңғыстау ауданының әкімі қызметін атқарып келді.

117
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!