Otpan News Logo

Ақтау маңындағы Қаракөлге қоқиқаздар келе бастады

|
28.09.2026 16:33
Ақтау маңындағы Қаракөлге қоқиқаздар келе бастады

Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының Қарақия‑Қаракөл қаумалына Қазақстанның Қызыл кітабына енген қоқиқаздар келе бастады. Қоқиқаздар Ақтаудан бірнеше шақырым жердегі Қаракөлде жылына 2 рет қонақ болады, деп хабарлайды otpannews.kz сайты.  


«Күзгі маусымда қаумал аумағы қоқиқаздар үшін маңызды аялдау орындарының біріне айналады. Қоқиқаздардың маусымдық көшуі - экожүйенің тұрақтылығы мен биоалуантүрліліктің сақталуын көрсетеді. Бұл маусымдық көшу еліміздің табиғатты қорғау бағытында маңызды рөл атқарады»,- дейді мамандар. 


Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы директорының орынбасары Қалдыбай Мамаевтың айтуынша, қызғылт қоқиқаздар көлдегі жәндіктермен, шаянмен және балдырлармен тамақтанады. Оның қызғылт реңкінің құпиясы да осында. 


“Қаракөлде 300-ден астам құс түрі бар. Солардың бірі – қоқиқаз, ол еліміздің қызыл кітабына енген құс. Қоқиқаздың мойны мен аяғы ұзын, имек тұмсығы бар. Жас қоқиқаздың қауырсындары сұр түсті болады. Есейген сайын түсі қызғылт реңке боялады. Маусымында Қаракөлде 15-20 мыңға жуық қоқиқаз келеді”,- деді Қалдыбай Мамаев. 


Қоқиқаздар өңірге жылына 2 рет қонақтайды. Көктемде олар Солтүстік Қазақстандағы “Қорғалжын” қорығына беттейді. Ал күзде Иранға ұшып кетеді. Осы екі нүкте арасында құстар демалып, Қаракөлге аялдайды.

20
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!