Бибісара Асаубаева шахмат Олимпиадасында күміс жүлде иеленді
Шахматтан 16-27 қыркүйек күндері аралығында Өзбекстанның Самарқанд қаласында рекордтық 400-ге жуық команданың қатысуымен өткен Олимпиадада қыздарымыз екінші мәрте қатарынан күміс жүлдеге ие болды, деп жазады otpannews.kz.
Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің мәліметінше, Олимпиаданың шешуші 11-турында Қазақстан әйелдер құрамасы Польшамен кездескен. Осы ойында команда сапынан Елназ Қалиахмет жеңіске жетсе, екінші тақтадағы Алуа Нұрман бірінші мәрте жеңілістің ащы дәмін татты. Бибісара Асаубаева мен Меруерт Камалиденова қарсыластарымен тең түсті. Қорытынды есеп: 2:2.
Айта кетейік, 2024 жылы Мажарстанда өткен шахмат Олимпиадасында да аруларымыз өз тарихында бірінші мәрте күміс жүлдеге ие болған еді.
Әйелдер. 189 команда
1-орын: Қытай – 20 ұпай (9 жеңіс, 2 тең ойын)
2-орын: Қазақстан – 18 ұпай (7 жеңіс, 4 тең ойын)
3-орын: Үндістан - 17 ұпай (7 жеңіс, 3 тең, 1 жеңіліс).
Отандастарымыз қалай ойнады?
1-үстел. 22 жастағы Бибісара Асаубаева — 3 жеңіс, 7 тең
2-үстел. 19 жастағы Алуа Нұрман - 5 жеңіс, 4 тең, 1 жеңіліс.
3-үстел. 21 жастағы Меруерт Камалиденова — 3 жеңіс, 4 тең, 3 жеңіліс
4 үстел. 16 жастағы Елназ Қалиахмет — 7 жеңіс, 1 тең, 1 жеңіліс
Резерв. 16 жастағы Зарина Нұрғалиева — 2 жеңіс, 2 тең, 1 жеңіліс.
Айта кететін жайт, Бибісара Асаубаева 3 Олимпиадада қатарынан жеңіліссіз келе жатыр:
2026 жыл. 3 жеңіс, 7 тең
2024 жыл. 3 жеңіс, 6 тең
2022 жыл. 5 жеңіс, 6 тең.