Otpan News Logo

Маңғыстауда көне мұраға жан бітірген зергер 20 жылда жүздеген жәдігерді жаңғыртты

|
17.02.2026 17:44
Маңғыстауда көне мұраға жан бітірген зергер 20 жылда жүздеген жәдігерді жаңғыртты

Маңғыстауда көне әшекейлерге екінші өмір сыйлап жүрген шебер бар. Облыстық тарихи-өлкетану музейінің зергер-реставраторы Сағидулла Оразов 20 жылдан астам уақыттан бері ұлттық мұраны жаңғыртып келеді, деп хабарлайды otpannews.kz.


Сағидулла Оразов Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейі қорындағы көне зергерлік бұйымдарды реставрациялаумен айналысады. Шебердің айтуынша, кез келген реставрация жұмысы алдымен жәдігерді жан-жақты зерттеуден басталады.


Ең басты қағида – бұйымның түпнұсқалығын сақтау. Егер әшекейдің белгілі бір бөлігі майысып немесе сынып қалса, тек сол зақымданған тұсы ғана қалпына келтіріледі. 

Көне зергерлік бұйымдардың әрқайсысының өзіндік ерекшелігі бар. Сондықтан реставратор әр затқа сәйкес арнайы құралдарды қолданады. Олардың қатарында лупа, микроскоп, пинцет, жұмсақ қылшықты щетка, қысқаштар, таза су, микро наждак және басқа да қажетті жабдықтар бар.


Бір бұйымды толық қалпына келтіруге оның күрделілігіне қарай екі аптадан бір айға дейін уақыт кетеді. Егер жәдігер толық емес күйде табылса, жетіспейтін бөлігін тарихи деректерге сүйене отырып зерттеп, қайта жасау қажет болады. 


«Бұл жұмыс асқан дәлдік пен үлкен төзімділікті талап етеді. Есте ерекше қалған сәттердің бірі – музей қорындағы күміс белдікті қалпына келтіру. Оның жоғалған бөлігін жасап, бастапқы қалпына барынша дәл келтіру ең күрделі кезең болды. Осындай сәттерде мен тек зергер емес, зерттеуші әрі тарихшы ретінде де жұмыс істеймін. Жас зергерлерге бұйымның әсем үйлесімділігі мен ұзақ сақталуына мән беріп, үнемі ізденіп, тәжірибе жинақтау керек дер едім. Шеберлік тек еңбектің арқасында шыңдалады», - дейді Сағидулла Оразов.
289
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!