Otpan News Logo

Ақтаудағы барлардың бірінде орын алған атыс фактісі бойынша қылмыстық іс сотқа жолданды

|
24.08.2026 14:43
Ақтаудағы барлардың бірінде орын алған атыс фактісі бойынша қылмыстық іс сотқа жолданды

Ақтау қаласының прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 293-бабының 3-бөлігімен (атыс қаруын қолданып жасалған бұзақылық) айыпталған қала тұрғынына қатысты қылмыстық істі сотқа жіберді, деп хабарлайды otpannews.kz.


Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, қала барларының бірінде айыпталушы мен келушілердің бірінің арасында жанжал туындаған. Сол кезде айыпталушы атыс қаруын қолданып, жәбірленушіге оқ атқан.


Сотқа дейінгі тергеу нәтижелері бойынша қылмыстық іс сотқа жолданды. Аталған баптың санкциясы 5 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.


"Қылмыстық іс жүргізу заңнамасына және кінәсіздік презумпциясы қағидатына сәйкес, соттың айыптау үкімі заңды күшіне енгенге дейін әрбір тұлға кінәсіз деп есептеледі. Адамның кінәлі екендігі, оның әрекеттерін құқықтық саралау және жаза тағайындау мәселелері сот құзыреттілігіне жатады. Прокуратура қоғамдық тәртіпті бұзуға және азаматтарға қатысты зорлық-зомбылық қолдануға жол берілмейтінін ескертеді. Заңды сақтау, айналасындағылардың құқықтарын құрметтеу, сондай-ақ жанжалдарды шешудің зорлық-зомбылық әдістерінен бас тарту қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздіктің негізі саналады. Азаматтардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін кез келген әрекеттерге жол берілмейді және заңнамада көзделген жауапкершілікке әкеледі", - деп хабарлады прокуратура өкілдері.
31
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!