Otpan News Logo

Ақтауда мектеп аумағы тазартылды

Ақтауда мектеп аумағы тазартылды

Ақтауда №34 жалпы білім беретін мектепте «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында «Таза Қазақстан: жаңа оқу жылына – таза мектеп» атты тазалық шарасы өтті. Іс-шараны Маңғыстау облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасы мен облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы ұйымдастырды, деп хабарлайды otpannews.kz.


Акцияның мақсаты – жаңа оқу жылын таза әрі жайлы ортада бастау, мектеп аумағын абаттандыру және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.


Шара барысында қатысушылар мектеп аумағын қоқыстан тазалап, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын жүргізді.


Мектеп директоры Рысжан Кемелханованың айтуынша, мұндай сенбіліктер қоршаған ортаны таза ұстауға ғана емес, оқушылар мен мектеп ұжымының экологиялық жауапкершілігін арттыруға да ықпал етеді.


Мұндай іс-шаралар арқылы қоршаған ортаны таза ұстаудың маңызын көрсетіп, туған жерге деген жауапкершілік пен жанашырлықты арттыруды көздейміз. Жаңа оқу жылын таза әрі көрікті ортада қарсы алу – баршамызға ортақ міндет, – деді Рысжан Кемелханова.
8
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!