Otpan News Logo

Жаңаөзенде жас сарбаздарға жеке қару табысталды

Жаңаөзенде жас сарбаздарға жеке қару табысталды

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Жаңаөзен қаласында орналасқан 5548 әскери бөлімінде мерзімді әскери қызметшілерге бекітілген штаттық қаруды табыстау рәсімі өтті. Бұл – жас сарбаздардың әскери қызметіндегі маңызды кезеңдердің бірі. Енді олар жеке қарумен қызметтік-жауынгерлік міндеттерді орындауға кіріседі, деп хабарлайды otpannews.kz ҚР Ұлттық ұланының «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Салтанатты шара әскери бөлімнің саптық алаңында барлық әскери рәсімдер сақтала отырып өтті. Қару табыстар алдында бөлім басшылығы әскери қызметшілерге жүктелетін жауапкершіліктің жоғары екенін еске салып, қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау және әскери антқа адал болудың маңызын атап өтті.

Жеке құрамға үндеу жасаған әскери бөлім командирі, подполковник Хамит Бигужин қару алу әр сарбаздың әскери өміріндегі маңызды белес қана емес, мемлекет пен қолбасшылықтың сенімінің белгісі екенін айтты.


Бүгіннен бастап әрқайсыңыз өздеріңізге бекітілген қару үшін жеке жауап бересіздер. Барлығыңызға жүктелген міндеттерді абыроймен орындап, әскери тәртіпті қатаң сақтап, көрсетілген сенімді ақтайды деп сенемін, – деді бөлім командирі.


Ресми бөлім аяқталған соң жас әскери қызметшілерге өздеріне бекітілген қару тапсырылды. Алдағы уақытта олар жауынгерлік даярлығын жетілдіріп, қаруды қолдану дағдыларын меңгеріп, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және маңызды мемлекеттік нысандарды күзету міндеттерін орындауға дайындалады.

Өз әсерімен бөліскен мерзімді әскери қызметші, қатардағы жауынгер Арман Ахметов бұл күннің өміріндегі ең маңызды сәттердің бірі екенін жеткізді.


Бұл күн өмір бойы есімде қалады. Қару алу – қолбасшылықтың бізге жауапты міндеттерді сеніп тапсыратынын білдіреді. Біз осы сенімді ақтау үшін адал қызмет етуге бар күшімізді саламыз, – деді сарбаз.


Салтанатты рәсім жеке құрамның саптық шеруімен аяқталды. Жас ұландықтар үшін штаттық қаруды алу әскери қызметтің жаңа кезеңінің басталғанын білдіреді. Бұл кезең олардан жоғары тәртіпті, кәсібилікті және әскери борышты орындаудағы зор жауапкершілікті талап етеді.


10
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!