Otpan News Logo

Жаңаөзенде есірткі затының заңсыз айналымы анықталды

|
16.02.2026 14:34
Жаңаөзенде есірткі затының заңсыз айналымы анықталды

Жаңаөзенде жедел іздестіру іс-шаралары барысында есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысы бар азамат ұсталды, деп хабарлайды otpannews.kz сайты. 


Тексеру барысында күдіктінің жанынан 4 орама апиын есірткі заты тәркіленді. Сонымен қатар тұрғылықты мекенжайында жүргізілген тінту кезінде тағы 5 орама апиын, электронды таразы, спутниктік байланыс құралы, GPS құрылғысы, дүрбі және ірі көлемдегі ақшалай қаражат алынды.


“2026 жылғы 7 ақпан күні шамамен сағат 18:10-да Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, кинологиялық орталықтың қызметкерлері және «Кира» есімді қызметтік иттің қатысуымен, «Беркут» арнайы жасағының қолдауымен және облыс прокуратурасының үйлестіруімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Жаңаөзен қаласында есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысы бар азамат ұсталды”,- деп хабарлады Полиция департаменті мамандары. 


Сараптама қорытындысына сәйкес, заңсыз айналымнан алынған апиын есірткі затының жалпы салмағы 273,14 граммды құрады.


Медициналық куәландыру нәтижесінде күдіктінің есірткі затын тұтынғаны анықталып, Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 440-1-бабы бойынша әкімшілік хаттама жасалды.


Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабының 2-бөлігімен (есірткі құралдарын ірі мөлшерде заңсыз сақтау немесе өткізу мақсатында сақтау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.


Қазіргі уақытта іс бойынша қажетті жедел-тергеу әрекеттері жүргізілуде.

256
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!