Маңғыстауда «Қазақстан темір жолы» еңбек ұжымы референдумға қатысуды қолдады
Маңғыстауда «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ еңбек ұжымы қызметкерлеріне жаңа Конституция негіздерін түсіндіру мақсатында жиын өтті, деп хабарлайды otpannews.kz.
Кездесуге Ақтау қалалық мәслихатының депутаттары Жанар Жұмашева, Ислам Үсенов, Мұнайлы аудандық мәслихатының төрағасы Берік Билалов, облыстық Коалиция мүшесі Гүлназ Кожербаева, Мұнайлы ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы Чапай Абилов қатысты.
Жиында жаңа Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, құжатта басымдық берілген бағыттар мен негізгі қағидалар, сондай-ақ реформалардың ел мен қоғам үшін маңызы аталып өтті. Сонымен қатар, аталған бағыттағы жұмыстарды үйлестіру мақсатында облыстық коалиция құрылып, өз қызметін бастағаны айтылды.
Кездесуде референдум 15 наурызда өтетіні айтылып, оның маңызы мен Қазақстанның әрбір азаматы дауыс беруге құқылы екені жеткізілді.
Жиын соңында «ҚТЖ» ҰК» АҚ Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесінің директоры Ерназар Ізтұрғанов теміржол саласының ұжымы референдумға белсенді қатысып, бастамаларды қолдайтынын атап өтті.
- Бүгін теміржол еңбек ұжымы қызметкерлеріне жаңа Конституциядағы өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру мақсатында жиын өтті. Ата Заңның 84 пайызы өзгеріске ұшырағаны белгілі болды. Менің ойымша, бұл – өте дұрыс әрі орынды қадам. Себебі енгізіліп жатқан өзгерістердің ішінде отбасыға қатысты мәселелер де қамтылған. Сонымен қатар, қос палаталы парламенттің орнына бір палаталы Парламенттің құрылуы – өте жақсы өзгеріс. Сонымен қатар, Референдум 15 наурызда өтеді деп белгіленіп отыр. Сол себепті барлық жұмысшыларды қатысуға шақырамыз. Өзіміз де қатысамыз және әріптестерімізді бірге болуға үндейміз. Теміржол ұжымы атынан бұл бастаманы қолдайтынымызды білдіреміз, - деді Бекзат Ізтұрғанов.