Otpan News Logo

Маңғыстауда аққу өлекселері табылған соң ауқымды рейд шаралары өтті

|
16.02.2026 10:30
Маңғыстауда аққу өлекселері табылған соң ауқымды рейд шаралары өтті

Маңғыстау облысында Каспий теңізі жағалауында аққулардың өлексесі табылғаннан кейін бірнеше рейдтік іс-шаралар жалғасын тапты, деп жазады otpannews.kz.


«Охотзоопром» ӨБ жедел әрекет ету тобы Бейнеу ормандарының «Есет», «Көлеңкелі» мемлекеттік табиғи қаумалдары инспекторларының және аумақтық инспекция басшысы Ғ. Досатовтың қатысуымен Бейнеу ауданы аумағына біріккен рейд өткізілді. 


Кешенді жұмыстар кезінде киіктердің Үстірт таралымының көп шоғырланған аумақтары қамтылып, 15 мың бас шамасында киік жануары байқалды. 


«Киіктердің жағдайы бірқалыпты, шағылыстан кейінгі текелердің жағдайы жаман емес, өлім-жітімі кездеспеген. Елді мекендерде тұрғындарға жабайы жануарлар дүниесін қорғау, заң бұзушылықтың алдын алу мақсатында үгіт насихат жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда, киіктердің негізгі шоғырланған аумақтарында «Охотзоопром ӨБ» РМҚК-ы, «Есет», «Көлеңкелі» қаумалдары инспекторлары бақылау, қорғау жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп жатыр», - деді Маңғыстау Ошжд Аумақтық Инспекциясының өкілдері. 


Сонымен бірге, жергілікті маңыздағы «Қызылсай» МӨТП-нің аумағына да рейдтік шара өтті. Керті тауы тұсынан және Бесбұлақ маңынан 50-ге жуық арқар көзге түскен.  


Естеріңізе болса, жақында Каспий теңізі жағалауларында аққу құсының өлекселері табылған болатын. Осыдан кейін облыстық ветеринария мамандары сынама алып, лабороторияға жолдағаны мәлім болды. Жағалауда өлген аққуларды жергілікті атқарушы органның тиісті мекемелері арнайы орындарда жойған. Қазіргі таңда облыс аумағында аққу құсының жаппай өлімі тіркелмегені айтылды.

308
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!