Otpan News Logo

Маңғыстау аумағында 15 мың киік шоғырланғаны мәлім болды

|
16.02.2026 11:30
Маңғыстау аумағында 15 мың киік шоғырланғаны мәлім болды

Бейнеу ауданында өңірге киіктердің жаппай ауып келуіне байланысты алдағы кезеңде жүргізілетін рейдтік бақылау жұмыстарын ұйымдастыру барысы пысықталды, деп жазады otpannews.kz.


Кеңеске Жануарлар дүниесін қорғау қызметі мекемесінің басшысы Ербол Жапаров, оның орынбасары Қолқанат Досжанов, сондай-ақ Көлеңкелі және Есет мемлекеттік табиғи қаумалдарының басшылары Жолдыбай Аюпов пен Қанат Серіков қатысты.

 

Іс-шара барысында Бейнеу ауданы аумағына киіктердің жаппай шоғырлануына байланысты табиғатты қорғау және жануарлар дүниесін сақтау бағытындағы бірлескен рейдтік іс-шараларды күшейту, ведомствоаралық өзара іс-қимылды үйлестіру, сондай-ақ жедел әрекет ету тетіктерін нақтылау мәселелері талқыланды.

 

«Кеңестің негізгі мақсаты киіктерді заңсыз аулаудан қорғау шараларының тиімділігін арттыру, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қоршаған ортаны қорғау жұмыстарын күшейтуге бағыттаған. Жұмыс қорытындысы бойынша алдағы рейдтік бақылау мен бірлескен іс-қимыл әрекетін арттыра түсу», - деді ұйымдастырушылар.


Бұған дейін киіктердің Үстірт аумағында көп шоғырланғаны мәлім болып, олардың саны 15 мың бас шамасында екені айтылған еді.  

381
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!