Otpan News Logo

Әбіш Кекілбайұлы атындағы музейде облыстық Коалиция мүшелері жаңа Конституция бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді

|
16.02.2026 11:58
Әбіш Кекілбайұлы атындағы музейде облыстық Коалиция мүшелері жаңа Конституция бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді

Бүгін Ақтауда Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану мұражайында жаңа Конституция негіздері талқыланды. Жиынға облыстық Коалиция мүшелері мен музей қызметкерлері қатысты, деп хабарлайды otpannews.kz сайты. 


Жиынға қатысқан Анар Шамшадинова кездесуде жаңа Конституцияның қабылдануы – ел тарихында қалатын, маңызды кезең екенін атап өтті. 


Жиында музей қызметкерлері де ойларын ортаға салып, жобаны талқылады. Олардың пайымдауынша, бұл бастама – еліміздің жаңа кезеңінің берік іргетасын қалайды. 


“Қазіргі Конституциямыздың қолданыста болғанына 30 жылдан астам уақыт өтті. Жаңа Конституциямызда адам құқықтары, ғылым, білім және мәдениет салаларына баса мән беріліп отыр. Мәдениет саласының қызметкері болғаннан кейін мұндай өзгерістерді бірден байқадым. Сондықтан отандастарымды алда келе жатқан референдумға бей-жай қарамай, өз таңдауларын жасауға шақырамын”,- деді Ә. Кекілбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейінің археология бөлімінің меңгерушісі Нұрбек Түгелбай.
287
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!