Бейнеу полигонында сарбаз оқ жарақатынан көз жұмды
17 ақпанда Маңғыстау облысындағы Бейнеу полигонында жоспарлы далалық атыс жаттығулары кезінде мерзімді әскери қызметші оқ жарақатын алып, оқиға орнында көз жұмды. Қайғылы жағдай Құрлық әскерлерінің «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты бөлімде болған, деп хабарлайды otpannews.kz.
ҚР Қарулы күштері Құрлық әскерлерінің баспасөз қызметінің мәліметке сәйкес, әскери қызметші қаруды пайдалану барысында жарақат алған.
Осы дерек бойынша Батыс өңірінің әскери-тергеу органдары қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы мен себептерін анықтау мақсатында сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі басшысының тапсырмасымен оқиға орнына министрдің орынбасары генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев жетекшілік ететін арнайы комиссия жіберілді, - делінген ҚР Қарулы күштері Құрлық әскерлерінің баспасөз қызметінің хабарламасында.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қолбасшылығы қаза тапқан әскери қызметшінің туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтып, отбасына қолданыстағы заңнамаға сәйкес барлық қажетті көмек көрсетілетінін мәлімдеді.
230
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев