Otpan News Logo

«Адамтас» қаумалында қысқы құстар санағы жүргізілді

|
17.02.2026 11:04
«Адамтас» қаумалында қысқы құстар санағы жүргізілді

«Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркіне қарасты Адамтас мемлекеттік табиғи қаумалы аумағында кезекті рейдтік іс-шара өтті, деп жазады otpannews.kz.

 

Қаумал басшысының міндетін атқарушы Е. Аманқосұлының жетекшілігімен бір топ мемлекеттік инспекторлар және аңтанушы М. Боранбаев қатысқан рейд барысында аумақтың табиғи жағдайы бақылауға алынып, жоспарға сәйкес маусымдық құстарға қысқы санақ жұмыстары жүргізілді.

 

Санақ жұмыстарының негізгі мақсаты – қыстап қалатын және маусымдық құстардың санын анықтау, олардың таралу аймағын бақылау, биологиялық алуантүрліліктің сақталу деңгейін бағалауға бағытталған. Мамандар белгіленген маршруттар бойынша бақылау жүргізіп, тіркелген құстардың түрлік құрамы мен саны есепке алынды.

 

Парк басшысы Мыңберген Қаратауовтың сөзінше, мұндай кешенді жұмыстар табиғи экожүйенің жай-күйін саралауға, сирек кездесетін және қорғауға алынған құстардың популяциясын сақтауға, сондай-ақ алдағы қорғау шараларын тиімді жоспарлауға мүмкіндік береді.

 

«Табиғатты қорғау – баршамызға ортақ міндет. Қысқы санақ жұмыстары бізге құстардың популяциялық ахуалын нақты бағалауға және алдағы кезеңге ғылыми негізделген шешімдер қабылдауға жол ашады. Осындай жүйелі рейдтік шаралар өңіріміздің биоалуантүрлілігін сақтауға үлкен үлес қосады. Өзге қаумалдар 31 наурызға дейін санақ жұмыстарын толық жүргізіп болады», - деп атап өтті М.Қаратауов. 
205
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!