Otpan News Logo

Маңғыстауда әскерилердің қаза болуына байланысты 30-дан астам әскери қызметшіден жауап алынды

|
25.09.2026 10:05
Маңғыстауда әскерилердің қаза болуына байланысты 30-дан астам әскери қызметшіден жауап алынды

Маңғыстау облысында оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза болу фактісі бойынша тергеу амалдары жалғасуда, деп хабарлайды otpannews.kz сайты.


Бас прокуратураның мәліметінше, тергеу барысында оқиға орны тексеріліп, 30-дан астам әскери қызметшіден жауап алынған. Сондай-ақ қажетті құжаттар мен бейнематериалдар тәркіленіп, 12 сараптама тағайындалды.


«Қызметке салғырт қарады деп күдік келтірілген, сондай-ақ метеорологиялық жағдайларды ескере отырып, жеке құрамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тиісті бақылау мен қажетті шаралардың қабылдануын қамтамасыз етпеген, құтқару жұмыстарын тиісінше ұйымдастырмаған, соның салдарынан адамдардың қаза болуына әкеп соққан лауазымды тұлғалар анықталды»,- деді Бас прокуратура. 


Тергеу барлық күдіктілердің әрекеттеріне толық құқықтық баға беріп, оларға қатысты процестік шаралар қабылдайды.

32
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!