Otpan News Logo

Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты қазақстандықтарға ескерту жасалды

|
07.03.2026 11:36
Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты қазақстандықтарға ескерту жасалды

Таяу Шығыста әскери іс-қимылдардың жалғасуына және бірқатар елдердің әуе кеңістігінің жабылуына байланысты Қазақстан азаматтарына қауіпсіздік шараларын күшейту жөнінде ұсыным жасалды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі хабарлады, деп жазады otpannews.kz.


Министрліктің мәліметінше, өңірдегі жағдай толық тұрақтанып, әскери қақтығыстар толық тоқтағанға дейін қазақстандықтарға Таяу Шығыстағы бірқатар мемлекеттерге сапарлаудан бас тарту ұсынылып отыр. Атап айтқанда, Бахрейн, Мысыр, Израиль, Йемен, Иордания, Ирак, Иран, Қатар, Сауд Арабиясы, Кувейт, Ливан, Біріккен Араб Әмірліктері, Оман және Сирия бағыттарына бармау жөнінде ескерту жасалған.


Сонымен қатар, қазіргі уақытта аталған өңірде жүрген Қазақстан азаматтарына жеке қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау, халық көп жиналатын және қауіпті аймақтарға бармау, жергілікті билік органдарының нұсқауларын мұқият орындау ұсынылады. Әсіресе зымырандық қауіп туындаған жағдайда бірден арнайы паналау орындарына немесе қауіпсіз баспаналарға бару қажет екені ескертілді.


Министрлік сондай-ақ шетелдегі қазақстандықтарға Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктерімен, туроператорлармен және әуе тасымалдаушыларымен тұрақты байланыста болуға кеңес береді. Бұл азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қажет болған жағдайда жедел көмек көрсету үшін маңызды.

12
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Будьте в курсе последних новостей!