Өзбекстан бокс мектебінің түлегі Маңғыстау облысының атынан сынға түседі
Ашық дереккөзден
Өзбекстандық боксшы Саят Ілиясов енді халықаралық жарыстарда Қазақстан атынан сайысқа түсетін болды, деп хабарлайды otpannews.kz.
Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясы мәлімдеді. Саят Ілиясов 65 келіде өнер көрсетеді. Сондай-ақ, ол алдағы уақытта ел біріншілігінде Маңғыстау облысының атынан сынға түспек.
«Саят біздің федерацияға қажетті құжаттарды тапсырады. Ел біріншілігінде өзін жақсы қырынан танытып жатса, ұлттық құрамаға шақыру алуы мүмкін. Ол біздің боксшылармен бірге оқу-жаттығу жиындарына қатысты. Енді ол Маңғыстау облысының атынан сайыстарға түсуге мүмкіндік алады», - деді Қазақстан бокс федерациясының атқарушы директоры Рауан Игенев.
Айта кететін жайт, өткен жылы Саят Ілиясов Өзбекстан ұлттық құрамасы сапында әлем чемпионатына қатысқан.
44
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев