Отдел рекламы: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Ақтауда су мен жылу тарифтері қаншалықты көтерілуі мүмкін?

Жанкелді Қаржан
|
08.09.2025 18:40
Ақтауда су мен жылу тарифтері қаншалықты көтерілуі мүмкін?

Бүгін Ақтауда өткен қоғамдық тыңдау кезінде «МАЭК» ЖШС өкілдері жылу энергиясын және суды өндіру мен жеткізу бойынша реттелетін қызметтердің тариф жобаларын ұсынды. Компания мұны өкілдері отын (тауарлық газ) бағасының өсуімен, сондай-ақ статистика деректері бойынша орташа айлық еңбекақыдағы өзгерістермен түсіндірді, деп хабарлайды otpannews.kz.

 

Тыңдау кезінде қазір негізгі жабдықтардың физикалық тозуы жалпы алғанда 80,7%-ды құрайтыны айтылды. 2021 жылдан 2025 жылға дейінгі тарифтер қолданылған кезеңде кәсіпорынның шығыны 23,1 миллиард теңге деңгейінде қалыптасқан. Сонымен қатар бар болғаны бірнеше айдың ішінде газдың бағасы 21 пайызға өсті.

 

Осылайша, «МАЭК»-те қолданыстағы тарифтер, залалсыз өндіріс деңгейіне шығуға мүмкіндік беретін нақты өзіндік құн және жылу энергиясына, ыстық, техникалық және ауызсуға арналған тариф жобалары салыстырылып көрсетілді.

 

Жылу энергиясы

Қолданыстағы тариф – 3 597,77 тг/Гкал

Нақты өзіндік құн – 13 401,84 тг/Гкал

Тариф жобасы – 5 589,12 тг/Гкал

 

Ауызсу

Қолданыстағы тариф – 377,41 тг/текшеметр

Нақты өзіндік құн – 545,17 тг/текшеметр

Тариф жобасы – 419,17 тг/текшеметр

 

Ыстық су

149,58 – 378,61 – 163,71 тг/текшеметр

 

Техникалық су

99,04 – 264,22 – 103,48 тг/текшеметр

 

Облыстық табиғи монополияларды реттеу департаментінде барлық құжаттар толық қаралып, талданатыны, содан кейін тарифтердің өзгеруі бойынша шешім қабылданатыны айтылды.

 

17
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Будьте в курсе последних новостей!