Otpan News
Ақтауда Жолдауды іске асыру мәселелері талқыланды
Otpan News
13:32, 13 қараша 2026

OTPANNEWS.KZ. - Ақтауда Мемлекет басшысының «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру мақсатында білім беру саласы мен этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесу өтті. Жиынға ҚР Ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Т. Қосымбаев, Қазақстан халық кеңесінің мүшесі Р. Аймурзаева, Ақпарат және қоғамдық даму басқармасының басшысы Г. Балғожаева, «Әділет» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының орынбасары Н. Қарасаев, «Берекет-Ф» компаниясының бас директоры З. Фаталиева, қатысты, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.Кездесу барысында Жолдауда белгіленген басым бағыттар, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, білім беру жүйесін жетілдіру және қоғамдық келісімді нығайту мәселелері сөз болды.Мемлекет басшысының Жолдауын түсіндіру жұмыстары орталық мемлекеттік органдардың өкілдерімен және Құрылтай депутаттарымен бірлесіп ұйымдастырылуда. -Мемлекет басшысының «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауында белгіленген басым бағыттарды халыққа кеңінен түсіндіру және оны іске асыру жолдарын талқылау мақсатында өңірде бірнеше жұмыс тобы құрылды. Мемлекет басшысының Жолдауы еліміздің алдағы даму бағыттары мен жаңа тарихи кезеңдегі негізгі міндеттерін айқындайды. Онда көтерілген мәселелерді әр сала өкілдерімен талқылап, халыққа мазмұнын түсіндіру маңызды, - деді «Әділет» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының орынбасары Нұрбек Қарасаев.Сондай-ақ іс-шара аясында ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Тимур Қосымбаев Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген білім беру инфрақұрылымын дамыту және әлеуметтік нысандардың қолжетімділігін арттыру міндеттеріне тоқталды.-Мектептерді күрделі жөндеуден өткізу немесе жаңа нысандар салу үшін ең алдымен тиісті өтінім дайындалуы қажет. Бұл жұмысты облыстық білім басқармасы бастап, құжаттарды әкімдікке ұсынады. Әкімдік арқылы өтінімдер Білім министрлігіне, одан әрі Қаржы министрлігіне жолданады. Өз тарапымыздан бұл бастамаларды қолдауға және тиісті деңгейде көтеруге дайынбыз. Сондықтан жергілікті жерде жобаларды әзірлеп, өтінімдерді уақытылы ұсыну маңызды, - деді Тимур Қосымбаев.Кездесу барысында қатысушылар Жолдауда белгіленген міндеттерді жүзеге асыру, өңірдегі этносаралық келісім мен қоғамдық тұрақтылықты сақтау, этномәдени бірлестіктердің қоғам өміріндегі белсенділігін арттыру мәселелерін талқылады.

Спорт

Маңғыстаулық дзюдошылар Қазақстан чемпионатында үш медаль жеңіп алды
Otpan News
09:43, 5 қараша 2026

Маңғыстаулық дзюдошылар Қазақстан чемпионатында үш медаль жеңіп алды

OTPANNEWS.KZ – 23 жасқа дейінгі жастар арасында дзюдодан Қазақстан чемпионатында Маңғыстау облысының құрамасы үш медаль жеңіп алды.3–4 қараша күндері Жезқазған қаласында өткен ел біріншілігінде Гүлдана Теңгелбаева +78 келі салмақ дәрежесінде алтын медаль иеленді. Ол финалдық кезеңде қарсыластарынан басым түсіп, Қазақстан чемпионы атанды.57 келі салмақта өнер көрсеткен Аружан Сәрсенова финалға дейін жетіп, күміс жүлдегер атанды. Ал 74 келіде сынға түскен Ақниет Қонысбай жарыстың қола жүлдегері болды.

Эксклюзив

Маңғыстаулық Жантілек Нұртілепұлы дзюдодан әлем чемпионатында өнер көрсетті

14:30, 11 қазан 2026

Маңғыстаулық Жантілек Нұртілепұлы дзюдодан әлем чемпионатында өнер көрсетті

Маңғыстаулық суретшілер «рекорд» жасап, 4 метр кенепке сурет салды
Роза Әділханқызы14:34, 24 қыркүйек 2026

Маңғыстаулық суретшілер «рекорд» жасап, 4 метр кенепке сурет салды

Ақшұқыр тұрғыны бағында анар ағашын өсіреді
Роза Әділханқызы14:40, 16 қыркүйек 2026

Ақшұқыр тұрғыны бағында анар ағашын өсіреді

Ақтаулық оқушылар 1 тоннадан астам макулатураны сұрыптауға тапсырды
Роза Әділханқызы15:03, 8 қыркүйек 2026

Ақтаулық оқушылар 1 тоннадан астам макулатураны сұрыптауға тапсырды

Advertisement

YouTube бейнелер

Карта

Қалай баруға болады

9-й микрорайон, 42/1
Актау, Актау городская администрация

Ең жақын аялдама: 9-й микрорайон д.18 (350 м, 4 мин)

Маршрут құру
Otpan News

Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!