Otpan News Logo
Қызылсай паркі аумағында сирек кездесетін азиялық барыс пайда болды
Анонс
Жаңалықты көру →

Қызылсай паркі аумағында сирек кездесетін азиялық барыс пайда болды

Қызылсай мемлекеттік өңірлік табиғи паркінде сирек кездесетін жыртқыш қайта тіркелді, деп хабарлайды otpannews.kz.Қызылсай мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің ғылыми бөлім қызметкерлері жүргізген кезекті далалық зерттеу жұмыстары барысында парк аумағынан алдыңғы азиялық барыс көзге түскен. Бұл азиялық барыстың дене ұзындығы (құйыршығын есептемегенде) - 171 см-ге дейін, ал құйрығының ұзындығы - 106 см-ге дейін, шоқтығының биіктігі - 80 см-ге дейін, салмағы -90 кг- дейін жетеді. Басы үлкен, салыстырмалы түрде қысқа аяқтары және ұзын құйрығы бар ірі, орасан мысық. Қорегі негізі тұяқты жануарлар (үстірт тау қойы, қарақұйрықтар). Аңтанушы маман жануарды табиғи ортасында бақылап, бейнетаспаға түсіріп үлгерді. Айта кету керек, аталған жыртқыш соңғы рет парк аумағында 2025 жылдың шілде айында тіркелген болатын. «Жабайы жануардың араға уақыт салып қайта анықталуы — оның Қызылсай аумағын тұрақты мекендеу ортасы ретінде пайдалана бастағанын көрсетеді. Бұл өз кезегінде табиғи экожүйенің тұрақтылығы мен қорғалатын аумақтың биологиялық алуантүрлілігінің сақталу деңгейінің жоғары екендігін дәлелдейді», - деді парк басшысы Мыңберген Қаратауов. Ғылыми мониторинг жұмыстары алдағы уақытта да жалғасып, сирек және жойылып кету қаупі бар жануарлар түрлерін бақылау жүйелі түрде жүргізілетін болады.

Author AvatarЖанкелді Қаржан

11:20, 4 сәуір 2026

Жарнама бөлімі: +7 (778) 145 90 93

Редакция: +7 (7292) 20 48 42

«Қызылсай» паркінде түз тағыларын санау жұмыстары жалғасады
Анонс
AuthorЖанкелді Қаржан
09:55, 23 наурыз 2026

«Қызылсай» паркінде түз тағыларын санау жұмыстары жалғасады

Наурыз – табиғаттың жаңару мерекесі
Анонс
AuthorOtpan News
12:30, 20 наурыз 2026

Наурыз – табиғаттың жаңару мерекесі

Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында алғашқы қола жүлдеге қол жеткізді
Жаңалықты көру →
19:25, 7 сәуір 2026

Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында алғашқы қола жүлдеге қол жеткізді

Маңғыстауда қазақ күресінен жасөспірімдер арасындағы ел чемпионаты өтеді
Жаңалықты көру →
18:42, 7 сәуір 2026

Маңғыстауда қазақ күресінен жасөспірімдер арасындағы ел чемпионаты өтеді

Маңғыстауда жастардың әлеуетін дамытуға арналған ауқымды бағдарламалар іске асады
Жаңалықты көру →
18:39, 7 сәуір 2026

Маңғыстауда жастардың әлеуетін дамытуға арналған ауқымды бағдарламалар іске асады

Мемлекеттік басқару академиясына оқуға құжат қабылдау басталды
Жаңалықты көру →
18:37, 7 сәуір 2026

Мемлекеттік басқару академиясына оқуға құжат қабылдау басталды

Маңғыстауда 48 құқықтық кабинет жұмыс істейді
Жаңалықты көру →
18:34, 7 сәуір 2026

Маңғыстауда 48 құқықтық кабинет жұмыс істейді

Маңғыстаулық дәрігерлер Ақтау-Астана рейсінде жолаушыға алғашқы көмек көрсетті
Жаңалықты көру →
17:54, 7 сәуір 2026

Маңғыстаулық дәрігерлер Ақтау-Астана рейсінде жолаушыға алғашқы көмек көрсетті

Суық қарудың заңсыз айналымына тосқауыл қою шаралары күшейтілді
Жаңалықты көру →
17:10, 7 сәуір 2026

Суық қарудың заңсыз айналымына тосқауыл қою шаралары күшейтілді

Маңғыстаулық студенттер балабақша бүлдіршіндеріне арнап мультфильм жасап шығарды
Жаңалықты көру →
16:25, 7 сәуір 2026

Маңғыстаулық студенттер балабақша бүлдіршіндеріне арнап мультфильм жасап шығарды

Ақтауда жас өнерпаз ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрінің алғыс хатымен марапатталды
Жаңалықты көру →
16:06, 7 сәуір 2026

Ақтауда жас өнерпаз ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрінің алғыс хатымен марапатталды

Ақтау тұрғыны мемлекеттік органға шағымданғаннан кейін миллион теңгесін қайтарып алды
Жаңалықты көру →
15:10, 7 сәуір 2026

Ақтау тұрғыны мемлекеттік органға шағымданғаннан кейін миллион теңгесін қайтарып алды

Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасының фавориті жеңілісінің себебін түсіндірді
Жаңалықты көру →
12:56, 7 сәуір 2026

Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасының фавориті жеңілісінің себебін түсіндірді

Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасының 4 балуаны жартылай финалға шықты
Жаңалықты көру →
12:44, 7 сәуір 2026

Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасының 4 балуаны жартылай финалға шықты

Елімізде зейнетақы жинағының ең төмен жеткілікті шегі қайта қаралады
Жаңалықты көру →
12:32, 7 сәуір 2026

Елімізде зейнетақы жинағының ең төмен жеткілікті шегі қайта қаралады

Маңғыстау облысы Үндістанмен экономикалық байланысты күшейтпек
Жаңалықты көру →
12:00, 7 сәуір 2026

Маңғыстау облысы Үндістанмен экономикалық байланысты күшейтпек

Олжас Бектенов мемлекеттік органдарға ҚР Конституциясын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарының жүзеге асырылуын қамтамасыз етуді тапсырды
Жаңалықты көру →
11:02, 7 сәуір 2026

Олжас Бектенов мемлекеттік органдарға ҚР Конституциясын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарының жүзеге асырылуын қамтамасыз етуді тапсырды

Маңғыстаудағы «тең мүмкіндік»: Өңірде 10 мыңнан астам ерекше бала қатарластарымен бірге білім алады
Жаңалықты көру →
10:57, 7 сәуір 2026

Маңғыстаудағы «тең мүмкіндік»: Өңірде 10 мыңнан астам ерекше бала қатарластарымен бірге білім алады

Соғыс ардагері Василий Салазкиннің қазасына орай көңіл айту
Жаңалықты көру →
10:24, 7 сәуір 2026

Соғыс ардагері Василий Салазкиннің қазасына орай көңіл айту

Мектепке дейінгі білім берудегі ваучерлік жүйе: Ақтауда кезек саны екі есеге қысқарды
Жаңалықты көру →
10:16, 7 сәуір 2026

Мектепке дейінгі білім берудегі ваучерлік жүйе: Ақтауда кезек саны екі есеге қысқарды

Қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтірудің жаңа тетігі
Жаңалықты көру →
09:50, 7 сәуір 2026

Қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтірудің жаңа тетігі

Ақтаулықтарға кеңес: Жаңбырдан кейін пәтерді немесе үй кіреберісін су басса не істеу керек?
Жаңалықты көру →
09:50, 7 сәуір 2026

Ақтаулықтарға кеңес: Жаңбырдан кейін пәтерді немесе үй кіреберісін су басса не істеу керек?

Advertisement
Маңғыстауда қазақ күресінен жасөспірімдер арасындағы ел чемпионаты өтеді
Жаңалықты көру →
AuthorOtpan News
18:42, 7 сәуір 2026

Маңғыстауда қазақ күресінен жасөспірімдер арасындағы ел чемпионаты өтеді

Маңғыстауда 7-9 сәуір күндері қазақ күресінен 2009-2010 жылдары туған жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы бұқаралық спорт бөлімінің басшысы Жомарт Қобланов айтты.Спикердің айтуынша, чемпионатқа еліміздің 17 облысы мен үш қаласынан 750-ге жуық спортшы қатысады.- Спорттық сайыс «Халық Арена» спорт кешенінде өтеді. Салтанатты ашылу рәсімі 7 сәуір күні сағат 16:00-де өтеді. Спортшылар 18 салмақ дәрежесі бойынша өзара бақ сынайды. Жарысқа 50 төреші төрелік етіп, жеңімпаздаға 72 медаль табысталады, - деді Жомарт Қобланов.Брифинг барысында қазақ күресі және дзюдо бойынша Маңғыстау облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің басшысы Жақсылық Меретжанов спорттық шараның маңызына тоқталып өтті.- Бұл чемпионат - өңіріміз үшін маңызды спорттық оқиға. Жасөспірімдер арасында ұлттық спортты дамытуға, дарынды спортшыларды анықтауға үлкен мүмкіндік береді. Жарыс қорытындысы бойынша әр салмақ дәрежесінде ұлдар мен қыздар арасында І, ІІ және екі ІІІ орын иегерлері анықталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдар мен дипломдармен марапатталады, - деді Жақсылық Меретжанов.Маңғыстау облысы қазақ күресі федерациясының атқарушы директоры Қайрат Бурбасовтың айтуынша, спортшылардың дайындық деңгейі өте жоғары.- Жарысқа қатысатын спортшылардың дайындық деңгейі жоғары. Біз барлық қатысушыларға қолайлы жағдай жасап, чемпионатты жоғары деңгейде өткізуге күш салып отырмыз. Бұл дода жас балуандар үшін үлкен тәжірибе мектебі болмақ, - деді Қайрат Бурбасов.Qazaq kuresi Ассоциациясының спорт менеджері Самырат Әбдірахман жарыс жеңімпаздары болашақта ұлттық құрама сапында өнер көрсетуге мүмкіндік алатынын айтты.- Чемпионат еліміздегі жасөспірімдер арасындағы маңызды іріктеу кезеңдерінің бірі. Мұнда үздік шыққан спортшылар болашақта ұлттық құрама сапында өнер көрсетуге мүмкіндік алады. Спорттық іс-шараны ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті, Qazaq kuresi Ассоциациясы, Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, Қазақ күресі және дзюдо бойынша Маңғыстау облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі бірлесіп ұйымдастырды, - деді Самырат Әбдірахман.

Маңғыстауда жастардың әлеуетін дамытуға арналған ауқымды бағдарламалар іске асады
Жаңалықты көру →
AuthorOtpan News
18:39, 7 сәуір 2026

Маңғыстауда жастардың әлеуетін дамытуға арналған ауқымды бағдарламалар іске асады

Биыл Маңғыстау облысында жастар белсенділігін қолдау бағытында мемлекеттік грант есебінен жеті әлеуметтік жоба жүзеге асырылып, он мыңға жуық жас қамтылады. Жобалар психологиялық қолдау, IT, креативті индустрия, урбанистика, әскери-патриоттық тәрбие және құқықтық мәдениет бағытын қамтиды. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте өңірлік жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Қалампыр Уәзірова айтты.Спикердің айтуынша, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 129 жас кәсіпкерлік негіздеріне оқытылған. Ал skills.enbek.kz платформасында 327 жас онлайн оқытуға жолдама алды.-Жастарға психологиялық қолдау көрсету үшін психологтар ToT форматында оқытылады. Креативті индустрияны дамыту мақсатында әзіл-сықақ ойындарының 2 лигасы ұйымдастырылмақ. IT-саласында жастар үшін «Маңғыстау жастары» мобильді қосымшасы жаңартылып, жасанды интеллектті пайдалану бойынша екі шеберлік сағаты және бес подкаст ұйымдастырылады. Ауыл жастарының урбанистикалық бастамалары үшін алты шағын грант ұсынылады, - деді Қалампыр Уәзірова.Спикердің айтуынша, жастар арасындағы синтетикалық есірткі мен психотропты заттардың таралуын алдын алу мақсатында былтыр іске асырылған «Есірткісіз Маңғыстау» жобасы пилоттық сипатта болды. Биыл жоба жаңғыртылып, кеңейтілген форматта «Сақтан» атауымен қайта іске қосылады. -«Кедергісіз Маңғыстау» және «Сақтан» жобалары арқылы жастар әлеуметтеніп, есірткіге қарсы профилактикалық жұмыстар жүйелі түрде жүргізілетін болады. Биыл «Маңғыстау жастары» тұрғын үй бағдарламасы жалғасын табады. Жергілікті бюджет пен «Отбасы банк» АҚ қолдауымен 69 жас баспаналы болады деп жоспарланған. Сондай-ақ, биыл 15 мыңға жуық жас әлеуметтік қолдауға қол жеткізеді деп жоспарланған,- деді Қалампыр Уәзірова.Сонымен қатар, аймақ жастары арасында пікірсайыс қозғалысын дамытуға бағытталған «Soz Battle» жобасы да жалғасады. Өткен жылы жоба аясында «Caspian CUP» жазғы және күзгі пікірсайыс турнирлері өткізілді.Брифинг барысында спикер республикалық деңгейде тәжірибе алмасу мақсатында Маңғыстау облысы әкімінің кубогы үшін «Mangystau CUP» пікірсайыс турнирі ұйымдастырылып, «Еркін пікір» телевизиялық бағдарламасы көрермен назарына ұсынылғанын жеткізді.12 тамыз - Халықаралық жастар күніне арналған «Aktau Youth Fest» жастар фестивалі өткізіледі. Жоба аясында жастардың шығармашылық, спорттық және волонтерлік қабілеттерін дамытуға бағытталған көптеген іс-шаралар ұйымдастырылады.Брифинг барысында басқарма басшысының орынбасары биыл жастарға арналған фестивальдер мен халықаралық волонтерлік жобаларға тоқталды.-Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Каспий теңізіндегі экожүйені сақтау мақсатында «Caspian Sea Action Week» халықаралық еріктілер апталығы 6-12 тамыз аралығында гибридті форматта ұйымдастырылады. Жобада Ресей, Түрікменстан, Әзербайжан делегациялары, БҰҰ еріктілері және республикалық деңгейдегі эко-еріктілер қатысады, - деді Қалампыр Уәзірова.

Мемлекеттік басқару академиясына оқуға құжат қабылдау басталды
Жаңалықты көру →
AuthorOtpan News
18:37, 7 сәуір 2026

Мемлекеттік басқару академиясына оқуға құжат қабылдау басталды

1 сәуірден бастап ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына 2026-2027 оқу жылына оқуға құжат қабылдау басталды. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Маңғыстау облысы бойынша филиалының директоры Айгүл Демеуова мәлімдеді.Спикердің айтуынша, академияда магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша құжаттарды қабылдау admission.apa.kz ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.Биыл үміткерлер 1 сәуір мен 1 маусым аралығында тіркеліп, өтініш бере алады. Яғни құжат қабылдау процесі екі ай көлемінде жүргізіледі.- Мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында магистратураға 200 адам, ал докторантураға 12 адам қабылданады. Бұрын магистратура бағдарламаларына 120 грант бөлінсе, биыл мемлекеттік грант саны 80-ге артты. Сонымен қатар үміткерлердің функционалдық еңбек өтілін анықтау мақсатында арнайы комиссия құрылатын болады. Жаңа оқу жылында құжаттар 15 білім беру бағдарламасы бойынша қабылданады, - деді Айгүл Демеуова.Сонымен қатар, спикер биыл академияда жаңа «ML-Құқық», «EMBA - Іскерлік әкімшілендіру», «DDPA - Цифрлық мемлекеттік басқару» білім беру бағдарламалары енгізілгенін атап өтті. - Жекелеген білім беру бағдарламаларын ғылыми-педагогикалық бағытқа ауыстыруға байланысты «Мемлекеттік саясат», «Халықаралық қатынастар» және «Экономика» бағдарламалары бойынша оқу мерзімі 1,5 жылдан 2 жылға дейін ұзартылды. Сонымен қатар «Адами ресурстарды басқару» білім беру бағдарламасы «Адами ресурстарды стратегиялық басқару» болып өзгертіліп, оқу мерзімі 1 жылдан 1,5 жылға дейін ұлғайтылды. Ал «Мемлекеттік саясат» магистратура бағдарламасына түсушілер үшін ағылшын тілін меңгергенін растайтын сертификаттың болуы міндетті талап ретінде енгізілді, - деді Айгүл Демеуова.Конкурстық іріктеу 5-19 маусым аралығында өтеді. Ал аналитикалық эссе 5-7 маусым күндері жазылады. Сондай-ақ сұхбат 5-19 маусым аралығында ұйымдастырылады. Алдын ала қабылдау 25 маусымда жарияланып, қорытынды қабылдау 10 шілдеде шығарылады және оқу процесі 1 қыркүйекте басталады.Айта кетейік, конкурстық іріктеу бірнеше кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде үміткерлер аналитикалық эссе жазады, ал екінші кезеңде қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінің бірінде ауызша сұхбат тапсырады. Сұхбат офлайн форматта жеке кабинетте көрсетілген кестеге сәйкес өткізіліп, толықтай бейнежазбаға тіркеледі. Сонымен қатар, докторантура бағдарламаларына түсетін үміткерлер үшін қосымша үшінші кезең ретінде зерттеу жұмысы жоспарының жобасы бағаланады.

Маңғыстауда 48 құқықтық кабинет жұмыс істейді
Жаңалықты көру →
AuthorГүлсезім Әбдіжәлел
18:34, 7 сәуір 2026

Маңғыстауда 48 құқықтық кабинет жұмыс істейді

Өңірде тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған ірі жоба іске асырылуда. Осы бастама аясында 50-ге жуық елді мекенде арнайы «Құқықтық кабинет» жұмысын бастады, деп хабарлайды otpannews.kz сайты.Бұл - әрбір тұрғынның заңгерлік көмекті тегін алуына, сондай-ақ түрлі құқықтық мәселелер бойынша қажетті ақпаратқа қол жеткізуіне арналған ыңғайлы кеңес беру алаңдары.Мұнда азаматтарға қолданыстағы заңнама нормалары түсіндіріліп, құқықтық жағдайларда бағыт-бағдар беруге және өзекті сауалдарға жауап алуға көмек көрсетіледі. Жоба Мемлекет басшысының қоғамдағы құқықтық мәдениетті дамыту және халықтың заңгерлік сауаттылығын арттыру бағытындағы тапсырмасы аясында жүзеге асырылуда. Бұл бастама құқықтық көмекті, әсіресе ауылдық елді мекен тұрғындары үшін қолжетімді етіп, туындаған мәселелерді жедел шешуге мүмкіндік береді деп күтілуде.«Әділет департаменті жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, ауылдық округтар мен елді мекендерде құқықтық кабинеттер ашты. Облыс бойынша 48 кабинет бар. Бұл кабинеттер компьютерлермен, принтерлермен жабдықталып, интернет желісіне қосылған. Осы арқылы тұрғындар e-Otinish ақпараттық жүйесін, eGov порталын пайдалана алады. Сондай-ақ, нормативтік-құқықтық актілермен танысып, тегін заңгерлік көмек алуға мүмкіндігі бар», - деді Маңғыстау облысы Әділет департаментінің бөлім басшысы Айнұр Исақова.

Маңғыстаулық студенттер балабақша бүлдіршіндеріне арнап мультфильм жасап шығарды
Жаңалықты көру →
AuthorРоза Әділханқызы
16:25, 7 сәуір 2026

Маңғыстаулық студенттер балабақша бүлдіршіндеріне арнап мультфильм жасап шығарды

Жасанды интеллект жылына орай "ToonTech: технология мен қиялдың тоғысы" жобасы жүзеге асырылуда. Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінің болашақ мамандары жасанды интеллектіні тиімді қолдана отырып, мектепке дейінгі ұйым балаларына арналған танымдық мультфильмдер дайындап, балабақшаларға ұсынды, деп хабарлайды otpannews.kz сайты. Жобаның басты мақсаты – "Информатика" мамандығы бойынша білім алып жатқан 1–3 курс студенттерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту, оларды тәжірибелік дағдылармен қамтамасыз ету және жасанды интеллект құралдарын тиімді қолдануға үйрету.Сонымен қатар жоба аясында студенттер «Халықаралық волонтерлер жылы» бастамасын негізге ала отырып, 2026 жыл – Жасанды интеллект жылы аясында өз білімдері мен дағдыларын қоғам игілігіне бағыттауда.“Жоба жетекшілері – информатика пәнінің оқытушылары Салтанат Калиева мен Кенжетай Тенизбаева. Ал мен –мультфильмдерге негіз болатын ертегілердің авторымын. Алдағы уақытта жоба аясында жаңа мультфильмдер саны артып, олардың мазмұны кеңейтіледі”,- дейді идея авторы Ләззат Домбаева. Болашақ мамандар ұстаздарының жетекшілігімен тәрбиелік мәні жоғары ертегілер құрастырып, оларды информатика мамандығының еріктілер тобына ұсынып, мультфильм форматында әзірлеуде.Жаңа мультфильмдер ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталып, мектепке дейінгі және бастауыш сынып оқушыларына ұсынылмақ. Қазіргі уақытта дайындалған мультфильмдер Ақтау қаласындағы №4 балабақшаның тәрбиеленушілеріне арнайы көрсетіліп, ұсынылды.Жоба аясында мультфильмдер мазмұны толықтырылып, алдағы уақытта өзге балабақшаларға да ұсынылады.

Ақтауда жас өнерпаз ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрінің алғыс хатымен марапатталды
Жаңалықты көру →
AuthorOtpan News
16:06, 7 сәуір 2026

Ақтауда жас өнерпаз ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрінің алғыс хатымен марапатталды

Ақтауда өнерімен әлеуметтік желіде танылған 4-сынып оқушысы Аниса Таимова ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева атынан арнайы алғыс хатпен марапатталды. Марапатты Маңғыстау облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Нұртас Сали табыстады.Аниса қазіргі таңда Ақтаудағы №17 мектепте білім алады. Мұғалімдерінің айтуынша, ол оқу мен өнерді қатар алып жүрген, үлгерімі жақсы, белсенді оқушылардың бірі.Жас өнерпаздың бұл салаға деген қызығушылығы ерте жастан байқалған. Әжесі Маржан Таимованың айтуынша, Аниса кішкентай кезінен өнерге бейім болып өскен.-Кішкентай кезінен өнерге жақын болды. Мен өзім музыкант болғандықтан, ол үнемі менімен бірге ән айтып, қызығушылық танытатын. Алғашында музыкалық мектепке беріп, нота мен гитараны үйренді. Кейін домбыраға қатысты. Жетекшісі Ізбира Рахметовна оның қабілетін дамытып, қызығушылығын арттырды. Қазір домбыра мен гитарадан бөлек, каратэ үйірмесіне және қосымша сабақтарға қатысады. Болашақта Америкада білім алып, қазақ мектебін ашып, ұстаз болуды қалайды. Осындай жоғары бағалауға ие болып отырғанымызға өте қуаныштымыз. Мұғалімдеріне үлкен алғыс айтамын, - деді Маржан Таимова.

Ақтау тұрғыны мемлекеттік органға шағымданғаннан кейін миллион теңгесін қайтарып алды
Жаңалықты көру →
AuthorГүлсезім Әбдіжәлел
15:10, 7 сәуір 2026

Ақтау тұрғыны мемлекеттік органға шағымданғаннан кейін миллион теңгесін қайтарып алды

Ақтау қаласының тұрғыны жеке емханалардың біріне барып, 1 миллион теңгеге жуық қаражатынан айырылып қала жаздады. Оған арықтауға арналған тегін процедуралар ұсынылған. Оқиға әдеттегі сценарий бойынша болған. Әйелді алдымен сыйлықпен қызықтырып, кейін оның атына несие рәсімдеген, деп хабарлайды otpannews.kz.Бәрі салмақ тастауға арналған аппараттармен өтетін тегін байқау процедурасына шақырудан басталды. Әйелге тегін ем-шара мен кеңес беруге уәде берген.«Клиника қызметкерлері менде артық салмаққа қатысты күрделі мәселелер бар екеніне сендіріп, тез арада емделу курсынан өтуім керек екенін айтты. Олардың құрылғылары ең үздік шешім екенін алға тартты. Мен келісімшартқа қол қойғым келмеді. Бірақ үгіттеу мен психологиялық қысымнан кейін келісуге мәжбүр болдым», - дейді Ақтау тұрғыны.Құжаттар жылдам рәсімделіп, төлем сол жерде несие арқылы жүргізілген. Сонымен қатар, оған биологиялық белсенді қоспалар (ББҚ) берілген. Әйелдің айтуынша, оларды қабылдағаннан кейін жағдайы нашарлап кеткен. Алайда, мәселе мұнымен бітпеді. Қарыз бен клиниканың қысымынан туындаған стресс салдарынан оның денсаулығы сыр беріп, қан қысымы көтеріліп, қалқанша безі аурулары асқынған.Ол процедурадан бас тартпақ болғанда тағы да қиындықтар туындады. Келісімшарт бұзылмады, несие жабылмады. Ал арыз-шағым жауапсыз қалды.Жәбірленуші орын алған жағдайдан кейін Маңғыстау облысының Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне жүгінген. Тексеру жұмыстарының нәтижесінде дау сотқа дейінгі тәртіппен шешіліп, зардап шегушіге 950 000 теңге қайтарылды.«Психологиялық қысым көрсету және несие рәсімдеу арқылы қызмет түрін алу тұтынушылар үшін күрделі мәселе болып отыр. Тұтынушыларды қысыммен құжаттарға қол қоймауға және кез келген қаржылық міндеттемелерді мұқият зерделеуге шақырамыз», - деп ескертті департамент мамандары.

Маңғыстау облысы Үндістанмен экономикалық байланысты күшейтпек
Жаңалықты көру →
AuthorOtpan News
12:00, 7 сәуір 2026

Маңғыстау облысы Үндістанмен экономикалық байланысты күшейтпек

Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Асхат Оралов Қазақстан Республикасындағы Үндістан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Сайлас Тангалмен кездесті. Кездесуде тараптар көлік-логистика, өнеркәсіп, туризм, цифрлық технологиялар және мәдени-гуманитарлық байланыс салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады, деп хабарлайды otpannews.kz.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесуде Асхат Оралов өңірдің әлеуетін таныстырып, елдегі көлік-логистикалық және инвестициялық тораптардың стратегиялық маңызын атап өтті.– Маңғыстау облысы бүгінде Каспий маңындағы стратегиялық даму нүктесі ретінде қалыптасып, Қазақстандағы негізгі логистикалық және инвестициялық хабтардың біріне айналды. Біз Үндістанмен жүйелі әрі ұзақ мерзімді әріптестікке ашықпыз және өнеркәсіп, логистика, туризм, жоғары технологиялық салалар және басқа да бағыттарда бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін барынша қолайлы жағдай жасауға дайынбыз. Маңғыстау облысына инвестиция салуға деген дайындықтарыңыз екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға және бірлескен бастамаларды табысты іске асыруға кең мүмкіндік береді, – деп атап өтті Асхат Оралов.Кездесуде туризм саласын дамытуға да ерекше мән берілді. Өңірдің бірегей табиғаты, киелі нысандары және Каспий теңізіне шығу мүмкіндігі оның халықаралық туризм орталығы ретіндегі әлеуетін арттыра түседі.Үндістан Елшісі Сайлас Тангал Маңғыстау облысының экономикалық және инвестициялық әлеуетіне жоғары баға беріп, үнді тарапының әріптестікті одан әрі нығайтуға және бірлескен жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытатынын жеткізді.Маңғыстау облысы мен Үндістан арасындағы өзара іс-қимыл оң серпін алып, сауда-экономикалық байланыс тұрақты дамып келеді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Маңғыстау облысы мен Үндістан арасындағы сыртқы сауда айналымының көлемі 4,7 млн АҚШ долларына жетті. Қазіргі уақытта өңірде үнді капиталының қатысуымен 19 кәсіпорын жұмыс істейді.

Маңғыстаудағы «тең мүмкіндік»: Өңірде 10 мыңнан астам ерекше бала қатарластарымен бірге білім алады
Жаңалықты көру →
AuthorРоза Әділханқызы
10:57, 7 сәуір 2026

Маңғыстаудағы «тең мүмкіндік»: Өңірде 10 мыңнан астам ерекше бала қатарластарымен бірге білім алады

Маңғыстау облысындағы 10 мыңнан астам ерекше баланың 90%-ы бүгінде қатарластарымен бірге мектеп қабырғасында білім алуда. Өңірде инклюзивті ортаның дамығаны соншалық, мектептердің 95%-ы, колледждердің 93%-ы арнайы балаларды қабылдауға толық дайын, деп хабарлайды otpannews.kz сайты. Маңғыстау облысында 18 жасқа дейінгі 348 340 бала тұрады. Олардың ішінде ерекше білім беруді қажет ететін 10 285 бүлдіршін бар. Оның 3205-і мүгедектігі бар балалар. Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияда (ПМПК) тіркелген балалардың басым бөлігі білім беру ұйымдарына жолданған. Онда олар тек оқып қана қоймай, денсаулығын оңалтып, әлеуметтік бейімделуден өтеді. Бүгінде өңірде 5 ПМПК жұмыс істейді, мұнда жылына 500-ден астам ата-анаға кеңес береді. Сондай-ақ 22 арнайы ұйымда 2400 бала қамтылған(балабақшалар, мектептер, түзету кабинеттері мен оңалту орталығы).Ерекше баламен жұмыс істеу үлкен төзім мен білімді қажет етеді. Сондықтан облыстағы 695 педагогтың жартысынан астамы (55,8%) соңғы үш жылда біліктілігін арттырды. Олардың қатарында 259 олигофренопедагог, 120 логопед, сурдо және тифлопедагогтар бар. Тіпті, үздік мамандарды анықтау үшін арнайы республикалық байқаулар өткізіліп, «Үздік дефектолог», «Үздік логопед» номинациялары бойынша жеңімпаздар марапатталады.Маңғыстау инклюзивті білім беру бойынша еліміздегі алдыңғы қатарлы өңірлердің біріне айналып келеді. Өңірдегі балабақшалардың 80,5%-ы, мектептердің 95,4%-ы, колледждердің 93,3%-ы ерекше балаларды оқытуға бейімделген. Облыс бойынша 166 инклюзивті қолдау кабинеті ашылған. Бұл жерде балалар тек оқып қана қоймай, «Жұлдызай», «Біздің таланттар», «Шексіз шығармашылық» сияқты ірі фестивальдерге дайындалады. 2025 жылдың өзінде 361 бала осындай өнер сайыстарында өздерінің шексіз мүмкіндіктерін дәлелдеді.“Арнайы көмек балаға жақын болуы тиіс. Осы қағидамен соңғы жылдары шалғай аудандарда жаңа орталықтар ашылды. Мысалы түзету кабинеті 2023 жылы Форт-Шевченко қаласында, ал 2024 жылы Боранқұл ауылында ашылды. Жетібай ауылында ПМПК консультациясы 2025 жылы құрылды”,- дейді МО Білім басқармасының Құралай Газимова. Білім беру жүйесінің басты мақсаты – баланың диагнозына емес, оның қабілетіне сену. Әрбір ашылған кабинет пен әрбір білікті маман – ерекше баланың қоғамның толыққанды мүшесі болуына қосылған үлес.

Мектепке дейінгі білім берудегі ваучерлік жүйе: Ақтауда кезек саны екі есеге қысқарды
Жаңалықты көру →
AuthorРоза Әділханқызы
10:16, 7 сәуір 2026

Мектепке дейінгі білім берудегі ваучерлік жүйе: Ақтауда кезек саны екі есеге қысқарды

2025 жылдың шілдесінен бастап Ақтау қаласындағы 164 балабақша ваучерлік қаржыландыруға көшті. Нәтижесінде 1-6 жас аралығындағы балалар кезегі 11 927-ден 5 мыңға дейін, яғни екі еседен астам көрсеткішке азайды, деп хабарлайды otpannews.kz сайты. Бүгінгі таңда қала бойынша ата-аналарға 22 286 ваучер беріліп, мектепке дейінгі білім беру саласындағы ашықтық жаңа деңгейге көтерілді. Мемлекет басшысының реформалары аясында енгізілген бұл жүйе «ақша баламен бірге жүреді» принципін негізге алады. Бұл тетік мектепке дейінгі ұйымдар арасындағы бәсекелестікті арттырып, ата-аналарға таңдау еркіндігін беріп отыр.Қазіргі таңда Ақтау қаласы бойынша барлығы 21 077 баланы қамтитын 164 мектепке дейінгі ұйым (35 мемлекеттік және 129 жекеменшік) жұмыс істейді. 1 жылға жуық уақыт ішінде 2-6 жас аралығындағы кезекте тұрған балалар саны 9 254-тен 3 мыңға дейін төмендеп отыр. Кезекке қою және жолдама алу қызметтері Indigo-24.kz ақпараттық жүйесі арқылы 100% автоматтандырылды. Бұл деректер – жүйенің тиімділігіне дәлел. Бүгінге дейін ата-аналар қолына тиген 22 286 ваучер – бұл бюджет қаражатының мақсатты әрі нақты баланың тәрбиесіне жұмсалып жатқанының дәлелі.Ақтау қаласында сынақтан сәтті өткен бұл тәжірибе алдағы уақытта бүкіл өңірге таратылады.“Жоспарға сәйкес, Маңғыстау облысының барлық аудандары мен қалаларында ваучерлік қаржыландыруды енгізу жұмыстары 2026 жылғы шілде айына жоспарланды”,- деді МО білім басқармасы басшысының орынбасары Құралай Газимова. Жергілікті атқарушы органдардың мәліметінше, бұл қадам мектепке дейінгі тәрбие беру сапасын арттырып қана қоймай, жекеменшік сектордың дамуына да серпін бермек. Мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау шаралары бұдан әрі де жүйелі түрде жалғасады.

Ақтаулықтарға кеңес: Жаңбырдан кейін пәтерді немесе үй кіреберісін су басса не істеу керек?
Жаңалықты көру →
AuthorРоза Әділханқызы
09:50, 7 сәуір 2026

Ақтаулықтарға кеңес: Жаңбырдан кейін пәтерді немесе үй кіреберісін су басса не істеу керек?

Облыстық әкімдіктің чатында үйлері жаңбырдан зардап шеккен қала тұрғындарынан шағымданып жатыр. Тұрғындар су кеткен жерлердің суреттерін жіберіп, не істеу керектігін, қайда жүгіну қажеттігін, жөндеуді кім жүргізуі тиіс екенін және шығынды өтеу мүмкіндігі бар-жоғын сұрап жатыр. Айта кетейік, Ақтауда бірнеше күн бойы жаңбыр жауды, ал болжам бойынша апта соңында тағы да жауын күтілуде, деп хабарлайды otpannews.kz.Су галереяларды, подъездерді басып жатыр, шатырлар мен ішкі конструкциялар бұзылып, пәтерлер де жаңбыр салдарынан зардап шегуде.Мамандар зақымдану сипатына қарай оларды шартты түрде 2 санатқа бөлуге болатынын атап өтті. Алғашқысы – электр сымдары мен кабельдерінің үзілуі нәтижесінде ток соғу қаупі немесе өрт шығу қаупі туындаған кезде. Ал екіншісі – коммуникациялардың зақымдануы салдарынан су ағып, суды тез арада тоқтату қажет болғанда. Мұндай жағдайларда түбіртекте көрсетілген басқарушы компанияның апаттық қызметіне хабарласу керек. Сондай-ақ ел бойынша әр өңірде жұмыс істейтін біріңғай диспетчерлік қызметке (БДҚ) 109 нөмірі арқылы хабарласуға болады.«Қалалық тұрғын үй инспекциясы» ММ басшысы Руслан Жүкеновтің айтуынша, бұл мәселелер заң бойынша қызмет көрсетуші компаниялардың – МИБ (ОСИ), ПИК (КСК) құзыретіне жатады.«Осы аталған қызмет көрсетуші мекемеге жазбаша өтініш қалдыру керек. Қызмет көрсетуші ұйымның мамандары су басқан жер, оның себептері және зақымдану көлемі туралы ақпарат көрсетілетін акті толтыруы тиіс. Ал компания еш әрекет етпесе онда бақылаушы органдарға жүгіну керек»- деп түсіндірді маман.Естеріңізге сала кетейік, тұрғын үй инспекциясы – бұл ТҮКШ саласындағы негізгі қадағалау органы, ол басқарушы компанияларға міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін санкциялар қолдануға уәкілетті.Шағымды электрондық үкімет порталы немесе инспекцияның ресми сайты арқылы беруге болады. Аудандық немесе қалалық әкімдіктердің тиісті бөлімдеріне де жүгінуге болады, бірақ ең оңтайлы шара – жалпықазақстандық 109 жедел желісі.«Егер жеке мүлік зардап шегіп, су пәтерге кіріп, еденді, техниканы бүлдірсе, шатырдан су өтсе – басқарушы компаниядан комиссия шақыру қажет. Ол келгенге дейін су басуды видеоға түсіріп, әртүрлі ракурстан мүмкіндігінше көп фотосурет жасаңыз»,- деп кеңес береді маман.ПИК-тің кінәсін мойындаудан бас тарту тактикасын таңдап, соманы азайтуға тырысуын жоққа шығаруға болмайды – бұл жағдайда шығынды тәуелсіз бағалаудан өткізген дұрыс.«Бағалау компанияларының жұмысы – бұл лицензияланатын қызмет түрі, бірақ бұл үй иесінің мүддесінде ғана»,- дейді Руслан Жүкенов.Егер басқарушы компания асықпаса, онда материалдық шығынды өтеу туралы сотқа дейінгі шағым жолдау орынды.Ең соңғы шара – сот, бірақ бұл басқарушы компаниямен бейбіт түрде келісу мүмкін болмаған жағдайда ғана қолданылады.

Қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтірудің жаңа тетігі
Жаңалықты көру →
AuthorOtpan News
09:50, 7 сәуір 2026

Қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтірудің жаңа тетігі

Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және азаматтардың құқықтарын қорғау – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Осы бағытта Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің 2024–2029 жылдарға арналған даму тұжырымдамасы негізінде азаматтарға бағытталған сервистік мемлекеттік аппарат қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінуде.Қазіргі әлемдік практикада мемлекеттік қызметтің сервистілік және клиентке бағдарлану қағидаттарына негізделген моделі айтарлықтай белсенді дамуда. Мемлекеттік қызметтің сервистілік және клиентке бағдарлану қағидаттарына негізделген моделінің негізінде бір жағынан, ел азаматтарының, екінші жағынан, мемлекеттік қызметтің өзара міндеттемелерін бекітетін нормалар қамтылады.Осыған байланысты, Агенттікпен мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін жетілдіру, азаматтардың құқықтарын қорғау және олардың өтініштерін жедел қарау мақсатында бірқатар нақты шаралар жүзеге асырылуда.Сонымен қатар, адамға бағдарланған сервистік аппарат қалыптастыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердегі ашықтық пен қолжетімділікті қамтамасыз ету және саланы цифрландыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңда мемлекеттік қызмет көрсету саласында цифрлық технологиялардың рөлі айрықша артып келеді. Азаматтардың уақытын үнемдеу, мемлекеттік органдармен байланыс орнатуды жеңілдету және қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында түрлі онлайн платформалар іске қосылуда. Солардың бірі – Telegram мессенджеріндегі “EgovKzBot2.0” бот-платформасы.Аталған цифрлық сервис азаматтарға мемлекеттік қызметтерді алу барысында туындайтын мәселелер бойынша уәкілетті органдармен тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Бот арқылы қызмет алушылар мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қатысты өз ұсыныстары мен пікірлерін білдіріп, туындаған проблемаларды жедел жеткізе алады. Бұл өз кезегінде мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін жетілдіруге және ашықтықты қамтамасыз етуге ықпал етеді.«EgovKzBot2.0» платформасының тағы бір маңызды ерекшелігі – оның қолжетімділігі. Азаматтар кез келген уақытта Telegram арқылы тиісті мемлекеттік органға өтініш немесе шағым жолдай алады. Осылайша, мемлекеттік қызмет көрсету барысында кездесетін кедергілерді жедел анықтап, оларды шешуге мүмкіндік туады.Агенттіктің Маңғыстау облысы бойынша департаменті тарапынан да аталған бот арқылы азаматтармен тұрақты кері байланыс орнату жұмыстары жүргізілуде. 2025 жылдың қорытындысы бойынша 71 қызмет алушымен байланыс орнатылып, олардың өтініштері қаралды. Оның ішінде орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің қызметіне қатысты 66 өтініш, ал жергілікті атқарушы органдардың қызметіне байланысты 5 өтініш қаралған. Нәтижесінде 9 азаматтың бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.Түскен шағымдардың басым бөлігі әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, құқық қорғау және өзге де салалардағы мемлекеттік қызметтерге қатысты болған. Сонымен қатар, кейбір жағдайларда қызмет көрсету барысында кездесетін техникалық ақаулар мен рәсімдеу тәртібіне байланысты мәселелер де анықталды.Азаматтардың өтініштері негізінде Департамент қызметкерлері тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп жұмыс жүргізіп, туындаған мәселелердің шешілуіне ықпал етті. Мәселен, тұрғын үйге қатысты құжаттарды рәсімдеу, әлеуметтік төлемдер алу немесе мемлекеттік қызметтер бойынша ақпараттық жүйелердегі сәйкессіздіктерге байланысты түскен өтініштер қаралып, азаматтарға тиісті түсіндірмелер берілді.Солардың бірі, азамат Е, тұрғылықты пәтерінің техникалық жоспарын өзгерту үшін, «...техникалық мәліметтерін жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесіне енгізу жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспортын сәйкестендіру..» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша, мемлекеттік қызметті ұсынушы мекемеге жүгінгендігін. Алайда, көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесінде берілген құжаттарының қате рәсімделгендігі жөнінде бот арқылы өтініш жолдады.Аталған өтініш негізінде Департамент қызметкерлерінің араласуымен азамат Е-нің пәтерінің техникалық құжаттарының дұрыс нұсқасы ұсынылды.Жалпы алғанда, «EgovKzBot2.0» платформасы – мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы ашықтық пен тиімділікті арттыруға бағытталған маңызды құрал. Бұл жүйе азаматтардың құқықтарын қорғауға, олардың мәселелерін жедел шешуге және мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.Цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы жағдайында мұндай платформалардың маңызы арта түсері анық. Себебі олар мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін халыққа барынша жақындатып, тиімді әрі қолжетімді етуге жол ашады.Егер мемлекеттік қызмет алу барысында қандай да бір қиындықтар туындаса немесе заңбұзушылықтарға тап болсаңыз, EgovKzBot2.0 Telegram-боты арқылы немесе Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментіне жүгінуге болады.Азаматтардың құқықтарын қорғау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.Жұмағұлов Тоқтамыс ҚадошұлыМемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментініңбасшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы

Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында алғашқы қола жүлдеге қол жеткізді
Жаңалықты көру →
AuthorЖанкелді Қаржан
19:25, 7 сәуір 2026

Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында алғашқы қола жүлдеге қол жеткізді

Бішкекте күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының балуаны Нұрсұлтан Тұрсынов үшінші орын үшін белдесуде жеңіске жетті, деп otpannews.kz тілшісі Бішкектен арнайы хабарлайды.87 келіде Нұрсұлтан Тұрсынов қола жүлде үшін белдесуде Түрікменстан балуаны Довлетмурат Байрамовты мерзімінен бұрын жеңді. Белдесудің алғашқы кезеңінде партердегі мүмкіндігін тиімді пайдаланған отандасымыз таблодағы есепті 9:0-ге жеткізді.Осылайша Қазақстан құрамасының мүшесі Нұрсұлтан Тұрсынов Азия чемпионаттарында алтыншы рет жүлде иеленді. Отандық балуан бұған дейін құрлық біріншіліктерінде 1 алтын, 3 күміс және 1 қола жүлдеге қол жеткізген еді.Сондай-ақ, 77 келіде Қазақстан балуаны Қаһарман Қисметов қола жүлде үшін белдесуде өзбекстандық Дониёрхон Накибовке есе жіберді (1:10).Ертең турнирдің үшінші жарыс күнінде Қазақстан балуандары арасынан Алматбек Аманбек (72 кг) финалда Азия чемпионы атағы үшін бозкілемге шығады. Сонымен қатар, Ербол Камалиев (60 кг), Ибрагим Магомадов (82 кг) және Ислам Евлоев (97 кг) қола жүлде үшін күреседі.Сондай-ақ, әйелдер күресі бойынша белдесулер басталады.

Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасының фавориті жеңілісінің себебін түсіндірді
Жаңалықты көру →
AuthorЖанкелді Қаржан
12:56, 7 сәуір 2026

Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасының фавориті жеңілісінің себебін түсіндірді

Бішкекте өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалында қырғыз балуанына есе жіберген Нұрсұлтан Тұрсынов жеңілісінің себебін атады. Грек-рим күресінен 87 келіде сынға түскен ұлттық құрама мүшесі қарсыласының өз жанкүйерлері алдында лас күрескенін алға тартты, деп хабарлайды otpannews.kz тілшісі.«Жартылай финалдық белдесуде қарсыласым баспен ұрып, аяқтан шалып, лас күресті көрсетті. Сондай-ақ партерде есем кетіп, ол тиісті ұпайын иеленіп кетті. Енді ертең қола жүлде үшін күресемін», - деді ҚР ұлттық құрамасының балуаны.Сонымен бірге Нұрсұлтан Тұрсынов финалға шыққан Асан Жанышевпен алғаш рет бозкілемде кездескенін айтты.«Қырғыз балуанымен алғаш рет күрестім. Белдесуде сылбыр болдым деп айта алмаймын. Екеуміз де партерге түсіруге тырыстық, бірақ ойымыз іске аспады. Жанкүйерлердің қырғыз балуанын қатты қолдауы мені еш қобалжытқан жоқ. Жалпы, бәрі ойдағыдай болып жатқан еді. Алайда баспен екі-үш рет ұрғаннан кейін қайта ұмтылғаныммен нәтиже болмады. Сол себепті жеңіс бізге бұйырмады», - деді Нұрсұлтан Тұрсынов.Биылғы Азия чемпионатында 87 келі салмақ дәрежесінде барлығы 11 балуан қатысты. Қазақстан құрамасының мүшесі іріктеу кезеңін ширек финалдан бастап, оңтүстіккореялық Сынхван Лиді 7:1 есебімен жеңген болатын.Айта кетейік, Азия чемпионатының алғашқы жарыс күнінде Қазақстан құрамасынан бес балуан өнер көрсетті. Алайда олардың тек екеуі ғана жүлде үшін күресуге мүмкіндік алды. Бұл ретте Нұрсұлтан Тұрсынов түркіменстандық Давлетмурад Байрамовпен қола жүлде үшін белдеседі, ал 77 келіде Қаһарман Қисметов үшінші орын үшін өзбекстандық Дониёрхон Накибовпен шеберлігін сынайды.

Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасының 4 балуаны жартылай финалға шықты
Жаңалықты көру →
AuthorЖанкелді Қаржан
12:44, 7 сәуір 2026

Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасының 4 балуаны жартылай финалға шықты

Азия чемпионатының екінші жарыс күнінде грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының төрт балуаны жартылай финалдық кезеңге жолдама алды, деп хабарлайды otpannews.kz тілшісі.Олардың қатарында Ербол Камалиев (60 кг), Алматбек Аманбек (72 кг), Ибрагим Магомадов (82 кг) және Ислам Евлоев (97 кг) сынды ұлттық құрама мүшелері бар. Өкінішке қарай, 67 келіде күрескен Бағдат Сабаз алғашқы белдесуінде (1/8 финал) оңтүстіккореялық Чон Ханжеге 4:7 есебімен жол берді.60 келіде Ербол Камалиев Қытай Тайбэйінен келген Су Йонг Суді мерзімінен бұрын жеңді (8:0). Енді ол финал жолдамасы үшін солтүстіккореялық спортшымен күреседі.Ал Алматбек Аманбек (72 кг) қытай балуаны Ли Дунъюйді 3:1 есебімен жеңді. Отандасымыз енді жартылай финалда қырғызстандық танымал балуан Амантұр Исмаиловпен күреседі.82 келіде Ибрагим Магомадов әлем біріншілігінің күміс жүлдегері, өзбекстандық Арам Варданяннан 3:1 есебімен басым түсті. Жартылай финалға шыққан Магомадовтың келесі қарсыласы – Катар балуаны Шахин Бадагимофрад.97 келіде Ислам Евлоев жапониялық Юри Наказатоны мерзімінен бұрын жеңді (8:0). Белдесу барысында қазақстандық балуан бір минут ішінде екі төрт ұпайлық әдісті орындап, келесі кезеңге кедергісіз өтті. Енді Евлоев финалға жолда парсы балуаны Мохаммадхади Саравимен кездеседі.Бұған дейін жарыстың алғашқы күнінде сынға түскен Қаһарман Қисметов (77 кг) пен Нұрсұлтан Тұрсынов (87 кг) қола жүлде үшін күресуге мүмкіндік алған еді.

Бибісара Асаубаева ФИДЕ үміткерлер турнирінде көш бастады
Жаңалықты көру →
AuthorЖанкелді Қаржан
10:42, 2 сәуір 2026

Бибісара Асаубаева ФИДЕ үміткерлер турнирінде көш бастады

Маңғыстаулық шахматшы Бибісара Асаубаева турнир кестесінде көш бастады, деп хабарлайды otpannews.kz. Кипрде әйелдер арасындағы әлем чемпионы атағына үміткерді анықтайтын ФИДЕ үміткерлер додасының үшінші тур қорытындысы бойынша Бибісара Асаубаева турнир кестесінің жоғары сатысына жайғасты. Үшінші турда қытайлық Чжу Цзиньэр мен ақтаулық Бибісара Асаубаева арасындағы партия күрделі әрі тактикалық тартысты өтті. Бұл кездесуде жерлесіміз қарсы шабуылдағы шеберлігін тағы бір рет дәлелдеді. Чжу Цзиньэр мат қаупінен құтылып, ойынды әртүрлі түсті пілдермен эндшпильге жеткізгенімен, Асаубаева артықшылығын жоғары дәлдікпен жүзеге асырып, қарсыласына еш мүмкіндік қалдырмастан жеңіске жетті.Үшінші турдан кейін турнир кестесінде бірінші орынды Бибісара Асаубаева иеленсе, екінші орында ФИДЕ туы астында өнер көрсететін Катерина Лагно тұр. Келесі турда Бибісараның тағы бір қытайлық шахматшы Тан Чжунъимен шеберлік байқасады.

Бейбіт Жұқаев Мексикадағы турнирінің ширек финалына шықты
Жаңалықты көру →
AuthorЖанкелді Қаржан
09:20, 2 сәуір 2026

Бейбіт Жұқаев Мексикадағы турнирінің ширек финалына шықты

Ақтау теннис мектебінің түлегі Бейбіт Жұқаев Сан-Луис Потоси (Мексика) челленджер турнирінің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды otpannews.kz. Қазақпараттың жазуынша, жерлесіміз, әлемнің 353-ракеткасы екінші айналымда әлемнің 387-ракеткасы, канадалық Дэн Мартинмен аса тартысты матч өткізді.Бірінші партияда тай-брейкте Бейбіт басымдылық танытса - 7:6 (7:3), екіншісінде Мартин дәл солай қарымта қайыра алды - 7:6 (8:6).Үшінші, шешуші сетте қазақстандық спортшы 6:4 есебімен кездесуді аяқтады. Екі сағат 57 минутқа созылған бәсекеде Жұқаев 17 эйспен бірге 9 брейк-пойнттың екеуін ғана пайдаланды. Мартин 11 эйс, 1 брейкпен (9 брейк-пойнт) шектелді.Бейбіт Жұқаев жартылай финалға шығу үшін әлемнің 95-інші, осы жарыстың 1-ракеткасы, аустралиялық Джеймс Даквортпен таласады.

15 жастағы қазақстандық футболшы «Барселонамен» келісімшарт жасасты
Жаңалықты көру →
AuthorOtpan News
23:20, 1 сәуір 2026

15 жастағы қазақстандық футболшы «Барселонамен» келісімшарт жасасты

15 жастағы қазақстандық футболшы Кәрім Меңдіқанов «Барселонамен» келісімшарт жасасты. Бұл туралы «Mundo Deportivo» басылымы хабарлады, деп жазады otpannews.kz.«Испанияның балалар мен жасөспірімдер футболы қазақстандық Кәрім Меңдіқановпен келісімшарт жасады. 2011 жылы туған қазақстандық жас футболшы келесі маусымда клубқа қосылады», – делінген басылым жазбасында.Кәрім Меңдіқанов Испанияға 2022 жылы барды. Өткен маусымда ол Каталония лигасында «Серданьола» сапында өнер көрсете бастады.Одан кейін «Сан-Кугатқа» ауысып, тағы бір қадам алға басқан. Онда оң қанаттағы шабуылшы позициясында команданың маңызды ойыншыларының бірі болды. Оның ойыны Испания Премьерасының бірнеше клубының қызығушылығын тудырған. Футболшы «Барселонаның» ұсынысын қабылдаған.

Ақтаулық Илья Васильев Таиландтағы Oceanman жарысында үздік бестікке енді
Жаңалықты көру →
AuthorЖанкелді Қаржан
16:38, 1 сәуір 2026

Ақтаулық Илья Васильев Таиландтағы Oceanman жарысында үздік бестікке енді

Өткен жылы 68 жастағы Илья Васильев Oceanman Aktau жарысына қатысып, өз жас санаты бойынша жеңімпаз атанған болатын. Биыл жерлесіміз Oceanman Krabi-2026 додасында сынға түсті, деп хабарлайды otpannews.kz.Каспий теңізінде өткен Oceanman Aktau жарысы туралы Илья Васильев кездейсоқ білген. Ол бір қолымен 10 км жүзіп, өткен жылы чемпион атанған Қуаныш Асқармен танысып, бірге бірнеше жаттығу да өткізген. Кейін өзі де жарысқа қатысып, өз жас санатында бірінші орын иеленді. Қазір Илья Васильев 68 жаста. Бұрын ол «БН-350» РУ-да бас инженер болып жұмыс істеген. Зейнетке шыққан соң жүзумен айналысып, сүйікті ісі суасты аңшылығына көбірек уақыт бөле бастаған. Ол ауа райына, толқынға және теңіз суының температурасына қарамастан алысқа жүзеді. Ашық суда жүзуден «Oceanman Krabi 2026» жарысы наурыз айының соңында Тайландта өтті. Бұл жарыстарды жүзушілерге арналған марафон деп сеніммен атауға болады. Мұнда толық марафон (10 км), жартылай марафон - Half Oceanman (5 км), Sprint (2 км) және балаларға арналған (Oceankids - 500 метр) қашықтықтары бар. Осы беделді халықаралық жарысқа ақтаулық «морж» та қатысқан еді. Илья Васильевтің айтуынша, басты қиындық судың температурасы болған. «Мен үшін жылы суда жүзу өте қиын болды. Алғашқы километрлерде-ақ жарыстан шығып қаламын деп ойладым. Оның үстіне старт күннің ең ыстық уақытында - сағат үште берілді. Бірақ екінші километрде екінші тыныс ашылып, көптеген жүзушілерді басып оздым. Нәтижесінде бесінші орын алдым. Мен ең жасы үлкен қатысушылардың бірі болдым. Сондай-ақ жарыста 73 жастағы француз, 74 жастағы америкалық 10 км қашықтықта жүзді, ал шамамен 80 жастағы азиялық спортшы менімен бірге 2 км қашықтықта жүзді», - деді ол.Жалпы, бұл жарысқа 50-ден астам елден 522 адам қатысты. Олардың ішінде Қазақстаннан 13 жүзуші барған. Олар бұл сында 5 алтын және 3 күміс медаль иеленді.

Маңғыстаулық дзюдошылар ҚР чемпионатында тағы екі қола еншіледі
Жаңалықты көру →
AuthorРоза Әділханқызы
09:06, 30 наурыз 2026

Маңғыстаулық дзюдошылар ҚР чемпионатында тағы екі қола еншіледі

2011–2012 жылдары туған кіші жасөспірімдер арасында өтіп жатқан дзюдодан Қазақстан Республикасының чемпионатында Маңғыстау облысының спортшылары тағы да жүлделі орындардан көрінді, деп хабарлайды otpannews.kz.Чемпионаттың үшінші күнінде -73 келі салмақта Нұрсат Берен мен +73 келі салмақта Орынбасар Досым қола медальға ие болды. - Бұл – жүйелі дайындық пен жаттықтырушылардың қажырлы еңбегінің жемісі. Спортшыларымыздың әрбір жарыста тәжірибе жинақтап, шеберлігін шыңдап келе жатқаны қуантады. Ел біріншілігінде өңіріміздің кіші жасөспірімдері қоржынға бес медаль салды. Аз жүлде емес. Дегенмен, алдағы жарыстарда бұдан да жоғары нәтижелер көрсетіп, өңір намысын абыроймен қорғайды деп сенеміз. Осы чемпионатқа алғаш қатысып, жүлдеге ілінбей қалған балуандарымыздан да үлкен үміт күтеміз, – деді Маңғыстау облыстық дзюдо федерациясының президенті Айбек Имашев.Айта кетейік, осыған дейін ҚР чемпионатының екінші күнінде 50 келі салмақта Ернұр Жайлыбай мен 48 келіде Инабат Нұртай күміс жүлдегер атанып, 52 келіде Дария Ибраш қола медаль иеленген еді.

Қазақстанда паралимпиадалық спортты қолдау шаралары күшейтіледі
Жаңалықты көру →
AuthorРоза Әділханқызы
14:14, 26 наурыз 2026

Қазақстанда паралимпиадалық спортты қолдау шаралары күшейтіледі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда паралимпиадалық спортты дамытуға жүйелі түрде қолдау көрсету жалғаса беретінін мәлімдеді. Бұл туралы Президент ұлттық паралимпиада құрамасының өкілдерімен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды otpannews.kz.Президент өткен жылы елімізде төрт заманауи инклюзивті спорт кешені іске қосылғанын атап өтті. Оның айтуынша, таяу арада мұндай орталықтар еліміздің басқа да өңірлерінде ашылады. Мемлекет басшысы бұл маңызды іске демеушілердің де белсенді атсалысуы қажеттігіне тоқталды. Ол соңғы жылдары елімізде паралимпиадалық қозғалысты дамытуға ерекше көңіл бөлініп, бұл саланы қаржыландыру көлемі айтарлықтай артқанын еске салды.Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, қазақстандық параспортшылардың қайсарлығы мен мұқалмас ерік-жігері қоғам мен өскелең ұрпақ үшін нағыз үлгі.Ұлттық паралимпиада құрамасының әрбір мүшесі бүкіл әлемге Қазақстанның мүмкіндігі шексіз ел екенін дәлелдеді,- деді Президент.Кездесу соңында Мемлекет басшысы спортшыларды жоғары мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойғанын хабарлап, оларды құттықтады және алдағы уақытта жаңа белестерді бағындыруға тілектестігін білдірді.

Жаңаөзендік футзалшылар ел чемпионатында үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықты көру →
AuthorРоза Әділханқызы
11:03, 26 наурыз 2026

Жаңаөзендік футзалшылар ел чемпионатында үздіктер қатарынан көрінді

Елордада футзалдан әуесқой командалар арасында өткен Қазақстан Республикасының чемпионаты мәресіне жетті. Додада Жаңаөзен қаласының намысын қорғаған «ӨзенЖылу» командасы жүлделі үшінші орынды иеленді, деп хабарлайды otpannews.kz сайты. Қала әкімдігінің баспасөз қызметі баяндағандай, Республикалық деңгейдегі тартысты бәсекеге еліміздің түкпір-түкпірінен 80 команда қатысқан. Маңғыстау облысының атынан Жаңаөзен құрама командасы, “ӨзенМұнайГаз”, “ӨзенЖылу”, және Ақтау қаласының «DFK» командасы қатысып, төрт ұжым да жоғары дайындықтарын көрсетті. Аталған командалардың барлығы топтық кезеңнен сүрінбей өтіп, плей-офф сатысына жолдама алды. Шешуші ойындардың қорытындысы бойынша, «ӨзенЖылу» командасы «Күміс кубок» (Silver Cup) чемпионатындағы бәсекеде үздік ойын көрсетіп, турнирдің қола жүлдегері атанды.

YouTube бейнелер
Тұрғын үйді сатып алу кезінде қандай құжаттарға мән беру керек?
YouTube
Бейнені көру →
15:21, 3 сәуір 2026

Тұрғын үйді сатып алу кезінде қандай құжаттарға мән беру керек?

Жаңа салынған үйлерден пәтер алар кезде құрылыс мекемесінің қандай рұқсат құжаттары болуы қажет? Арзан бағаға бола фундаменті құйылған үйге ақша салмас бұрын қандай құжаттарды тексеру керек және кім үлескер бола алады? Осы сұрақтарға Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының Қала құрылысын бақылауы бөлімі басшысы Аманқосұлы Қуандық жауап берді.

Айбек Имашев: Маңғыстау дзюдосы талай чемпионды түлетеді
YouTube
Бейнені көру →
11:56, 26 наурыз 2026

Айбек Имашев: Маңғыстау дзюдосы талай чемпионды түлетеді

Карта

Қалай баруға болады

9-й микрорайон, 42/1
Актау, Актау городская администрация

Ең жақын аялдама: 9-й микрорайон д.18 (350 м, 4 мин)

Маршрут құру
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!