Otpan News
Ақтауда балалар хоккей мен мәнерлеп сырғанауды тегін үйрене алады
Роза Әділханқызы
14:30, 11 қараша 2026

Ақтауда балалар хоккей мен мәнерлеп сырғанауды тегін үйрене алады

OTPANNEWS.KZ – Ақтау қаласында орналасқан Bauyr Arena мұз кешені «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының қолдауымен жүзеге асқан инвестициялық жобалардың бірі. Заманауи спорт нысаны өңірде хоккей, мәнерлеп сырғанау және басқа да қысқы спорт түрлерін дамытуға мүмкіндік беріп отыр.«Мұз кешенінің құрылысын «Бауыржан ЛТД» ЖШС жүргізді. Жалпы ауданы 22 мың шаршы метрден асатын екі қабатты кешен халықаралық олимпиадалық стандарттарға сәйкес жасалды. Спорт кешенінде кең мұз аренасы, спортшыларға арналған киім ауыстыру бөлмелері, жаттықтырушылар мен төрешілерге арналған кабинеттер және әкімшілік бөлмелер қарастырылған. Сонымен қатар екінші қабатта мұз айдынына панорамалық көрінісі бар кафе орналасқан»,- деді «Бауыржан ЛТД» ЖШС-ның бас директоры Ұлықпан Көбесов. Бүгінде кәсіпорында 44 адам еңбек етеді. Жобаны жүзеге асыру барысында 15 жаңа жұмыс орны ашылған.«Инвестициялық жобаны жүзеге асыру үшін кәсіпорын 450 млн теңге көлемінде кредиттік қаржыландыру тартқан. Жоба «Даму» қорының «Кепілдік қоры 1» және «Өрлеу» бағдарламалары аясында мемлекеттік қолдауға ие болды. Нәтижесінде кешеннің құрылысын іске асыруға және өңірдегі спорт инфрақұрылымын дамытуға мүмкіндік туды»,- деді «Даму» қорының Маңғыстау облысындағы филиал директоры Әлімхан Тілеужанов. Қазір Bauyr Arena базасында балалар мен жасөспірімдерге арналған хоккей және мәнерлеп сырғанау үйірмелері тегін жұмыс істейді. Хоккейге 5–10 жас аралығындағы балалар, ал мәнерлеп сырғанауға 4–7 жас аралығындағы бүлдіршіндер қабылданады.Спорт кешеніндегі үйірмелерде 200-ге жуық бала жаттығады. Сабақтар аптасына бес күн өткізіледі. Ал сенбі, жексенбі күндері тұрғындар спорт кешеніне келіп, конькимен сырғанай алады. Конькиді жалға алып сырғанау құны сағатына – 3000 теңге, өз конькиімен келіп сырғанайтындарға – 2000 теңге.

Спорт

Маңғыстаулық дзюдошылар Қазақстан чемпионатында үш медаль жеңіп алды
Otpan News
09:43, 5 қараша 2026

Маңғыстаулық дзюдошылар Қазақстан чемпионатында үш медаль жеңіп алды

OTPANNEWS.KZ – 23 жасқа дейінгі жастар арасында дзюдодан Қазақстан чемпионатында Маңғыстау облысының құрамасы үш медаль жеңіп алды.3–4 қараша күндері Жезқазған қаласында өткен ел біріншілігінде Гүлдана Теңгелбаева +78 келі салмақ дәрежесінде алтын медаль иеленді. Ол финалдық кезеңде қарсыластарынан басым түсіп, Қазақстан чемпионы атанды.57 келі салмақта өнер көрсеткен Аружан Сәрсенова финалға дейін жетіп, күміс жүлдегер атанды. Ал 74 келіде сынға түскен Ақниет Қонысбай жарыстың қола жүлдегері болды.

Саясат

Қылтима, субұрқақ: Қасым-Жомарт Тоқаев кейбір сөздердің қисынсыз аудармасына қатысты пікір білдірді
Otpan News
15:16, 10 қараша 2026

Қылтима, субұрқақ: Қасым-Жомарт Тоқаев кейбір сөздердің қисынсыз аудармасына қатысты пікір білдірді

OTPANNEWS.KZ. - Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Х құрылтайында сөйлеген сөзінде айтты.«Бірақ жалпы тіліміз басқа іргелес елдердің тілдерімен салыстырғанда әлдеқайда таза деп айтсақ, дұрыс болар. Мысалы, бұрын өте сирек пайдаланған немесе мүлде пайдаланбаған «тұжырымдама, қағидат, жоспар, сыйақы, шәкіртақы, еңбек өтілі, кешенді, әмбебап, жүйелі, тыңайтқыш, жанармай, көгалдандыру, босқын, қырғи-қабақ соғыс, қоқан-лоқы, лаңкестік, есірткі, бітімгерлік күштер, мәмілегер, ғарыш, зымыран, жаһан, ғаламтор, тікұшақ, жасанды сана, пайыз, сынып» сияқты сөздер тілімізде кең қолданыс тапты. Бұл – жақсы дүние. Бірақ әр жақсы құбылыстың шегі болуы керек. Мысалы, «күйсандық (пианино), қылтима (балкон), субұрқақ (фонтан), себезгі (душ), қырыққабат (капуста), үнқағаз (газет), жеделсаты (лифт), желкөз (форточка)» және тағы басқа жасанды сөздердің қажеттілігі екіталай сияқты. Соңғы кезде дінге қатысты көне сөздеріміздің орнына араб сөздерін жиі қолдану сән болып кетті. Мұның да қажеттілігіне күмән бар. Жалпы, осының бәрі – өте өзекті мәселелер, сондықтан кәсіби ғалымдар өздерінің салмақты пікірлерін ортаға салуы қажет. Тіл ғылымына қатысты әмбебап, бәріне қолжетімді цифрлық жүйе әзірлеу маңызды. Бұл міндетті мемлекеттік деңгейде сапалы орындау үшін құрамына кәсіби тіл мамандары, ғалымдар, сарапшылар мен жалпы қоғам өкілдері кіретін арнайы жұмыс тобын құрған жөн деп санаймын. Жұмыс тобының қызметін үйлестіру Президент Әкімшілігіне жүктеледі», деді Президент.

Эксклюзив

Маңғыстаулық Жантілек Нұртілепұлы дзюдодан әлем чемпионатында өнер көрсетті

14:30, 11 қазан 2026

Маңғыстаулық Жантілек Нұртілепұлы дзюдодан әлем чемпионатында өнер көрсетті

Маңғыстаулық суретшілер «рекорд» жасап, 4 метр кенепке сурет салды
Роза Әділханқызы14:34, 24 қыркүйек 2026

Маңғыстаулық суретшілер «рекорд» жасап, 4 метр кенепке сурет салды

Ақшұқыр тұрғыны бағында анар ағашын өсіреді
Роза Әділханқызы14:40, 16 қыркүйек 2026

Ақшұқыр тұрғыны бағында анар ағашын өсіреді

Ақтаулық оқушылар 1 тоннадан астам макулатураны сұрыптауға тапсырды
Роза Әділханқызы15:03, 8 қыркүйек 2026

Ақтаулық оқушылар 1 тоннадан астам макулатураны сұрыптауға тапсырды

Advertisement
YouTube бейнелер
Карта

Қалай баруға болады

9-й микрорайон, 42/1
Актау, Актау городская администрация

Ең жақын аялдама: 9-й микрорайон д.18 (350 м, 4 мин)

Маршрут құру
Otpan News

Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!