Otpan News Logo
«Қызылсай» паркінде түз тағыларын санау жұмыстары жалғасады
Анонс
Жаңалықты көру →

«Қызылсай» паркінде түз тағыларын санау жұмыстары жалғасады

Маңғыстау өңірінде табиғатты қорғау және биоалуантүрлілікті сақтау бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасып жатыр. Осы орайда “Қызылсай” мемлекеттік өңірлік табиғи паркіне қарасты “Тасорпа” мемлекеттік табиғи қаумалы аумағында дәстүрлі көктемгі жануарлар санын есепке алу шаралары ұйымдастырылды, деп хабарлайды otpannews.kz. Маусымдық санақ жұмыстарының басты мақсаты - аймақтағы жануарлар дүниесінің нақты санын анықтап, олардың таралу аумақтарын және табиғи мекендеу ортасының жай-күйін жан-жақты зерделеу. Бұл жұмыстар арнайы әдістемелер негізінде жүргізіліп, дала жағдайында кәсіби мамандардың қатысуымен жүзеге асырылады. Мұндай кешенді зерттеулер табиғи экожүйелердегі өзгерістерді дер кезінде анықтауға мүмкіндік бермек. Сонымен қатар, сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар жануарларды қорғау шараларын күшейтуге негіз қалайды. Жалпы алғанда, көктемгі санақ - өңірдегі экологиялық тепе-теңдікті сақтау жолындағы маңызды қадамдардың бірі. Аталған жұмыстарға парк инспекторлары мен ғылыми қызметкерлері тартылып, жануарлардың іздерін бақылау, фотоқақпан деректерін талдау, визуалды бақылау әдістері кеңінен қолданылды. Парк басшысы Мыңберген Қаратауовтың айтуынша, табиғатты қорғау - тек мемлекеттік мекемелердің ғана емес, барша қоғамның ортақ міндеті. «Көктемгі санақ – табиғаттағы тіршілік тынысын бағамдаудың маңызды кезеңі. Біз үшін әрбір жануар - экожүйенің ажырамас бөлігі. Сондықтан олардың саны мен мекендеу ортасының жағдайын тұрақты бақылауда ұстаймыз. Бұл жұмыстар болашақ ұрпаққа табиғи байлығымызды сақтап жеткізудің кепілі. Қызылсай табиғи паркінің негізгі мақсаты - табиғат пен адам арасындағы үйлесімділікті сақтау», - деді ол. Мамандардың пайымынша, осындай жүйелі бақылаулар мен ғылыми негізделген шаралар өңірдегі табиғи ресурстарды тиімді басқаруға және экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Author AvatarЖанкелді Қаржан

09:55, 23 наурыз 2026

Жарнама бөлімі: +7 (778) 145 90 93

Редакция: +7 (7292) 20 48 42

Наурыз – табиғаттың жаңару мерекесі
Анонс
AuthorOtpan News
12:30, 20 наурыз 2026

Наурыз – табиғаттың жаңару мерекесі

Асар – ағайындықтың,  жылу – жанашырлықтың белгісі
Анонс
AuthorЖанкелді Қаржан
15:25, 17 наурыз 2026

Асар – ағайындықтың, жылу – жанашырлықтың белгісі

Ақтауда есірткі затымен шетел азаматы ұсталды
Жаңалықты көру →
15:58, 26 наурыз 2026

Ақтауда есірткі затымен шетел азаматы ұсталды

Прокуратура Маңғыстауда кәмелетке толмаған жасөспірім ісі бойынша сот шешімін өзгертті
Жаңалықты көру →
14:26, 26 наурыз 2026

Прокуратура Маңғыстауда кәмелетке толмаған жасөспірім ісі бойынша сот шешімін өзгертті

Қазақстанда паралимпиадалық спортты қолдау шаралары күшейтіледі
Жаңалықты көру →
14:14, 26 наурыз 2026

Қазақстанда паралимпиадалық спортты қолдау шаралары күшейтіледі

Алимент бойынша шетелде жүрген әкелердің қарызы елу миллионға жуықтады
Жаңалықты көру →
13:59, 26 наурыз 2026

Алимент бойынша шетелде жүрген әкелердің қарызы елу миллионға жуықтады

Ақтауда коммуналдық мекемеге айыппұл салынып, тариф арзандады
Жаңалықты көру →
13:50, 26 наурыз 2026

Ақтауда коммуналдық мекемеге айыппұл салынып, тариф арзандады

Мемлекеттік кірістер департаменті: “Чекті кассада қалдыру – қауіпті”
Жаңалықты көру →
13:08, 26 наурыз 2026

Мемлекеттік кірістер департаменті: “Чекті кассада қалдыру – қауіпті”

«Миллиондық жеткізілім»
Жаңалықты көру →
12:58, 26 наурыз 2026

«Миллиондық жеткізілім»

Биыл Жаңаөзен қаласында 20 шақырым электр желісі жаңартылады
Жаңалықты көру →
12:11, 26 наурыз 2026

Биыл Жаңаөзен қаласында 20 шақырым электр желісі жаңартылады

Бозжыра шатқалында қандай нысандар бой көтереді?
Жаңалықты көру →
12:10, 26 наурыз 2026

Бозжыра шатқалында қандай нысандар бой көтереді?

Жаңаөзендік футзалшылар ел чемпионатында үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықты көру →
11:03, 26 наурыз 2026

Жаңаөзендік футзалшылар ел чемпионатында үздіктер қатарынан көрінді

Ақтауда жыл соңында жаңа автовокзал пайдалануға беріледі
Жаңалықты көру →
10:41, 26 наурыз 2026

Ақтауда жыл соңында жаңа автовокзал пайдалануға беріледі

Сайын Шапағатов ауылы маңындағы аққулардың өлу фактісі туралы мамандар не деді?
Жаңалықты көру →
14:57, 25 наурыз 2026

Сайын Шапағатов ауылы маңындағы аққулардың өлу фактісі туралы мамандар не деді?

Сайын Шапағатов ауылы маңынан тағы да аққулардың өлексесі табылды
Жаңалықты көру →
12:58, 25 наурыз 2026

Сайын Шапағатов ауылы маңынан тағы да аққулардың өлексесі табылды

Маңғыстаулық оқушылар физика және биология пәндері бойынша республикалық олимпиадада топ жарды
Жаңалықты көру →
12:46, 25 наурыз 2026

Маңғыстаулық оқушылар физика және биология пәндері бойынша республикалық олимпиадада топ жарды

Қазақстанда «Digital Nauryz» қорытындылары жарияланды: миллиондаған құттықтау және мыңдаған онлайн-іс-шара
Жаңалықты көру →
20:53, 24 наурыз 2026

Қазақстанда «Digital Nauryz» қорытындылары жарияланды: миллиондаған құттықтау және мыңдаған онлайн-іс-шара

Робот-көкпар және дрондар арқылы бауырсақ жеткізу: цифрлық Наурыз қазақстандықтарды қалай таңғалдырды
Жаңалықты көру →
20:51, 24 наурыз 2026

Робот-көкпар және дрондар арқылы бауырсақ жеткізу: цифрлық Наурыз қазақстандықтарды қалай таңғалдырды

Астанадағы Наурыз: ЖИ, цифрлық киіз үйлер және миллионға жуық қонақтар
Жаңалықты көру →
20:50, 24 наурыз 2026

Астанадағы Наурыз: ЖИ, цифрлық киіз үйлер және миллионға жуық қонақтар

Алматыдағы цифрлық трансформация: 100 киіз үй және желідегі миллиондаған көрермен
Жаңалықты көру →
20:48, 24 наурыз 2026

Алматыдағы цифрлық трансформация: 100 киіз үй және желідегі миллиондаған көрермен

Байырғы дәстүр мен модерн: Шымкент цифрлық Наурыздың ауқымымен таңғалдырды
Жаңалықты көру →
20:45, 24 наурыз 2026

Байырғы дәстүр мен модерн: Шымкент цифрлық Наурыздың ауқымымен таңғалдырды

Наурыз тойының жаңа моделі: дәстүр мен технология синтезі
Жаңалықты көру →
20:43, 24 наурыз 2026

Наурыз тойының жаңа моделі: дәстүр мен технология синтезі

Advertisement
Ақтауда коммуналдық мекемеге айыппұл салынып, тариф арзандады
Жаңалықты көру →
AuthorOtpan News
13:50, 26 наурыз 2026

Ақтауда коммуналдық мекемеге айыппұл салынып, тариф арзандады

Ақтауда прокуратура актісі бойынша су бұру қызметтерінің тарифі төмендеді, деп хабарлайды otpannews.kz Маңғыстау облысының прокуратурасына сілтеме жасап.«КЖСА» МКК қызметінде жүргізілген тексеру кезінде 30 млн теңгеге тарифтік сметаның орындалмағаны анықталды. Заңға сәйкес бекітілген тарифтік сметаны орындамау - уақытша өтемдік тарифті бекітуге негіз болады.- Прокуратура қабылдаған шаралардың нәтижесінде сарқынды суды бұру қызметінің құны 3%-ға дейін төмендеді, сумен қамтушы кәсіпорынға 3,4 млн теңге айыппұл салынды. 105 мыңнан астам тұтынушының құқығы қорғалды, оның ішінде 1,5 мың кәсіпкерлік субъектісі бар. Азаматтардың құқықтарының сақталуы прокуратураның тұрақты бақылауында, - деді Маңғыстау облысының прокуратурасы.

Мемлекеттік кірістер департаменті: “Чекті кассада қалдыру – қауіпті”
Жаңалықты көру →
AuthorOtpan News
13:08, 26 наурыз 2026

Мемлекеттік кірістер департаменті: “Чекті кассада қалдыру – қауіпті”

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті (МКД) сатып алушыларды дүкеннен берілетін кассалық чектерге бей-жай қарамауға шақырды. Мамандардың айтуынша, қарапайым қағаз қиындысы болып көрінетін бұл қағаз – алаяқтар қолданатын құжат, деп хабарлайды otpannews.kz сайты. Көпшілік кассадағы немесе банкомат қасындағы қоқыс жәшіктеріне чекті тастай салады. Алайда бұл әрекеттің артында үлкен қаржылық тәуекел бар. Департамент өкілдері алаяқтықтың бірнеше кең таралған схемасын атап өтті. Тауар ұрлау: Қаскөйлер сіз қалдырған чекті алып, сол жерде көрсетілген тауарды сөреден алып, оның қорғаныс белгілерін шешіп, дүкеннен шығып кетуі мүмкін. Егер күзет тоқтатса, олар сіздің чегіңізді көрсетіп, тауарды "сатып алғанын" дәлелдейді. Мұндай жағдайда чектің нақты иесі "қылмысқа сыбайлас" ретінде тергеуге ілігуі мүмкін.Сондай-ақ қаржыны қайтару: Дүкен қызметкері қалдырылған чекті пайдаланып, тауарды қайтару рәсімін жасап, ақшаны өз сыбайластарының шотына аудара алады.Одан бөлек жеке деректерді ұрлау: Егер сіз картамен төлем жасасаңыз, чекте аты-жөніңіз бен картаның соңғы төрт саны көрініп тұрады. Алаяқтар осы мәліметтер арқылы сіздің телефон нөміріңізді тауып, өздерін "банк қызметкеріміз" деп таныстырып, сеніміңізге кіруі және шотыңыздағы қаражатты жымқыруы мүмкін.Чекті алу тек қауіпсіздік үшін емес, тұтынушылық құқықты қорғау үшін де маңызды. Заң бойынша тауарды чексіз де қайтаруға болады, бірақ бұл процесс ұзаққа созылып, дәлелдемелерді қажет етеді. Жиі кездесетін жағдайлардың бірі – сөредегі баға мен кассадағы баға екі түрлі болуы мүмкін. Чекті тексеру арқылы сіз артық төлеген ақшаңызды бірден талап ете аласыз. Қалдырылған чектер арқылы басқа адамдар бонустық бағдарламаларға қатысып, сіздің есебіңізден пайда көруі мүмкін.- Чекті тек талап етіп қана қоймай, оны мұқият тексеру қажет. Егер сатушы картамен төлем қабылдаудан бас тартса немесе чек бермесе, бұл — заң бұзушылық"- деп ескертеді МКД мамандары.

Ақтауда жыл соңында жаңа автовокзал пайдалануға беріледі
Жаңалықты көру →
AuthorOtpan News
10:41, 26 наурыз 2026

Ақтауда жыл соңында жаңа автовокзал пайдалануға беріледі

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Ақтау қаласының 36 шағынауданында салынып жатқан автовокзал мен коммуналдық базар нысанының құрылыс жұмысымен танысты, деп хабарлайды otpannews.kz.Маңғыстау облысы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, жауапты мамандар өңір басшысына жобаның жүзеге асырылу кезеңдері туралы баяндады. Жобаны «Актау Авто Склад» ЖШС жеке инвестиция есебінен іске асыруда. Жобаның жалпы құны – 1,5 млрд теңге, толық аяқтау мерзімі 2026 жылдың соңына жоспарланған.Қазіргі таңда жобаның бірінші кезеңі – автовокзал құрылысы жүргізілуде. Жертөле толық аяқталып, бірінші қабат бағандары орнатылған, жалпы орындалу деңгейі 30 пайызды құрайды. Ал екінші кезең – коммуналдық базар құрылысы бойынша жобалық құжаттама әзірленіп, рұқсат алынған, құрылыс алаңы дайындалуда. Базардың жалпы сауда алаңы 1700 шаршы метрді құрайды. Нысанда сауда павильондары, санитарлық тораптар, қоймалар мен автотұрақ қарастырылған.Облыс әкімі жоба өңір үшін маңызды екенін атап өтіп, инвестор тарапына заң аясында қажетті қолдау көрсетілетінін жеткізді. Сонымен қатар бұл бастама қала инфрақұрылымын дамытуға және кәсіпкерліктің өркендеуіне оң әсер ететінін айтты.

Маңғыстау облысы ТЖД әйелдер құрамасы өрт-құтқару спорты бойынша үшінші орын алды
Жаңалықты көру →
AuthorГүлсезім Әбдіжәлел
19:10, 24 наурыз 2026

Маңғыстау облысы ТЖД әйелдер құрамасы өрт-құтқару спорты бойынша үшінші орын алды

Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің әйелдер құрамасы ҚР ТЖМ қысқы чемпионатында үшінші орынды иеленді, деп хабарлайды otpannews.kz.Шығыс Қазақстан облысында өрт-құтқару спорты бойынша Қазақстан Республикасының XXXIV қысқы чемпионаты (ерлер арасында), XII (әйелдер арасында), XI (жасөспірімдер мен юниорлар арасында) жабылу салтанаты өтті. Жарысқа 400-ден астам спортшы қатысты.– Жалпы командалық есептің қорытындысы бойынша Маңғыстау облысы ТЖД құрамасы 3-орынды жеңіп алды. Сонымен қатар, жеке есепте өңір намысын қорғаған Абай Қонысбаев 2-орын иеленді. Жеке және командалық есептің жеңімпаздары медальдармен, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Ал чемпион атанған командаларға «Қазақстандық құтқарушылар қоры» қолдауымен кубоктар табысталды, – деп атап өтті Маңғыстау облысы ТЖД.Үздік өнер көрсеткен спортшылар 2026 жылғы 21–22 сәуір күндері Астана қаласында өтетін Қазақстан Республикасының «Өрт қауіпсіздігі қауымдастығы» кубогына қатысу үшін іріктеледі.

Маңғыстау облысында «Тазару күні» экологиялық акциясы аясында ауқымды сенбілік өтті
Жаңалықты көру →
AuthorЖанкелді Қаржан
14:00, 23 наурыз 2026

Маңғыстау облысында «Тазару күні» экологиялық акциясы аясында ауқымды сенбілік өтті

23 наурыз күні Маңғыстау облысында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы және Наурызнама аясындағы Тазару күніне орай ауқымды сенбілік ұйымдастырылды. Іс-шара барысында өңірдің елді мекендерінде тазалық жұмыстары жүргізіліп, жасыл желектер отырғызылды, деп жазады otpannews.kz өңір әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сенбілікке Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай қатысып, тұрғындарды экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және қоршаған ортаны қорғауға белсенді атсалысуға шақырды. «Наурызмананың Тазару күніне орай өңірде сенбілік жұмыстары өтуде. Наурызда егілген әрбір тал – жаңа өмірдің, жаңарудың белгісі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, әз Наурыз – бұл тазару мен жаңару уақыты, ал тазалық – ең алдымен ойдың, сананың және ниеттің тазалығы. «Таза Қазақстан» бастамасы – жай ғана науқан емес, ол қоғамның өмір салтына айналуға тиіс маңызды құндылық. Сондықтан табиғатты аялау, қоршаған ортаны таза ұстау – әрбір азаматтың күнделікті дағдысына айналуы қажет. Осындай игі істер арқылы біз өскелең ұрпаққа үлгі көрсетіп, туған жерге деген жанашырлықты қалыптастырамыз», – деді облыс әкімі. Акция облыс көлемінде кеңінен қолдау тауып, барлығы үш мыңнан астам адам қатысты. Олардың қаратында мемлекеттік қызметкерлер, қала, аудан тұрғындары, этномәдени бірлестіктер, спортшылар мен еріктілер бар. Қатысушылар елді мекендер аумақтарын тазалап, қоғамдық орындарда абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Сенбілік барысында өңірде 344 ағаш көшеті отырғызылып, жасыл желекті көбейтуге бағытталған жұмыстар атқарылды. Сонымен қатар, тазалық жұмыстарына 76 арнайы техника жұмылдырылып, нәтижесінде 349 тонна қоқыс шығарылды. Жалпы көлемі 69,4 гектар аумақ тазартылып, ретке келтірілді. Сонымен қатар, Экологиялық акция аясында сүңгуірлер Каспий теңізінің жағалау бойынан шамамен 50 метр және көлденең бағытта 500 метрге дейінгі аумақты су асты қоқыстарынан тазартып, теңіз экожүйесін сақтауға бағытталған жұмыстар атқарды. Шара барысында қатысушыларға ыстық шай мен бауырсақ ұсынылып, тазалық жұмыстарына белсенді қатысқан ұжымдар мен жекелеген азаматтарға түрлі номинациялар бойынша арнайы сыйлықтар табысталды. Айта кетейік, мұндай экологиялық шаралар алдағы уақытта да облыстың барлық қала және аудандарында тұрақты түрде жалғасын табады.

Маңғыстаулық студенттер Каспий жағалауында өткен сенбілікке қатысты
Жаңалықты көру →
AuthorЖанкелді Қаржан
13:37, 23 наурыз 2026

Маңғыстаулық студенттер Каспий жағалауында өткен сенбілікке қатысты

Елімізде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы басталды, деп хабарлайды otpannews.kz. Акцияның ұйымдастырылуы Наурызнама онкүндігінің «Тазару күнімен» тұспа-тұс келіп отыр. Шараның мақсаты - су көздерін, бұлақтарды, өзен-көлдер мен теңіз жағалауларын қоқыстан тазарту, жастардың бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыру. «Бұл игі бастамаға еліміздің барлық мектеп оқушылары, колледж студенттері мен ерікті жастар қолдау білдіруде. Акция аясында бұлақтардың көзін ашу және абаттандыру, жағалауларды тұрмыстық қалдықтардан тазарту, табиғатты аялауға бағытталған экологиялық шаралар ұйымдастырылуда», - деп жазылған оқу-ағарту министрлігінің мәліметінде. Маңғыстау облысының студенттері де Каспий теңізінің жағалауында өткен акцияға атсалысты. Шараға қатысушылар қоршаған ортаны таза ұстаудың маңыздылығын атап өтеді. Акцияға алғашқылардың бірі болып Жамбыл облысындағы «Мөлдір бұлақ» оқу-сауықтыру орталығында көктемгі каникулда демалып жатқан оқушылар үлес қосты. Олар бұлақ көзін ашып, маңайын қоқыстан тазалады. Ал, Шымкент қаласының ерікті жастары, колледж студенттері Қошқар ата өзенінің жағалауында сенбілік ұйымдастырды. Айта кетейік, алдағы бір ай ішінде «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы еліміздің басқа өңірлерінде де жалғасын табады.

Маңғыстауда 33 келіден астам есірткі тәркіленді
Жаңалықты көру →
AuthorЖанкелді Қаржан
12:56, 23 наурыз 2026

Маңғыстауда 33 келіден астам есірткі тәркіленді

Маңғыстау облысы аумағында жыл басынан бері есірткі құралдарының заңсыз айналымына қатысты 102 құқықбұзушылық тіркелді, деп жазады otpannews.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Анықталған 102 құқықбұзушылықтың 32-сі қылмыстық сипаттағы жағдайлар болып отыр. Оның ішінде аса ірі көлемде есірткі сақтау бойынша 2 дерек, есірткіні насихаттаудың 1 дерегі, құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсірудің 2 жағдайы және заңсыз айналымға қатысты 5 дерек тіркелген. Бұдан бөлек, 70-тен астам әкімшілік құқықбұзушылық анықталған. Жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында заңсыз айналымнан 33 келіден астам түрлі есірткі заты тәркіленді. Атап айтқанда, Иран аумағынан жеткізілген 28 келіден астам апиын тәркіленіп, осы дерек бойынша екі күдікті ұсталған. Сонымен қатар, марихуана сақтау дерегі бойынша тағы бір күдікті қолға түсіп, одан 3,7 келіден астам есірткі заты алынған. Аталған деректер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Есірткі қылмысының алдын алу мақсатында өңірде 140 граффити-жазу жойылып, интернет кеңістігінде есірткі жарнамаларын анықтау бойынша мониторинг жүргізілді. Нәтижесінде, есірткі дүкендерін насихаттайтын 340 сілтеме бұғатталды. Халықты ақпараттандыру мақсатында 170-тен астам профилактикалық іс-шара ұйымдастырылған.

Ақтаудағы Наурыз думаны өнер жұлдыздарының гала-концертіне ұласты
Жаңалықты көру →
AuthorНұргүл Алясова
21:04, 22 наурыз 2026

Ақтаудағы Наурыз думаны өнер жұлдыздарының гала-концертіне ұласты

Маңғыстауда «Ұлыс күні, қош келдің еліме» атты мерекелік іс-шара гала-концертпен жалғасты. Өнерпаздар мерекелік кеште Наурыз мейрамының сәнін келтіріп, көрерменге ерекше көңіл күй сыйлады, деп хабарлайды otpannews.kz. Концертте танымал өнер жұлдыздары Шираз Нурадинов, Инабат Джуманиязова жанды дауыста ән шырқады. Сахна төрінде Ғаділбек Жаңай, Ақылбек Жеменей көрерменге өзінің үздік әндерін тарту етті.Гала-концерт барысында ұлттық өнер мен заманауи музыканың үйлесімі көрініс тауып, әрбір нөмір көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. «Самұрық» би ансамблі мен халықтық ұжым «Жорға» бишілерінің қойылымдары кештің көркін аша түсті. Жергілікті өнерпаздар Данияр Кенжеғали, Гүлжанар Рафхатқызы, Қарашаш Нысанова, Кәмшат Ізтілеуова, Марат Сафаровтардың жоғары деңгейдегі орындаушылық шеберлігі, әндері жиналған жұртшылыққа ерекше әсер қалдырды. Қалың көрерменге ыстық сәлемін жолдағандардың қатарында Қарақалпақстан Республикасынан келген Лилия Сайлаубаева, «Алтын дауыс» иегері Шынар Болат, Серіжан Масжанов пен Мәдениет саласының үздігі Гүлнара Макина да болды. Мерекелік кешке жиналған ақтаулықтар ән мен жырға қосылып, Наурыздың шаттыққа толы атмосферасын сезінді.Кешке қатысқан тұрғындар «Бүгінгі концерт өте жоғары деңгейде өтті. Осындай мереке көп болсын. Жыл құтты болсын» деп тарқасты.

Наурыз думан: Шетпеде тұрғындарға пәтер кілті мен мекемелерге көлік берілді
Жаңалықты көру →
AuthorНұргүл Алясова
18:34, 22 наурыз 2026

Наурыз думан: Шетпеде тұрғындарға пәтер кілті мен мекемелерге көлік берілді

Шетпе ауылында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі кеңінен тойланып, тұрғындар мен қонақтар мейрамды ерекше көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алды. Мәдениет алаңында өткен іс-шараға ауыл тұрғындары ұлттық киіммен шеру жасап келді. Алаңда ұлттық салт-дәстүр насихатталды, көпшілік концерттік бағдарламаны тамашалады, деп хабарлайды otpannews.kz.Салтанатты шарада аудан әкімі Ғалымжан Ниязов пен ауылдардар келген ақсақалдар жиналған жұртшылықты Наурыз мерекесімен құттықтап, ақжарма тілегін жеткізді.— Құрметті ағайын! Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – жаңару мен жаңғырудың, береке мен бірліктің мерекесі. Әр шаңыраққа құт-береке, молшылық, амандық тілеймін. Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын! Әр күніміз Наурыздай шуақты, ырысты болғай! — деді аудан әкімі.Іс-шарада қазақ халқының салт-дәстүрі дәріптеліп, сахналық қойылымдар арқылы Наурыз мерекесінің мәні мен маңызы кеңінен насихатталды. Сахна төрінде өнерпаздар ән айтып, би билеп, көрермендерге ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлады. Ал спортшылар ұлттық ойындардан сынға түсіп, бағын сынады.Мереке аясында игі істер де назардан тыс қалмады. Ауыл тұрғындары мен жастар бірлесіп ағаш отырғызып, табиғатты қорғауға үлес қосты. Сондай-ақ, әлеуметтік қолдау аясында 12 отбасыға жаңа тұрғын үйдің және ауданға келген мамандарға қызметтік пәтердің кілті табысталып, көпшілік қуанышты сәтке куә болды.Сондай-ақ, «Таза Маңғыстау» мекемесіне 4 арнайы көліктің, «Дария» коммуналдық мекемесіне 2 арнайы техниканың кілті берілді.Ұлттық құндылықтар ұлықталған, береке мен бірлікті нығайтқан іс-шараның соңы мерекелік дастарханға ұласты. Аудан тұрғындары наурыз көже, бауырсақ, құрт пен балқаймақтан дәм татып тарқасты.

Ақтауда Наурыз мерекесінде ұлттық спорт ұлықталды
Жаңалықты көру →
AuthorOtpan News
16:44, 22 наурыз 2026

Ақтауда Наурыз мерекесінде ұлттық спорт ұлықталды

Ақтауда теңіз жағасында Ұлыстың ұлы күні - әз Наурыз мерекесіне орай ұлттық спорт түрлері, оның ішінде қазақ күресі, ләңгі тебу, арқан тартыс және қол күресі бойынша жарыс ұйымдастырылды. Спорттық іс-шараға Атырау, Ақтөбе, Орал қалаларынан және Маңғыстау облысынан спортшылар қатысты, деп хабарлайды otpannews.kz.Қазақ күресінен өткен белдесу ерекше тартысты өтті. 74 келіге дейінгі салмақта Ақтөбе қаласынан келген Сәндібек Теңелбаев бірінші орынды иеленді, екінші орынға Мәди Саулебай тұрақтаса, үшінші орынды Жақсылық Ибадулла еншіледі.Ал +90 келі салмақта маңғыстаулық балуан үздік нәтиже көрсетіп, бірінші орынды Иманғали Оралбаев жеңіп алды, екінші орын Наурызбай Бисенбекке бұйырды, үшінші орынды Жарас Медешов иеленді.- Ұлттық ойындар – халқымыздың рухани мұрасы. Наурыз мейрамы аясында осындай жарыстарды өткізу арқылы біз жас буынды спортқа баулып қана қоймай, ұлттық құндылықтарды дәріптейміз. Бұл іс-шаралар салауатты өмір салтын қалыптастыруға да үлкен үлес қосады, - деді Маңғыстау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бөлім басшысы Жомарт Қобланов.Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге алғыс хат, медаль және арнайы сыйлық табысталды.

Ақтауда Наурыз мерекесінде мәдени-танымдық көрме ұйымдастырылды
Жаңалықты көру →
AuthorOtpan News
16:22, 22 наурыз 2026

Ақтауда Наурыз мерекесінде мәдени-танымдық көрме ұйымдастырылды

22 наурыз – Ұлыстың ұлы күніне орай Ақтауда теңіз жағасында бірқатар мәдени-танымдық көрме ұйымдастырылды. Мерекелік іс-шара аясында Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейі, Отпан тарихи-мәдени кешені, Серікбол Қондыбай атындағы мемориалдық музейі және Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы арнайы көрме ұйымдастырды, деп хабарлайды otpannews.kz.Бұл көрмелердің мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, тарихи мұраны насихаттау, тұрғындар мен қонақтарға халықтың бай мәдениетін таныстыру. Экспозициялар қатарында келушілерге өлке тарихы, рухани мұрасы мен дәстүрлі өнерге қатысты құнды жәдігерлер таныстырылды.Мерекелік іс-шаралар Наурыз мейрамының мазмұнын айшықтап, ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға бағытталды. Сонымен қатар, көрмеде келушілер танымдық әрі рухани тағылым алды.Ғалым Серікбол Қондыбайдың апасы Балсұлу Қондыбай маңғыстаулықтарды Наурыз мерекесімен құттықтап, тұрғындардың ғалым шығармашылығына қызығушылық танытып жатқанын атап өтті.- Баршаңызды Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл көрмеде Серікбол Қондыбайдың картиналары, дизайнерлік жұмыстары және шығармашылығына қатысты түрлі жәдігерлер ұсынылды. Халықтың қызығушылық танытып, оның еңбектерін түсінуге ұмтылып жатқаны бізді қуантады. Тарихты танығыңыз келсе, Серікбол Қондыбайдан бастаңыз,-деді Балсұлу Қондыбай.

Нұрдәулет Қилыбай Мұнайлы тұрғындарымен бірге Наурызды тойлады
Жаңалықты көру →
AuthorМахаббат Нұржанқызы
15:16, 22 наурыз 2026

Нұрдәулет Қилыбай Мұнайлы тұрғындарымен бірге Наурызды тойлады

Ұлыстың ұлы күні – әз Наурыз мейрамында Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай өңір тұрғындарын құттықтап, мерекені Мұнайлы ауданында халықпен бірге атап өтті. Сондай-ақ өңір басшысы №2 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барып, қызмет алушыларды Наурыз мейрамымен құттықтады, деп хабарлайды otpannews.kz Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.– Құрметті жерлестер, ардақты ағайын! Бұған дейін Наурыз мейрамын теңіз жағалауында бірге қарсы алып келсек, биыл ауылдағы ағайынмен бірге атап өтуді жөн көрдік. Өскен, өнген жерімізде қауышып, бір-бірімізбен көрісіп, ақжарма тілектер айту – Наурыздың басты мәні деп білемін. Өздеріңіз білесіздер, әлемде өкінішке қарай жағдай тұрақты емес. Осындай уақытта елімізде бейбіт өмір сүріп, мерекені бірге атап өтіп жатқанымызға шүкір дейміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Мемлекет басшысы атап өткендей, Наурыз – тазару мен жаңарудың бастауы. Бұл – ең алдымен ой мен сана, ниеттің тазалығы. Сондықтан қоғамда тазалық, ұқыптылық, жауапкершілік секілді құндылықтарды қалыптастыру – баршамызға ортақ міндет. Өткен кезеңдерде салт-дәстүріміздің бірқатары кенже қалып, Наурызды кеңінен тойлау тек тәуелсіздік жылдарында қайта жаңғырды. Бүгінде осындай ұлық мерекеде ел болып бір-бірімізге ақ тілек арнап жүргеніміз – үлкен бақыт. Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! Өңіріміз өркендеп, берекесі арта берсін! – деді облыс әкімі.Мұнайлы ауданында өткен «Жаңару мен жақсылықтың жаршысы – Наурыз!» атты мерекелік шараға шамамен 8 мыңға жуық көрермен қатысып, ұлттық нақышта безендірілген алаңда 11 киіз үй тігілді.Мерекелік бағдарлама театрландырылған қойылыммен басталып, шара аясында «Бір ауыл – бір өнім» жобасы бойынша жәрмеңке ұйымдастырылды. Онда жергілікті кәсіпкерлер кондитерлік өнімдер, бал және ара шаруашылығы өнімдері, кептірілген жемістер, ет өнімдері, сабыннан жасалған гүлдер мен түрлі қолөнер бұйымдарын ұсынды. Сондай-ақ ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстар өтіп, қазақ күресі, асық ату, ләңгі тебу, қол күрес секілді ойындардан турнирлер ұйымдастырылды.Мерекелік бағдарламада аудан өнерпаздары мен шығармашылық ұжымдар концерт қойып, ұлттық әндер мен билер орындалды. Бұдан бөлек «Ұлттық киім – ұлт мәдениетінің жарқын көрінісі» атты аудандық әжелер байқауы өтіп, қазақтың салт-дәстүрі мен ұлттық киім үлгілері кеңінен насихатталды.Сонымен қатар облыс әкімі мереке аясында №2 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына арнайы барып, қызмет алушыларды Наурыз мейрамымен құттықтады. Іс-шара барысында қызмет алушыларға Наурыз көже ұсынылып, олар орталықта ұйымдастырылған концерттік бағдарламаны тамашалады. Өңір басшысы Нұрдәулет Қилыбай қарттарға зор денсаулық пен амандық тіледі және мерекені бірлікте тойлап жатқанымыздың үлкен бақыт екенін атап өтті.Бүгінде №2 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында ерекше күтімді қажет ететін 100-ден астам қартқа әлеуметтік, медициналық және тұрмыстық қызметтер кешенді түрде көрсетіледі.Айта кетейік, биыл Маңғыстау облысында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы кең көлемде аталып өтуде. Ақтау қаласының теңіз жағалауында ұйымдастырылған мерекелік іс-шаралар ұлттық дәстүр мен заманауи форматты үйлестіріп, тұрғындар мен қала қонақтарына ерекше көңіл-күй сыйлауда. Мереке аясында жағалауда 30 киіз үй тігіліп, этноауыл, қолөнершілер жәрмеңкесі мен ұлттық ойындар ұйымдастырылды. Сонымен қатар «Digital Nauryz» жобасы ұсынылып, заманауи цифрлық мүмкіндіктер таныстырылды. Амфитеатр сахнасында театрландырылған қойылымдар мен концерттік бағдарламалар өтіп, белгілі өнерпаздар өнер көрсетті.

Қазақстанда паралимпиадалық спортты қолдау шаралары күшейтіледі
Жаңалықты көру →
AuthorРоза Әділханқызы
14:14, 26 наурыз 2026

Қазақстанда паралимпиадалық спортты қолдау шаралары күшейтіледі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда паралимпиадалық спортты дамытуға жүйелі түрде қолдау көрсету жалғаса беретінін мәлімдеді. Бұл туралы Президент ұлттық паралимпиада құрамасының өкілдерімен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды otpannews.kz.Президент өткен жылы елімізде төрт заманауи инклюзивті спорт кешені іске қосылғанын атап өтті. Оның айтуынша, таяу арада мұндай орталықтар еліміздің басқа да өңірлерінде ашылады. Мемлекет басшысы бұл маңызды іске демеушілердің де белсенді атсалысуы қажеттігіне тоқталды. Ол соңғы жылдары елімізде паралимпиадалық қозғалысты дамытуға ерекше көңіл бөлініп, бұл саланы қаржыландыру көлемі айтарлықтай артқанын еске салды.Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, қазақстандық параспортшылардың қайсарлығы мен мұқалмас ерік-жігері қоғам мен өскелең ұрпақ үшін нағыз үлгі.Ұлттық паралимпиада құрамасының әрбір мүшесі бүкіл әлемге Қазақстанның мүмкіндігі шексіз ел екенін дәлелдеді,- деді Президент.Кездесу соңында Мемлекет басшысы спортшыларды жоғары мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойғанын хабарлап, оларды құттықтады және алдағы уақытта жаңа белестерді бағындыруға тілектестігін білдірді.

Жаңаөзендік футзалшылар ел чемпионатында үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықты көру →
AuthorРоза Әділханқызы
11:03, 26 наурыз 2026

Жаңаөзендік футзалшылар ел чемпионатында үздіктер қатарынан көрінді

Елордада футзалдан әуесқой командалар арасында өткен Қазақстан Республикасының чемпионаты мәресіне жетті. Додада Жаңаөзен қаласының намысын қорғаған «ӨзенЖылу» командасы жүлделі үшінші орынды иеленді, деп хабарлайды otpannews.kz сайты. Қала әкімдігінің баспасөз қызметі баяндағандай, Республикалық деңгейдегі тартысты бәсекеге еліміздің түкпір-түкпірінен 80 команда қатысқан. Маңғыстау облысының атынан Жаңаөзен құрама командасы, “ӨзенМұнайГаз”, “ӨзенЖылу”, және Ақтау қаласының «DFK» командасы қатысып, төрт ұжым да жоғары дайындықтарын көрсетті. Аталған командалардың барлығы топтық кезеңнен сүрінбей өтіп, плей-офф сатысына жолдама алды. Шешуші ойындардың қорытындысы бойынша, «ӨзенЖылу» командасы «Күміс кубок» (Silver Cup) чемпионатындағы бәсекеде үздік ойын көрсетіп, турнирдің қола жүлдегері атанды.

Маңғыстауда кіші жасөспірімдер арасында үздік дзюдошылар анықталды
Жаңалықты көру →
AuthorМахаббат Нұржанқызы
19:18, 15 ақпан 2026

Маңғыстауда кіші жасөспірімдер арасында үздік дзюдошылар анықталды

2011–2012 жылы туған кіші жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында Маңғыстау облысының чемпионаты өтті. Екі күнге созылған дүбірлі додада 650 жас спортшы татамиге шығып, өзара мықтыларды анықтады, деп хабарлайды otpannews.kz.Жас балуандар татамиде жоғары қарқын көрсетіп, әр белдесуде шеберлігі мен табандылығын дәлелдеді. Нәтижесінде 17 салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, салтанатты түрде марапатталды.Чемпионат қорытындысы бойынша І және ІІ орын иегерлері наурыз айында Қарағанды қаласында өтетін Қазақстан Республикасы чемпионатына жолдама алды.Жыл санап жасөспірімдер арасында дзюдо спортына қызығушылық артып келеді. Былтыр облыс біріншілігіне 300-ге жуық балуан қатысса, биыл олардың саны 650-ге жетті. Бұл – біз үшін қуанышты көрсеткіш. Ел біріншілігінде облыс намысын қорғайтын жас чемпиондарымызға сәттілік тілейміз, - деді Маңғыстау облыстық дзюдо федерациясының президенті Айбек Имашев.

Бауыржан Нарбаев Линц Гран-приінде күреседі
Жаңалықты көру →
AuthorЖанкелді Қаржан
14:53, 11 ақпан 2026

Бауыржан Нарбаев Линц Гран-приінде күреседі

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) 6-8 наурыз аралығында Австрияның Линц қаласында өтетін Гран-при кезеңіне қатысатын спортшылардың алдын ала тізімін жариялады, деп хабарлайды otpannews.kz.Аталған байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасы да бақ сынайды. Төменде ұлттық құраманың алдын ала тізімі берілген.Ерлер60 келіге дейін: Аман Бақытжан, Шерзод Давлатов66 келіге дейін: Ғұсман Қырғызбаев, Бауыржан Нарбаев73 келіге дейін: Дастан Шаяхметов, Есет Қуанов81 келіге дейін: Абылайхан Жұбаназар, Әділет Алмат90 келіге дейін: Айдар Арапов, Нұржан Бейсенов, 100 келіге дейін: Марат Байқамұров, Нұрлыхан Шархан100 келіден жоғары: Ғалымжан Қырықбай, Еламан Ерғалиев.Әйелдер48 келіге дейін: Әбиба Әбужақынова, Диана Бүркеева52 келіге дейін: Меруерт Сәрсенова, Аружан Ережепова57 келіге дейін: Дана Әбдірова, Дина Мұханбет63 келіге дейін: Самалай Ерғалиева, Ханзада Қайратова70 келіге дейін: Кристина Сотникова, Ажар Асхат78 келіге дейін: Шынар Абатова, Назерке Тілеуханова78 келіден жоғары: Ақерке Рамазанова, Аида Тойшыбекова.Сондай-ақ, ақпан айының соңында Ташкентте өтетін Гранд Слэм бәсекесінде ұлттық құрама сапында маңғыстаулық балуан Асқар Нарқұлов белдеседі.

Маңғыстаулық таэквондошылар халықаралық турнирде топ жарды
Жаңалықты көру →
AuthorРоза Әділханқызы
15:25, 8 ақпан 2026

Маңғыстаулық таэквондошылар халықаралық турнирде топ жарды

Біріккен Араб Әмірлігінің Фуджейра қаласында таэквондодан өткен «Fujairah open 2026» G2 санатындағы турнирде маңғыстаулық бес спортшы жүлделі орынға ие болды, деп хабарлайды otpannews.kz сайты қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап. Халықаралық сайыста топ жарған жас спортшыларды ата-аналары мен туыстары қарсы алды. Аталған жарысқа әлемнің түкпір-түкпірінен 3000-ға жуық спортшы қатысқан. «Alash-A» спорт клубының директоры, жаттықтырушы Фатима Жақсыбаеваның айтуынша, бәсеке қатты болғанымен маңғыстаулық спортшылар намысты қолдан бермеген.-Халықаралық жарыста бәсеке мықты болды. Дегенмен біздің спортшыларымыз жақсы нәтиже көрсетті. Бұл сайысқа біз үлкен дайындықпен бардық. Жалпы жарысқа Маңғыстаудан 17 спортшы қатысты. Командамыз бір алтын, үш күміс, бір қола медаль еншіледі. Атап айтқанда, жасөспірімдер арасында Серік Қуанғали І орын, Айлин Қайрат ІІ орын, ал балалар арасында ІІ орынға Мадияр Ілияс, Абдурахман Абжаппар, Аминат Бектұрған ие болды. Алдағы уақытта да жоғары деңгейдегі жарыстарға қатысу жоспарда бар,- деді Фатима Жақсыбаева.Үздік атанған спортшылардың бірі – Мадияр Ілияс. Ол халықаралық сайыста екінші орынды иеленді.-Мен төрт жарым жылдан бері таэквондомен айналысамын. Бұл сайысқа жақсы дайындалдым. Маған қолдау білдірген жаттықтырушыларыма және ата-анама алғысымды білдіремін,- деді спортшы.

Бауыржан Нарбаев Парижде өтетін Grand Slam турниріне қатысады
Жаңалықты көру →
AuthorМахаббат Нұржанқызы
21:00, 5 ақпан 2026

Бауыржан Нарбаев Парижде өтетін Grand Slam турниріне қатысады

Маңғыстаулық дзюдошы Бауыржан Нарбаев Парижде өтетін ерлер мен әйелдер арасындағы Grand Slam халықаралық турнирінде ел намысын қорғайды, деп хабарлайды otpannews.kz.Жерлесіміз жарыстың алғашқы күнінде татамиге шығып, 66 келі салмақ дәрежесінде бақ сынамақ. 7-9 ақпан аралығында өтетін дүбірлі додаға әлемнің әр елінен 500-ден астам дзюдошы қатысады. Турнир халықаралық дзюдо федерациясының күнтізбесіне енген және рейтингтік ұпайлар сарапқа салынады.Айта кетейік, Бауыржан Нарбаев былтыр 66 салмақ дәрежесінде дзюдодан ҚР чемпионы болған еді.

Өңірде облыстық волейбол жарысы өтті
Жаңалықты көру →
AuthorНұргүл Алясова
10:49, 26 қаңтар 2026

Өңірде облыстық волейбол жарысы өтті

24–25 қаңтар күндері Маңғыстау ауданында мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен ерлер арасында волейболдан облыстық жарыс өтті, деп хабарлайды otpannews.kz.Маңғыстау ауданы әкімдігінің хабарлауынша, жарыстың негізгі мақсаты – бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, волейбол ойынындағы шеберлікті арттыру және жастар арасында достық қарым-қатынасты нығайту. Жарысқа өңірдің әр аймағынан 12 команда қатысты. Атап айтқанда, Мұнайлы ауданынан “AFK GYM”, “Oil Services Company”, Жаңаөзен қаласынан “Бесшоқы”, сондай-ақ “Yessenov University”, “МАЭК”, Қарақия ауданы, Шайыр ауылы, Маңғыстау ауданы командалары, “Yessenov University 2”, “KTO Kaztrans Oil” қатысты.Командалар жарысқа тыңғылықты дайындықпен келіп, тартысты әрі мазмұнды ойын көрсетті. Көрермен көзайымына айналған үздік ойыншылар өздерінің кәсіби шеберліктерімен ерекшеленді. Екі күнге созылған тартысты дода жоғары деңгейде өтті.Жарыс қорытындысы бойынша I орын “Oil Services Company” командасына, II орын Маңғыстау ауданы Шайыр ауылы командасына, III орын “KTO Kaztrans Oil” командасына бұйырды.Жеке номинациялар бойынша«Үздік ойыншы» – Ұлықпанов Аслан (“Oil Services Company”)«Үздік шабуылшы» – Таңбай Анарбек (Шайыр ауылы)«Үздік байланыстырушы» – Сахи Талғат (“KTO Kaztrans Oil”)«Үздік қорғаушы» – Мақсатұлы Алмат (“KTO Kaztrans Oil”) атанды.Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы диплом, медаль, кубок және қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

Бекзат Нұрдәулетов спорт мектебін басқарады
Жаңалықты көру →
AuthorНұргүл Алясова
20:30, 8 қаңтар 2026

Бекзат Нұрдәулетов спорт мектебін басқарады

Бекзат Нұрдәулетов Маңғыстау облыстық бокс бойынша олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің басшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды otpannews.kz облыстың спорт басқармасына сілтеме жасап.Бекзат Нұрдәулетов 1998 жылы 10 сәуірде дүниеге келді. 2015–2019 жылдары Алматы қаласындағы Қазақ спорт және туризм академиясында «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша білім алды. 2019–2021 жылдары аталған академияда магистратураны аяқтап, магистр дәрежесін иеленді. Сондай-ақ Yessenov University «Құқықтану» мамандығын аяқтады.«Маңғыстау бокс клубы» ЖШС-да бокстан нұсқаушы-спортшы қызметін атқарды.Ол 2019 жыл бокстан Әлем чемпионы, 2021 жыл Олимпиада ойындарының қатысушысы болды, 2024 жыл Азия чемпионы атанса, 2025 жыл Әлем кубогының чемпионы болды.

«Келешек мектептерінің» спорт нысандары Маңғыстау тұрғындары үшін қолжетімді болды
Жаңалықты көру →
AuthorНұргүл Алясова
11:42, 7 қаңтар 2026

«Келешек мектептерінің» спорт нысандары Маңғыстау тұрғындары үшін қолжетімді болды

Маңғыстау облысында өңір әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың тапсырмасына сәйкес, тұрғындардың дене шынықтырумен айналысуы үшін мектептердің спорттық инфрақұрылымына қолжетімділік қамтамасыз етілді, деп хабарлайды otpannews.kz.Облыс әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасымен жүзеге асып жатқан «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған мектептердің спорт стадиондары мен спорт залдары халық үшін ашық. Қазіргі таңда өңірде заманауи спорттық инфрақұрылыммен жабдықталған 13 «Келешек мектебі» жұмыс істеп тұр.«Келешек мектептерінің стадиондары мен спорт залдары тұрғындар үшін ашық болуға тиіс. Кешкі уақытта халық жүгіріп, балалар футбол ойнап, жастар спортпен айналыссын. Бұл нысандар ел игілігі үшін салынды және халыққа қызмет етуі керек», – деді Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай.Бүгінде жобаға кіретін мектептердің аумағында тұрғындар мен жастар жүгірумен айналысып, спорттық құрал-жабдықтарды пайдалану арқылы белсенді әрі салауатты өмір салтын ұстануға мүмкіндік алып отыр.Аталған бастама бұқаралық спортты дамытуға, халықтың дене белсенділігін арттыруға және салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.Егер «Келешек мектептері» жобасы аясындағы мектептердің спорт нысандарына қолжетімділік шектелген жағдайда, Маңғыстау облысының білім басқармасына хабарласуыңызға болады.

Қызылордада өткен дзюдодан республикалық турнирде маңғыстаулықтар топ жарды
Жаңалықты көру →
AuthorНұргүл Алясова
12:07, 31 желтоқсан 2025

Қызылордада өткен дзюдодан республикалық турнирде маңғыстаулықтар топ жарды

Қызылорда қаласында дзюдодан кіші жасөспірімдер арасында республикалық SAKURA OPEN CAP турнирі өтті. Аталған жарысқа еліміздің әр өңірінен жас спортшылар қатысып, өзара мықтыны анықтады, деп хабарлайды otpannews.kz.Турнир қорытындысы бойынша 2014, 2015–2016, 2017 жылы туған кіші жасөспірімдер арасында бірқатар спортшы жүлделі орынға ие болды. Атап айтқанда, маңғыстаулық Мейірім Шамгун қарсыластарынан басым түсіп,I орынды жеңіп алды. Ал Марлен Нұрқожа тартысты белдесулердің нәтижесінде III орынға қол жеткізді.Жас дзюдошылардың бұл жетістігі — олардың тынымсыз еңбегі мен жүйелі дайындығының жемісі. Спортшыларды жарысқа дайындаған жаттықтырушы — Мереке Ақтаев.

YouTube бейнелер
Айбек Имашев: Маңғыстау дзюдосы талай чемпионды түлетеді
YouTube
Бейнені көру →
11:56, 26 наурыз 2026

Айбек Имашев: Маңғыстау дзюдосы талай чемпионды түлетеді

Кейтерингтің көшін бастаған кәсіпкер
YouTube
Бейнені көру →
16:52, 13 наурыз 2026

Кейтерингтің көшін бастаған кәсіпкер

“Іскерлік әңгіме” подкастының кезекті қонағы – “Povar_kelinka_anar” кейтеринг қызметінің иесі Анар Досжанова. Бұл шығарылымда кәсіпкер өзінің аспаздыққа қалай келгенін, алғашқы қадамдарын және бүгінгі күнге дейінгі еңбек жолын әңгімелейді. Кейтеринг саласында жұмыс істеудің қыр-сыры, тапсырыстарды ұйымдастыру, ас дайындау барысындағы жауапкершілік пен уақытпен санаса отырып қызмет көрсету сияқты маңызды мәселелер де сөз болды. Анар Досжанова кейтеринг қызметінің сырт көзге оңай көрінгенімен, үлкен дайындықты, ұқыптылықты және үйлесімді командалық жұмысты талап ететін сала екенін атап өтті. Әсіресе, әрбір тағамның сапасын сақтап, оны дастарханға балғын күйінде ұсыну – бұл жұмыстың ең басты талабы әрі жауапкершілігі екенін айтты. Подкаст барысында ол кәсіпкерлік жолдағы тәжірибесімен бөлісіп, әйелдердің бизнесте табысқа жетуі үшін қандай қасиеттер маңызды екенін де қозғады. Сонымен қатар отбасы мен жұмысты қатар алып жүру, уақытты дұрыс жоспарлау және жақын жандардың қолдауы нәзік жанды кәсіпкер үшін қаншалықты маңызды екені туралы ой-пікірін ортаға салды.

Карта

Қалай баруға болады

9-й микрорайон, 42/1
Актау, Актау городская администрация

Ең жақын аялдама: 9-й микрорайон д.18 (350 м, 4 мин)

Маршрут құру
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!