Otpan News Logo
Ақтауда түлектерге арналған кәсіби бағдар форумы өтті
Анонс
Жаңалықты көру →

Ақтауда түлектерге арналған кәсіби бағдар форумы өтті

Ақтаудағы Достық үйі базасында мектеп бітіруші түлектерге кәсіби бағдар беруге арналған ауқымды шара өтті. Іс-шараны өңірлік мекемелер бірлесіп ұйымдастырып, оған мыңдаған оқушы мен ата-ана қатысты, деп хабарлайды otpannews.kz.Шара екі бағытта ұйымдастырылды. Оның алғашқысы – ата-аналар мен түлектерге арналған танымал профориентологтармен кездесу-форум болса, екіншісі – Қазақстан және шетелдік жоғары оқу орындарының қатысуымен өткен білім көрмесі. Жалпы форум мен көрмеге 2 мыңнан астам мектеп бітіруші қатысты.Кездесуге Руслан Емелбаев, облыс әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев, білім басқармасының басшысы Амантаев Құмбаев, сондай-ақ белгілі мамандар – профориентолог Адос Жұманазар, ҰБТ сарапшысы Фархат Сұлтабаев және басқа да спикерлер арнайы келді.Форум барысында қатысушыларға білім гранттарына түсу мүмкіндіктері, Ұлттық бірыңғай тестілеу бойынша соңғы жаңалықтар, мамандық таңдаудың тиімді жолдары жөнінде жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар, талапкерлерге оқу бағытын дұрыс айқындау мен дайындық әдістері түсіндірілді.Руслан Емелбаевтың айтуынша, көрме Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында ұйымдастырылып, шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын таныстыруға бағытталған. Көрмеге 50-ден астам университет қатысып, талапкерлерге халықаралық стандарттарға сай білім алу және қос диплом бағдарламалары туралы мәлімет ұсынды.«Бүгін Ақтауда министрлік пен облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен көрме өтіп жатыр. Бұл - Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде шетелдік ЖОО филиалдарының көрмесі. Астанада басталған көрме екі күн Ақтауда жалғасады. Бұл көрмеге 53 ЖОО келді. Жоғары сынып оқушылары мен ата-аналар шақырылды. Жоғары білім саласында болып жатқан өзгерістермен таныстыру мақсатында ұйымдастырылған. Оның негізгі мақсаты – талапкерлердің елімізден шықпай-ақ халықаралық стандарттарға сәйкес келетін жоғары білім мен диплом алу мүмкіндігіне ие болуы. Қос дипломдық бағдарламамен таныстыру. Шетелдік ЖОО филиалдарында мемлекеттік грантпен білім алуға болады», – деді ол.Көрме барысында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Азаматтық авиация академиясы және басқа да оқу орындарының өкілдері өз бағдарламаларын таныстырды. Олар оқу шарттары, грант мүмкіндіктері мен студенттік өмір туралы кеңінен ақпарат беріп, талапкерлердің сұрақтарына жауап берді.«№29 мектептің оқушысымын. Таңдаған мамандығым – қазақ тілі мен әдебиеті. Қазіргі уақытта осы шара аясында жоғары оқу орындарымен танысып жатырмын. Осындай мүмкіндік үшін ұйымдастырушыларға алғысымды білдіремін. Бұл – ары қарай дамып, ізденуге үлкен мүмкіндік беретін жоба. Мұнда шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдары да ұсынылып, олардың мамандықтарымен танысып жатырмыз. Маған ерекше ұнағаны – Тұран университеті болды», – деді Сама Шадкам.Ал Достық мектебінің 11-сынып оқушысы Шыңғысхан Рақымжан аталған көрмедегі көптеген мүмкіндікке жол ашылғанын ерекше атап өтті.«Мұндай ЖОО-лармен таныстым. Еліміздегі және шетелдік ЖОО-ларды көрдім. Физика-математика мамандығын таңдап отырмын. Алда Астанада оқуды көздеймін. Херодот пен ЕҰУ, Абай атындағы ҚазҰПУ-ін көрдім. Шекті баллдар мен грант иелену мүмкіндігімен таныстым», – деді Шыңғысхан Рақымжан.Іс-шараға қатысқан түлектер мұндай мүмкіндіктің болашақ мамандықты дұрыс таңдауға үлкен септігін тигізетінін атап өтті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай кездесулер алдағы уақытта да жалғасын табады.

Author AvatarЖанкелді Қаржан

14:49, 24 сәуір 2026

Жарнама бөлімі: +7 (778) 145 90 93

Редакция: +7 (7292) 20 48 42

Мамыр айында қасқырдың жағы неге қарысып қалады?
Анонс
AuthorГүлсезім Әбдіжәлел
17:32, 20 сәуір 2026

Мамыр айында қасқырдың жағы неге қарысып қалады?

Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингінде 33-орынға көтерілді
Анонс
AuthorOtpan News
16:30, 19 сәуір 2026

Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингінде 33-орынға көтерілді

Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанды қарсы алды
Жаңалықты көру →
20:44, 13 мамыр 2026

Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанды қарсы алды

Бейнеу ауданындағы ХҚКО жаңа үлгіде қызмет көрсетеді
Жаңалықты көру →
17:14, 13 мамыр 2026

Бейнеу ауданындағы ХҚКО жаңа үлгіде қызмет көрсетеді

Ақтауда арбадағы теннистен халықаралық турнирге әлемнің үздік спортшылары жиналды
Жаңалықты көру →
16:40, 13 мамыр 2026

Ақтауда арбадағы теннистен халықаралық турнирге әлемнің үздік спортшылары жиналды

«Форт-Шевченко – Таушық – Шетпе» автожолындағы орташа жөндеу жұмыстарынан кемшілік анықталды
Жаңалықты көру →
16:25, 13 мамыр 2026

«Форт-Шевченко – Таушық – Шетпе» автожолындағы орташа жөндеу жұмыстарынан кемшілік анықталды

Олжас Бектенов көлік саласын дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді
Жаңалықты көру →
16:17, 13 мамыр 2026

Олжас Бектенов көлік саласын дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді

Маңғыстауда соңғы 5 жылда ірі инфрақұрылымдық және қонақ үй жобалары іске асты
Жаңалықты көру →
16:00, 13 мамыр 2026

Маңғыстауда соңғы 5 жылда ірі инфрақұрылымдық және қонақ үй жобалары іске асты

500-ден астам теңіз жаяу әскері танк сынағы даярлығынан өтті
Жаңалықты көру →
15:49, 13 мамыр 2026

500-ден астам теңіз жаяу әскері танк сынағы даярлығынан өтті

Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру бойынша отырыс өткізді
Жаңалықты көру →
14:42, 13 мамыр 2026

Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру бойынша отырыс өткізді

Маңғыстаулық дәрігер Ербол Кенжевалов 7 жастағы бүлдіршіннің өмірін сақтап қалды
Жаңалықты көру →
13:38, 13 мамыр 2026

Маңғыстаулық дәрігер Ербол Кенжевалов 7 жастағы бүлдіршіннің өмірін сақтап қалды

Облыс әкімдігінде азық-түлік бағасы, тұрақтандыру қоры және судағы қауіпсіздік мәселелері қаралды
Жаңалықты көру →
12:05, 13 мамыр 2026

Облыс әкімдігінде азық-түлік бағасы, тұрақтандыру қоры және судағы қауіпсіздік мәселелері қаралды

Ақтауда әскери бөлім командирінің салғырттығы салдарынан мерзімді әскери қызметшінің қаза табуына байланысты қылмыстық іс сотқа жолданды
Жаңалықты көру →
12:04, 13 мамыр 2026

Ақтауда әскери бөлім командирінің салғырттығы салдарынан мерзімді әскери қызметшінің қаза табуына байланысты қылмыстық іс сотқа жолданды

Ақтауда ұлттық мұра мен заманауи кәсіп тоғысқан DalaSkills-2026 республикалық байқауы басталды
Жаңалықты көру →
11:59, 13 мамыр 2026

Ақтауда ұлттық мұра мен заманауи кәсіп тоғысқан DalaSkills-2026 республикалық байқауы басталды

Қазақстанда жол апатынан болатын өлім-жітім 7,8%-ға төмендеді
Жаңалықты көру →
11:56, 13 мамыр 2026

Қазақстанда жол апатынан болатын өлім-жітім 7,8%-ға төмендеді

Ақтауда ауқымды кітап жәрмеңкесі өтеді
Жаңалықты көру →
21:07, 12 мамыр 2026

Ақтауда ауқымды кітап жәрмеңкесі өтеді

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні ендіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды
Жаңалықты көру →
19:11, 12 мамыр 2026

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні ендіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды

Ақтауда арбадағы теннистен үш халықаралық турнир өтеді
Жаңалықты көру →
17:50, 12 мамыр 2026

Ақтауда арбадағы теннистен үш халықаралық турнир өтеді

Мұнайдан цифрлық болашаққа: Маңғыстау жастарының мамандық таңдауы өзгеріп жатыр
Жаңалықты көру →
17:42, 12 мамыр 2026

Мұнайдан цифрлық болашаққа: Маңғыстау жастарының мамандық таңдауы өзгеріп жатыр

Ақтауда Иуда ағашы гүлдеді
Жаңалықты көру →
17:23, 12 мамыр 2026

Ақтауда Иуда ағашы гүлдеді

Ақтауда мұнайшы суға батып бара жатқан екі жасөспірімді құтқарып қалды
Жаңалықты көру →
17:18, 12 мамыр 2026

Ақтауда мұнайшы суға батып бара жатқан екі жасөспірімді құтқарып қалды

Маңғыстауда мәдениет саласы қарқын алды: театрдан архивке дейін жүйелі жұмыс жүріп жатыр
Жаңалықты көру →
16:18, 12 мамыр 2026

Маңғыстауда мәдениет саласы қарқын алды: театрдан архивке дейін жүйелі жұмыс жүріп жатыр

Advertisement
Бейнеу ауданындағы ХҚКО жаңа үлгіде қызмет көрсетеді
Жаңалықты көру →
AuthorOtpan News
17:14, 13 мамыр 2026

Бейнеу ауданындағы ХҚКО жаңа үлгіде қызмет көрсетеді

2026 жылғы 15 мамырдан бастап Бейнеу ауданындағы Қосай ата көшесі, 4/5 мекенжайында орналасқан ХҚКО тұрғындарға жаңартылған форматта қызмет көрсетуді бастайды.«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы халыққа қызмет көрсету орталықтарын жаңғырту жұмыстарын жүйелі түрде жалғастырып келеді. Осыған орай бөлімнің материалдық-техникалық базасы толық жаңартылып, азаматтарға қолайлы жағдай жасау мақсатында заманауи қызмет көрсету аймақтары іске қосылды.Жаңғыртылған бөлімде мемлекеттік қызметтер заманауи үлгіде ұсынылады. Орталық бірнеше функционалды аймақтарға бөлінген. Атап айтқанда, мұнда жылдам қызмет көрсету аймағы, әлеуметтік қызметтер аймағы, құжаттандыру аймағы, өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы және дайын нәтижелерді беру аймағы жұмыс істейді. Аймақтар келушілерге ыңғайлы болу үшін түрлі түсті ұлттық нақыштағы ою-өрнектермен ерекшелендіріліп, айқын бөлінген. Сонымен қатар күту аймағы жаңартылып, келушілерге қолайлы жұмсақ орындықтар орнатылған.«Бұл — Маңғыстау облысындағы үшінші жаңғыртылған ХҚКО. Бұған дейін Мұнайлы ауданында және Жаңаөзен қаласында жаңартылған халыққа қызмет көрсету орталықтары пайдалануға берілген болатын. Біз алдағы уақытта да мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттырып, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстарды жалғастырамыз», — деді Маңғыстау облысы бойынша филиал директоры Айбек Мұзбаев.Айта кетейік, Бейнеу ауданында 70 мыңнан астам тұрғын тұрады. Жаңғыртылған бөлімге күніне шамамен 300-ге жуық тұрғын келеді деп күтілуде. Еске сала кетейік, жаңғыртылған ХҚКО дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Қосымша ақпарат алу үшін 1414 бірыңғай байланыс орталығына хабарласуға болады.

«Форт-Шевченко – Таушық – Шетпе» автожолындағы орташа жөндеу жұмыстарынан кемшілік анықталды
Жаңалықты көру →
AuthorНұргүл Алясова
16:25, 13 мамыр 2026

«Форт-Шевченко – Таушық – Шетпе» автожолындағы орташа жөндеу жұмыстарынан кемшілік анықталды

Жол активтері ұлттық сапа орталығының Маңғыстау облыстық филиалы республикалық маңызы бар KR-10 «Форт-Шевченко – Таушық – Шетпе» автомобиль жолының 91-161 шақырым аралығындағы орташа жөндеу жұмыстарына кезекті инспекциялық бақылау жүргізді, деп хабарлайды otpannews.kz.Орталықтың мәліметінше, бақылау кезінде нысанға 3 рет инспекциялық шығу ұйымдастырылып, жол-құрылыс материалдарынан 34 сынама алынды. Сынамалар зертханалық тексеруден өткізілді.- Сараптама қорытындысы бойынша алынған материалдардың үшеуі қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттар талаптарына сәйкес келмейтіні анықталды. Сондай-ақ, технологиялық талаптардың бұзылуына қатысты екі ақау тіркелді, - деп атап өтті Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы.Орталық анықталған кемшіліктерді жою үшін мердігер мекеме — «Ақ жол құрылыс» ЖШС-ға және техникалық қадағалаушы «Сапалы құрылыс инжиниринг» ЖШС-ға - тиісті нұсқама берді.

Маңғыстауда соңғы 5 жылда ірі инфрақұрылымдық және қонақ үй жобалары іске асты
Жаңалықты көру →
AuthorНұргүл Алясова
16:00, 13 мамыр 2026

Маңғыстауда соңғы 5 жылда ірі инфрақұрылымдық және қонақ үй жобалары іске асты

Маңғыстау облысы - Қазақстанның негізгі туристік орталықтарының бірі. Соңғы 5 жылда туризм саласы айтарлықтай дамыды. Өңірді әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспары мен инвестициялық бастамалар аясында бірқатар ірі инфрақұрылымдық және қонақ үй жобасы жүзеге асты, деп хабарлайды otpannews.kz. Маңғыстау облысының Туризм басқармасының мәліметінше, өңірде соңғы 5 жылда қонақ үй инфрақұрылымы едәуір кеңейіп, орналастыру нысандарының саны артты. Маңғыстауда халықаралық стандарттарға сай келетін заманауи қонақ үйлер мен курорттық кешендер ашылды. Мәселен, 2025 жылы Ақтау қаласының жылы жағажай аумағында Shahristan қонақ үйі пайдалануға берілді. Нысан 20 нөмірлі және эконом, стандарт, люкс санаттарын қамтиды. Қонақ үйдің жеке жағажайы, мейрамханасы, VIP-залы және хамамы бар. Аумағы абаттандырылған. Мұнда 25 адам жұмысқа орналасқан, ал маусым кезінде қызметкер саны 30-ға дейін артуы мүмкін. Туризм басқармасы бұл нысанның құрылысы жеке инвестициялар есебінен жүргізілгенін атап өтті. Ал 2024 жылы O'MIR glamping этно-қонақ үйі жұмысын бастады. Мұнайлы ауданының аумағындағы нысанның ашық бассейні, терраса мен мейрамханасы бар. Жеке инвестиция есебінен ашылған демалыс орнында балалар клубы да бар. Демалыс орны Omirapartments апартаменттерімен де толықты. Мұнда 100 адамға шақталған 20 модульдік үй бар. Тұрақты түрде 40 адам жұмыспен қамтыған этно-қонақүйде маусымдық кезеңде 80 адамға дейін жұмыс істей алады. Сондай-ақ Туризм басқармасының мәліметінше, 2025 жылы «Достар» қонақ реконструкция жүргізілген. Жағалау аймағында орналасқан қонақ үй 44 нөмірге лайықталған. Демалыс орнында стандартты және люкс санаттары бойынша нөмірлер, жеке жағажай, мейрамхана және сауна бар. Нысанда 20 жұмыс орны қарастырылған, маусымда олардың саны 30-ға жетеді. Жаңғырту жұмыстары жеке қаражат есебінен жасалды.Каспий теңізінің жағалауында орналасқан, балалар мен отбасылық демалысқа және сауықтыруға бағытталған демалыс кешенінің бірі - Aqqu Resort Camp көпфункционалды орталығы. Нысан жазғы маусымда 300-350 орындық балалар лагері ретінде жұмыс істейді. Жылдың қалған уақытында корпоративтік-курорттық демалыс орталығы ретінде қызмет етеді. Кешенде корпустар, бассейндер, кинозал, спорт алаңдары, медпункт және мейрамхана бар. Маусымда мұнда 100-ден астам адам, ал тұрақты негізде 10 адам жұмыс істейді. Кешен жеке инвестициялар есебінен салынған.Ақтаудың жағалау аймағындағы ірі сауықтыру нысаны SAYA Thermal термалды сулары бар санаторлық-курорттық кешені деп аталады. 2017 жылы «Сая» демалыс базасы ретінде ашылған нысан өңірде туристік кластерді қалыптастыру аясында 2023-2024 жылдары ауқымды жаңғыртудан өтті. Мұнда тұрғын үй қоры мен инфрақұрылым жаңартылып, ребрендинг жасалды. Соның нәтижесінде жаңа SAYA Thermal термалды курорты ашылды. Курорттық кешенде шамамен 983 метр тереңдіктен 47°C температураны сақтайтын табиғи термалды су шығады. Демалыс аумағына келушілердің қатары көп. Кешен 15-тен астам адамды жұмыспен қамтуға есептелген және жеке қаражатқа салынған.Бұдан бөлек, Ақтау қаласының аумағында Dostyk Business бес жұлдызды қонақ үйі 2023 жылдан бері жұмыс істейді. Нысан люкс, жартылай люкс және стандартты қоса алғанда 70 нөмірден тұрады. Қонақ үй тұру қызметтерін, таңғы ас және конференц-зал ұсынатын бизнес-нысан ретінде қызмет атқарып келеді, 20 адам жұмыс істейді. Туризм басқармасы биыл Ақтауда Wyndham Garden Aktau атты 96 нөмірлік төрт жұлдызды қонақ үй кешенін ашылғанын да атап өтті. Мұнда іскер адамдар мен демалушылар үшін қолайлы жағдай жасалған. Соның ішінде апартаменттер, стандартты және жартылай люкс нөмірлері бар. Нысан жеке инвестиция есебінен салынып, 45 адамды жұмыспен қамтып отыр. Туризм басқармасы өңірде мұндай жобалардың іске асуы туристердің көп келуіне, және осы саланың дамуына серпін беретінін атап өтті.

500-ден астам теңіз жаяу әскері танк сынағы даярлығынан өтті
Жаңалықты көру →
AuthorМахаббат Нұржанқызы
15:49, 13 мамыр 2026

500-ден астам теңіз жаяу әскері танк сынағы даярлығынан өтті

Ақтаудағы «Оймаша» полигонында «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты теңіз жаяу әскері бригадасының 542 мерзімді әскери қызметшісі жас жауынгер курсының маңызды кезеңдерінің бірі – танк сынағы даярлығы мен кедергілер жолағынан өтті, деп хабарлайды otpannews.kz әскери ведомствоға сілтеме жасап.Әскери бөлімге келген жас сарбаздар алдымен жалпыәскери жарғыларды меңгеріп, саптық және дене дайындығынан өтті. Сондай-ақ олар қару-жарақ пен әскери техниканы қолдану бойынша теориялық және практикалық машықтарын жетілдірді.Теориялық сабақтардан кейін теңіз жаяу әскерлері тактикалық алаңда жауынгерлік жағдайға жақын ортада практикалық тапсырмалар орындады. Әскери қызметшілер жертасаларға орналасып, бос оқтармен атыс жүргізді, оқу гранаталарын лақтырып, сауытты техниканың көмегімен шартты қарсыласқа қарсы тактикалық маневрлер жасады.Негізгі назар әскери қызметшілерді шартты қарсыластың танк бөлімшелеріне қарсы іс-қимыл жасауға практикалық тұрғыда дайындауға және жеке құрамның психологиялық төзімділігін қалыптастыруға аударылды. Қойылған барлық мақсат толық көлемде орындалды, жауынгерлер танк сынағы даярлығынан сәтті өтіп, кедергілер жолағын еңсерді, – деді жас сарбаздарды даярлау жиынының бастығы подполковник Жеңіс Ахметқалиев.Ақмола облысынан шақырылған гвардия қатардағы жауынгері Нұрлан Борамбай танк жертасаның үстінен өткен сәтте ерекше толқу сезінгенін жеткізді. Оның айтуынша, дәл осындай жаттығулар сарбаздарға сабыр сақтауды үйретіп, жауынгерлік тәжірибе жинауға мүмкіндік береді.Практикалық сабақтар жас сарбаздарды әскери қызмет жағдайына моральдық-психологиялық тұрғыдан бейімдеуге бағытталды. Ал 23 мамыр күні теңіз жаяу әскерлері Әскери ант қабылдайды.

Маңғыстаулық дәрігер Ербол Кенжевалов 7 жастағы бүлдіршіннің өмірін сақтап қалды
Жаңалықты көру →
AuthorНұргүл Алясова
13:38, 13 мамыр 2026

Маңғыстаулық дәрігер Ербол Кенжевалов 7 жастағы бүлдіршіннің өмірін сақтап қалды

7 жастағы бала жедел жәрдеммен Қарақия ауданына қарасты Құрық ауылынан Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілді. Баланың басына НКТ темір құбыры құлап, жарақат алған, деп хабарлайды otpannews.kz.Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, науқас шұғыл түрде облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды. Дәрігерлер ауыр ашық бас-ми жарақатын, оң жақ төбе сүйегінің бас сүйек негізіне өтетін жаншылған көпжарықшақты сынуын, мидың жаншылуын, пневмоцефалияны, ликвореяны, мидың ауыр дәрежедегі ісінуін, ауыр травматикалық шок пен постгеморрагиялық анемияны анықтады.Нейрохирург дәрігер Ербол Кенжеваловтың жетекшілігімен шұғыл операция жасалды. Ота кезінде бас сүйегіне трепанация жүргізіліп, жаншылған сүйек фрагменттері алынып, қатты ми қабығына пластика жасалды. Күрделі операция 21:40-та басталып, 00:10-да сәтті аяқталды.- Қазіргі уақытта баланың жағдайы тұрақты. Бүлдіршін есін жиып, өздігінен тамақтанып жатыр. Әке-анасын таниды. Жағдайы тұрақты бақылауда,- деді нейрохирург дәрігер Ербол Кенжевалов.

Облыс әкімдігінде азық-түлік бағасы, тұрақтандыру қоры және судағы қауіпсіздік мәселелері қаралды
Жаңалықты көру →
AuthorГүлсезім Әбдіжәлел
12:05, 13 мамыр 2026

Облыс әкімдігінде азық-түлік бағасы, тұрақтандыру қоры және судағы қауіпсіздік мәселелері қаралды

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың төрағалығымен аппараттық жиналыс өтті. Кеңесте өңірдегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру, тұрақтандыру қорының жұмысы және жазғы шомылу маусымына дайындық шаралары талқыланды, деп хабарлайды otpannews.kz.Кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Пікір Сансызбаевтың мәліметінше, өңірде азық-түлік бағасының индексі жыл басынан бері 104,8 пайызды құраған. Кейбір өнімдер республика деңгейімен салыстырғанда төмен, ал кейбірі бойынша жоғары баға тіркелген. Бағаны тұрақтандыру мақсатында 30 комиссия отырысы өткізіліп, 87 кәсіпкерге әкімшілік шара қолданылған. Сонымен қатар 119 жәрмеңке ұйымдастырылып, 340 сауда нысанымен меморандум жасалған.Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы тұрақтандыру қорының жұмысын таныстырды. Қорда негізгі әлеуметтік маңызы бар өнімдер қоры жинақталған және бірқатар ірі жеткізушілермен келісімдер жасалған. Өңірде 109,5 мың тоннаға дейін өнім сақтай алатын қойма инфрақұрылымы бар.Сондай-ақ жиында Төтенше жағдайлар департаменті шомылу маусымына дайындық барысын баяндады. Өңірде 45 рұқсат етілген жағажай мен 10 қауіпті аймақ анықталған. Қазіргі таңда құтқару инфрақұрылымы күшейтіліп, мобильді бекеттер жұмыс істеп тұр.Жиын соңында облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай жауапты басқармаларға азық-түлік бағасын бақылауды күшейту, тұрақтандыру қорының тиімділігін арттыру және судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар берді.

Ақтауда әскери бөлім командирінің салғырттығы салдарынан мерзімді әскери қызметшінің қаза табуына байланысты қылмыстық іс сотқа жолданды
Жаңалықты көру →
AuthorГүлсезім Әбдіжәлел
12:04, 13 мамыр 2026

Ақтауда әскери бөлім командирінің салғырттығы салдарынан мерзімді әскери қызметшінің қаза табуына байланысты қылмыстық іс сотқа жолданды

Биыл 17 ақпанда Ақтау гарнизонының әскери бөлімдерінің бірінде командирдің қызметтік міндеттеріне салғырт қарауы салдарынан сарбаз Р. Жайғалиевтің қаза болуына байланысты қылмыстық істің тергеуі аяқталды, деп хабарлайды otpannews.kz.Бас прокуратураның хабарлауынша, тергеу барысында бөлім командирі жеке құрамды бақылауды және қарумен жұмыс істеу тәртібін қамтамасыз ету бойынша жарғылар мен ведомстволық бұйрықтарда көзделген шараларды қабылдамағаны анықталды. Бұл түптеп келгенде қайғылы оқиғаға себеп болды. Әскери прокурорлардың үздіксіз қадағалауы және жедел-тергеу тобының үйлестірілген жұмысы барысында қысқа мерзімде жеткілікті дәлелдер жинақталып, қажетті сот сараптамалары жүргізілді.Нәтижесінде қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін сотқа жолданды. Сонымен қатар, барлау-шабуыл батальонының командирі, оның орынбасары және рота командирі қызметтерінен босатылды. 10 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Әскери қызметшілердің қаза табуына әкеп соққан қылмыстар үшін жазаның бұлтартпастығы қағидатын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс Бас әскери прокуратура тарапынан жалғастырылады.

Ақтауда ұлттық мұра мен заманауи кәсіп тоғысқан DalaSkills-2026 республикалық байқауы басталды
Жаңалықты көру →
AuthorРоза Әділханқызы
11:59, 13 мамыр 2026

Ақтауда ұлттық мұра мен заманауи кәсіп тоғысқан DalaSkills-2026 республикалық байқауы басталды

Ақтауда техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы айтулы оқиға – «DalaSkills–2026» республикалық чемпионаты басталды. Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжінің базасында ұйымдастырылған байқауға қатысушылар республиканың әр өңірінен келді, деп хабарлайды otpannews.kz сайты. Чемпионат аясында қатысушылар киіз басып, былғары өңдейді, құрақ құрап, ұлттық әшекейлер жасайды, сондай-ақ ұлттық киімдерді жобалау мен цифрлық модельдеу жасап, бау тоқу сияқты дәстүрлі өнер түрлерінен сынға түседі. Бұдан бөлек ұлттық тағамдар, тәтті және ұн өнімдері, сүт өнімдері мен қамыр тағамдарын әзірленіп, су биоресурстарын өңдеу технологиялары бойынша да жарысады. “Чемпионаттың маңызды бағыттарының бірі - этнотуризм. Қатысушылар ұлттық мәдениетті заманауи туризм индустриясына енгізудің жаңа форматтарын ұсынып, жобалар әзірледі. Өңіріміз табиғи ландшафттарымен ерекшеленеді. Осы тұрғыда «DalaSkills» чемпионаты - тек білім беру алаңы ғана емес, сонымен қатар өңірлік экономиканы дамытуға, ұлттық брендтерді ілгерілетуге және жаңа кәсіби бағыттарды қалыптастыруға бағытталған маңызды жоба. Биыл алғаш рет «DalaSkills» аясында ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғаларға арналған «Abilympics» чемпионаты ұйымдастырылды. Оған маңғыстаулық оқушылар қатысып жатыр”,- деді Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжі басшысының оқу ісі жөніндегі орынбасары Алмагүл Каримова. Көрмелік форматта өткен бұл бағытта 68 оқушы 12 құзыреттілік бойынша өз жұмыстарын ұсынды. “Біз бүгін киіз басу құзыреттілігі бойынша байқауға қатысуға келдік. Оқушым ерекше білім беруді қажет ететін болса да қолөнер бұйымдарын жасауды ерекше жақсы көреді. Бүгінгі байқауға киізден бірнеше дүние жасар әкелдік. Бұның барлығына үш аптаға жуық уақыт кетті”,- деді Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко мектеп-лицейінің ұстазы Әйгерім Ахметова.

Ақтауда ауқымды кітап жәрмеңкесі өтеді
Жаңалықты көру →
AuthorНұргүл Алясова
21:07, 12 мамыр 2026

Ақтауда ауқымды кітап жәрмеңкесі өтеді

Ақтау қаласында 15-16 мамыр күндері тұңғыш рет «Кітап керуен – Ақтау» кітап жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды otpannews.kz. Іс-шара Қабиболла Сыдиықұлы атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханада болады. 15-16 мамыр күндері сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін өтетін кітап жәрмеңкесіне еліміздің түпкір-түпкірінен келген баспалар қатысады. Атап айтқанда: 1. Qasym kitap2. Steppe World3. Абай4. Арман-ПВ5. ZIYAT6. SANA7. MAZMUNDAMA8. Marfu9. Отбасы Хрестоматиясы10. WIK HOUSE Сондай-ақ жәрмеңкеге Роза Мұқанова, Оңайгүл Тұржан, Светқали Нұржан, Зира Наурызбай, Бақытгүл Сармекова сынды қаламгерлер, қоғам қайраткерлері мен кітап авторлары келеді. Ұйымдастырушылар іс-шарада авторлармен суретке түсіп, қолтаңбасымен кітап алуға мүмкіндік болатынын атап өтті. Бұдан бөлек, жаңа кітаптардың тұсаукесер рәсімі, түрлі тақырыптарда секциялық отырыстар ұйымдастырылмақ.Айта кетейік, жәрмеңке Ақтау қаласы әкімдігінің қолдауымен «Стратегиялық зерттеулер орталығы GUMOL» МЕМ-нің ұйымдастыруымен өтеді.

Ақтауда арбадағы теннистен үш халықаралық турнир өтеді
Жаңалықты көру →
AuthorМахаббат Нұржанқызы
17:50, 12 мамыр 2026

Ақтауда арбадағы теннистен үш халықаралық турнир өтеді

Ақтауда арбадағы теннис бойынша ITF WC50 санатындағы ірі халықаралық турнирлер өтеді. Жарыстар мамыр айында Rixos Water World Aktau қонақүй кешенінің базасында ұйымдастырылады, деп хабарлайды otpannews.kz. Аталған спорттық іс-шаралар Халықаралық теннис федерациясының (ITF), Қазақстан теннис федерациясының және серіктес ұйымдардың қолдауымен өтпек.Бағдарламаға сәйкес, 11-12 мамыр күндері спортшылардың халықаралық классификациясы жүргізіледі. Одан кейін үш ірі турнир ұйымдастырылады:• 13-16 мамыр – Rixos Water World Aktau Open • 18-21 мамыр – KPMG Open • 23-26 мамыр – Zijin RG Gold Жарыстарда спортшылар жекелей және жұптық сында бақ сынайды. Әр турнирдің финалдық кездесулері соңғы күні өтіп, жеңімпаздарды марапаттау рәсімімен қорытындыланады.Халықаралық додаға әлемнің түрлі елдерінен спортшылар қатысады деп күтілуде.

Мұнайдан цифрлық болашаққа: Маңғыстау жастарының мамандық таңдауы өзгеріп жатыр
Жаңалықты көру →
AuthorМахаббат Нұржанқызы
17:42, 12 мамыр 2026

Мұнайдан цифрлық болашаққа: Маңғыстау жастарының мамандық таңдауы өзгеріп жатыр

Соңғы жылдары Маңғыстау жастарының мамандық таңдауға деген көзқарасы өзгере бастады. Бұрын өңір жастарының басым бөлігі мұнай саласын тұрақты әрі табысты жұмыс көзі ретінде қарастырса, қазір олардың қызығушылығы IT, цифрлық технология, инженерия, логистика, авиация және креативті индустрия бағыттарына ауып келеді. Мамандар мұны еңбек нарығындағы өзгерістермен және жастардың жаңа мүмкіндіктерге бейімделуімен байланыстырады, деп хабарлайды otpannews.kz.Бүгінде жас буын тек диплом алып, тұрақты жұмысқа орналасуды ғана емес, өзіне қызық әрі болашағы бар салаларда дамуды қалайды. Әсіресе цифрлық кеңістіктің дамуы мен әлемдік трендтердің ықпалы жастардың мамандыққа деген көзқарасын өзгерткен. 22 жастағы жаңаөзендік Сұлтанбек Орысбайдың айтуынша, бүгінгі жастар бұрынғыдай тек мұнай саласымен шектелгісі келмейді.Менің әкем мұнай саласында көп жыл еңбек етті. Қазір денсаулығына байланысты үйде отыр. Мұнайшы болу – тек жақсы табыс табу емес, денсаулығыңды да сарп ету. Әулетімізде әкемнің інілері де мұнай саласында жұмыс істейді. Бірақ мен олардың ізін жалғағым келмеді. Кішкентайымнан техникаға, ұшақтарға, ғарыш тақырыбына қызығатынмын. Мектеп бітірген соң авиация саласын таңдап, авиаинженер мамандығына оқуға түстім. Қазір отандық әуе компаниясында авиа механик болып жұмыс істеймін. Бастапқыда жалақы аса жоғары болмауы мүмкін, бірақ тәжірибе мен біліктілік өскен сайын мүмкіндік те көбейеді. Қазір тек мұнай саласында ғана емес, басқа бағыттарда да жақсы табыс тауып, кәсіби дамуға болады, - дейді ол.Мамандардың сөзінше, қазіргі еңбек нарығы жыл сайын өзгеріп келеді. Кей мамандықтарға сұраныс азайса, енді бірі керісінше қарқынды дамып жатыр. Сондықтан жастардың бірнеше бағытты қатар меңгеріп, жаңа технологияларға бейім болуы маңызды.Профориентолог Жайна Дәулетназарова ата-аналардың бала болашағына қатысты шешім қабылдаудағы ықпалы әлі де жоғары екенін айтады. Оның сөзінше, көп жағдайда жастар мамандықты өз қалауымен емес, отбасының таңдауы бойынша игеруге мәжбүр болады.Қазір жастардың мамандық таңдауына ата-ананың ықпалы өте күшті. Бірақ бұл әрдайым дұрыс шешім бола бермейді. Бала ең алдымен өзіне қызық әрі жақын саланы таңдауы керек. Мамандығын оның хоббиіне, қабілетіне, мінезі мен қызығушылығына қарап анықтаған дұрыс. Өкінішке қарай, көп ата-ана баланың шынайы қалауын ескере бермейді. Соның салдарынан кей жастар өзіне ұнамайтын мамандықта оқып немесе жұмыс істеп жүреді. Егер бала болашақ мамандығын таңдауда қиналса, профориентолог мамандардың көмегіне жүгінген дұрыс, - дейді профориентолог Жайна Дәулетназарова.Өңірде IT саласына қызығушылық танытатын жастардың саны да артып келеді. Қазір көптеген жас мектеп қабырғасынан бастап бағдарламалау, графикалық дизайн, SMM, мобилография, робототехника сияқты бағыттарға қызығушылық танытып жүр.Оқушылар мен студенттер түрлі стартап жобалар жасап, жаңа технологияларды меңгеруге талпынып жатыр. Бұл бағытта жастарға арналған орталықтар мен хабтардың рөлі де күшейген.Mangystau Hub жетекшісі Әйгерім Мәжтайдың айтуынша, бүгінде жастар жаңа технологияларды ерте жастан меңгеруге қызығушылық танытады.Қазір жастар арасында IT саласына қызығушылық айтарлықтай артқан. Бұрын балалар көбіне дәстүрлі мамандықтарды таңдаса, қазір бағдарламалау, графикалық дизайн, жасанды интеллект, робототехника сияқты бағыттарға бет бұрып жатыр. Хабқа кей жастар өз идеяларымен келіп, жобаларын әзірлейді. Ал кейбір ата-аналар балаларын жаңа технологияларды меңгерсін деп арнайы алып келеді. Бізде жастардың білім алып, тәжірибе жинауына барлық мүмкіндік жасалған. Қазір көптеген жас стартап жобаларын әзірлеп, инвестор мен демеуші тауып, өз идеяларын іске асырып жүр. Жалпы жастардың жаңа салаларға қызығушылығы жылдан жылға артып келеді, - дейді Mangystau Hub жетекшісі Әйгерім Мәжтай.Мамандардың пікірінше, алдағы жылдары еңбек нарығында цифрлық технология, инженерия, логистика, жасанды интеллект және креативті индустрия салаларына сұраныс одан әрі өседі. Сондықтан жастарға мамандық таңдауда тек жоғары жалақыға емес, жеке қызығушылығы мен қабілетіне де назар аудару маңызды.

Ақтауда мұнайшы суға батып бара жатқан екі жасөспірімді құтқарып қалды
Жаңалықты көру →
AuthorМахаббат Нұржанқызы
17:18, 12 мамыр 2026

Ақтауда мұнайшы суға батып бара жатқан екі жасөспірімді құтқарып қалды

11 мамыр күні «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ қызметкері, «Жетібаймұнайгаз» өндірістік басқармасы №1 мұнай-газ өндіру цехының слесарь-жөндеушісі Жазмұрат Қанатов Каспий теңізі жағалауында суға батып бара жатқан екі жасөспірімді аман алып қалды, деп хабарлайды otpannews.kz. Оқиға Жазмұрат Қанатовтың отбасымен бірге жағалауда серуендеп жүрген кезінде болған. Ол TikTok желісінде тікелей эфир жүргізіп тұрған кезде жақын маңнан балалардың жан дауысы естіледі.Куәгерлердің айтуынша, Жазмұрат Қанатов бір сәт те кідірмей, қолындағы телефонын жанындағы адамдарға тапсырып, теңізге қарай жүгірген. Толқынмен арпалысып жатқан екі жасөспірімге жетіп, оларды екі жағынан ұстап, жағаға қарай алып шығады. Жағаға шыққан соң да ол тоқтап қалмай, балаларға алғашқы көмек көрсеткен.Суға кеткен жасөспірімдер 15-16 жас шамасындағы үш дос. Олардың біреуі көмек көрсетуге тырысқанымен, судың екпініне қарсы тұра алмаған. Біраздан кейін қарасам, екі бала да есін жиып, біраз жақсарып қалған екен. Сол кезде ғана көңілім орнына түсті, - дейді ол. 2013 жылдан бері «Маңғыстаумұнайгаз» компаниясында еңбек етіп келе жатқан Жазмұрат бес баланың әкесі. Ол өзінің бұл әрекетін ерекше ерлік санамайды. Менің орнымда кез келген азамат осылай істер еді. Ең бастысы – балалардың аман қалғаны, - дейді ол.Жазмұрат Қанатов бұл оқиғадан кейін жүзуді білудің маңызын терең түсінгенін айтады. Ол компания ұйымдастырған бассейн сабақтарына қатысып, осы дағдыны меңгерген екен. Каспийдің жағасында тұрған соң жүзуді білу өте маңызды. Өз балаларымды да кішкентайынан жүзуге баулып келемін. Қазір олар түрлі жарыстарға қатысып, жүлде алып жүр, - дейді ол.Қазір бұл оқиға қоғамда ерлік қана емес, дайындық пен дер кезінде қабылданған шешімнің адам өміріндегі маңызын көрсеткен жағдай деп бағалануда.

Шайбалы хоккейден Қазақстанның ерлер құрамасы элиталық дивизионға шықты
Жаңалықты көру →
AuthorOtpan News
15:34, 8 мамыр 2026

Шайбалы хоккейден Қазақстанның ерлер құрамасы элиталық дивизионға шықты

Шайбалы хоккейден Польшаның Сосновец қаласында өтіп жатқан I дивизионның әлем чемпионатында Қазақстанның ерлер құрамасы Украинаны жеңіп, мерзімінен бұрын элиталық дивизионға жолдама алды.4-тур аясындағы тартысты ойында отандастарымыз Украинамен негізгі уақыт және овертаймда 4:4 есебімен тең түскенімен, буллит сериясында сәттілік (2:1) біздің жағымызда болды. Кездесу барысында Всеволод Логвин, Кирилл Ляпунов, Роман Старченко, Батырлан Мұратов мергендік танытып, жеңіске үлестерін қосты.🇰🇿Қазақстанның әлем чемпионатындағы көрсеткіші:🇰🇿Қазақстан🆚🇱🇹Литва - 4:1🇰🇿Қазақстан🆚🇯🇵Жапония - 6:0🇰🇿Қазақстан🆚🇵🇱Польша - 3:2Бұған дейін Қазақстан құрамасы 2021-2025 жылдар аралығында элиталық дивизионда өнер көрсеткен еді.Енді жерлестеріміз ертең шешуші турда топтағы басты фавориттің бірі саналатын Франциямен шеберлік байқасады.

Маңғыстауда самбо спорты қарқынды дамып келеді
Жаңалықты көру →
AuthorOtpan News
12:17, 28 сәуір 2026

Маңғыстауда самбо спорты қарқынды дамып келеді

Маңғыстау облысы бойынша 800-ден астам жасөспірім самбомен тұрақты түрде айналысады. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте өңірлік дене шынықтыру және спорт басқармасы бұқаралық спорт бөлімінің басшысы Жомарт Қобланов айтты. Спикердің айтуынша, өңірде самбо спортының даму қарқыны айтарлықтай артып келеді. Бүгінде бұл спорт түрі Ақтау қаласынан бастап ауылдық елді мекендерге дейін кеңінен таралып, тұрғындар арасында танымал бола бастаған.–Самбо спорты бүгінде бұқаралық сипат алып, жастардың қызығушылығы күн санап артып келеді. Бұл жүйелі түрде жүргізілген жұмыстың, қолдаудың және спорт инфрақұрылымының дамуының нәтижесі. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады,- деді Жомарт Қобланов.Сонымен қатар, «Жас батыр» спорт мектебінің басшысы Ғайса Қалмұханов 2026 жыл самбо спорты үшін табысты жыл болғанын атап өтті. Мектепте 400-ге жуық спортшы жаттығып, олардың арасында халықаралық және республикалық деңгейдегі жеңімпаздар бар.Атап айтқанда, Нұрсұлтан Жұбатқан самбодан әлем чемпионы атанса, Гүлдана Әлмұхамбетова, Мұрат Ықылас, Рабай Мейіржан және басқа да спортшылар Қазақстан чемпионаттарында жоғары нәтижелер көрсеткен.Брифингте сондай-ақ өңірдегі білікті төрешілер мен бапкерлердің еңбегі де ерекше аталып өтті. Олардың қатарында халықаралық және ұлттық дәрежедегі төрешілер бар.Маңғыстау облыстық самбо федерациясының президенті Серік Байжанов самбо спортын жаңа деңгейге көтеру, бұқаралық қатысуды арттыру және халықаралық жетістіктерге жол ашу басты мақсат екенін жеткізді. Сонымен қатар, 100-ге жуық спортшыны арнайы спорттық киіммен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіліп жатқаны айтылды.

Бейнеуде «Жастар кубогы – 2026» спартакиадасы өтті
Жаңалықты көру →
AuthorOtpan News
12:30, 27 сәуір 2026

Бейнеуде «Жастар кубогы – 2026» спартакиадасы өтті

Бейнеу ауданында мектеп оқушылары арасында дәстүрлі «Бейнеу жастар кубогы – 2026» спартакиадасы өтті, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы. Аудан әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл үшінші рет жалауын көтерген ауқымды спорттық додаға ауданның 23 мектебінен 600-ге жақын оқушы қатысып, өзара мықтыны анықтады. Қатысушылар спорттың тоғызқұмалақ, шахмат, бес асық, асық ату, дзюдо, волейбол, баскетбол және футбол түрлері бойынша жарысты. Әрбір сайыс тартысқа толы өтіп, қатысушылар өз шеберліктері мен дайындықтарын көрсетті. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді аудан әкімінің орынбасары Қанағат Назарханов пен аудандық білім бөлімінің басшысы Шоқан Жаулиев құттықтап, марапаттады. -Аталған спартакиада – оқушылардың спорттағы жетістіктерін айқындайтын маңызды алаң ғана емес, сонымен қатар олардың өзара тәжірибе алмасуына, достық қарым-қатынас орнатуына зор мүмкіндік беретін тағылымды шара болды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, «Жастардың дені сау, білімді әрі белсенді болуы – еліміздің жарқын болашағының кепілі».Осы тұрғыда мұндай спорттық іс-шаралардың маңызы айрықша, дейді ұйымдастырушылар.Спартакиада қорытындысы бойынша командалық есепте үздік үштік төмендегідей нәтиже көрсетті. І орынды — «Ы. Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебі», ІІ орынды — «Атамекен жалпы білім беретін мектеп», ІІІ орынды — «Сам жалпы білім беретін мектеп» алды.

«Алтын мақсат еді, бірақ қолаға тоқтадым»: Гүлмарал Еркебаева Азия чемпионатынан алған жүлдесі туралы айтты
Жаңалықты көру →
AuthorЖанкелді Қаржан
11:41, 10 сәуір 2026

«Алтын мақсат еді, бірақ қолаға тоқтадым»: Гүлмарал Еркебаева Азия чемпионатынан алған жүлдесі туралы айтты

Азия чемпионатында әйелдер күресінен Гүлмарал Еркебаева қола медальға қол жеткізіп, ҚР ұлттық құрамасының қоржынына алғашқы жүлдені салды. 76 келіде күресетін балуан бұл турнирде жүлде алатынына сенімді болғанын алға тартты. Otpannews.kz тілшісімен әңгіме барысында спортшы чемпион болсам деген мақсатының әзірге орындалмай қалғанын жеткізді.- Құрлық біріншілігінде сіз үшін ең күрделі белдесу қай кезеңде болды?- Ең қиын белдесу Моңғолия балуанына қарсы кездесуде өтті. Бұған бұрынғы жарақатымның да белгілі деңгейде әсері бар. Одан бөлек, әдіс жасау кезінде қарсыласымның аяғына өтіп тұрып, құлаудан аман қалдым. Өздеріңізге белгілі, мен есе жіберген моңғол спортшысы бүгін Азия чемпионы атанды.- Қола жүлде үшін күресте оңтүстіккореялық спортшымен қаншалықты «таныссыз»?- Біз Азия чемпионатынан бір ай бұрын Ыстықкөлде оқу-жаттығу жиынына қатыстық. Сол уақытта Оңтүстік Корея құрамасы да келген болатын. Сол кезде қарсыласымды біраз зерттеп көрдім. Жасы менен үлкендеу, әрі тәжірибелі спортшы. Дегенмен, өзімнің қола жүлдені қиындықсыз иеленетініme сенімді болдым.- Бұған дейін күрескен құраманың өзге балуан қыздары есе жіберіп жатты. Бұл жағдай сізге психологиялық тұрғыда қалай әсер етті?- Ұлттық құрама Азия чемпионатына сақадай сай келді. Жарыс болғаннан кейін жеңіс пен жеңілістің болуы — заңды құбылыс. Жалпы, қыздарымыздың ешқайсысы осал емес. Өзге мемлекет балуандарынан кем түспейді, тіпті кейде асып түседі. Бағы мен бабы қатар шаппаған болар. Бір жағынан, психологиялық тұрғыдан аздап сенімсіздік болды деп ойлаймын.- Ұзақ үзілістен кейін спорттық бабыңызға толық келдіңіз бе?- Екі жылдық үзілістен кейін қайта оралдым. Сол уақыттары ота жасаттым. Азия біріншілігі мен үшін алғашқы халықаралық жарыстардың бірі болды. Финалға шығып, алтын аламын деген мақсат қойғанмен, бұйырғаны қола жүлде болды.- Турнирде жанкүйерлер қолдауын сезіне алдыңыз ба?- Иә. Бірінші кезекте жанкүйерлерге үлкен рақмет айтқым келеді. Трибунада отырып қолдау көрсетіп, құдды Қазақстанда күрескендей сезім сыйлады. Барлығымыз да жанкүйерлердің қолдауын сезініп отырмыз. Күрес федерациясына мүмкіндік бергені үшін алғыс айтамын.

Гүлмарал Еркебаева Азия чемпионатыда қола жүлдегер атанды
Жаңалықты көру →
AuthorЖанкелді Қаржан
19:26, 9 сәуір 2026

Гүлмарал Еркебаева Азия чемпионатыда қола жүлдегер атанды

Бішкекте күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық Гүлмарал Еркебаева үшінші орынға тұрақтады, деп otpannews.kz сайтының тілшісі арнайы Бішкектен хабарлайды.Отандық бозкілем шебері жауапты белдесуде оңтүстіккореялық балуанды 5:1 есебімен жеңіп, құрлық бәсекесінде жүлдегерлер қатарына қосылды. Бұл 76 келіде күресетін балуанның Азия чемпионаттарында иеленген бесінші қола жүлдесі болып отыр. Бұған дейін ол 2015, 2016, 2017 және 2022 жылы жүлдегерлер қатарына қосылған еді. Бүгін әйелдер құрамасынан Марал Тәңірбергенова (50 кг) мен Елена Шалыгина (68 кг) қола жүлде үшін күресте есе жіберіп, бесінші орынға тұрақтады. Сонымен бірге, турнирдің төртінші күнінде жарысқа қосылған әйелдер құрамасының бес балуанының арасында тек Тыныс Дубек (62 кг) қана қола жүлде үшін сынға түседі. Өкінішке қарай, Зейнеп Баянова (53 кг), Нюлифар Раимова (57 кг), Айжан Суйдуова (65 кг) мен Жәмила Бақбергенова (72 кг) іріктеу кезеңдерінде сүрініп, жүлдеден тыс қалды.

Қазақстан балуаны Азия чемпионатының жартылай финалына шықты
Жаңалықты көру →
AuthorЖанкелді Қаржан
12:28, 9 сәуір 2026

Қазақстан балуаны Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Бішкекте күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық балуан Тыныс Дубек жартылай финалға жолдама алды, деп otpannews.kz тілшісі арнайы Бішкектен хабарлайды.Әйелдер күресінен 62 келіде сынға түскен қазақстандық балуан Қытай Тайпейінің балуаны Синь Пин Райды 9:2 есебімен қапы қалдырды.Енді ол финал жолдамасын солтүстіккореялық Хён Гён Мунмен сарапқа салады.Бүгін Қазақстан балуандары арасында 53 келіде Зейнеп Баянова жапониялық Моэ Киекоға 10:0 есебімен жол берсе, 57 келіде Нилуфар Раимова да Сара Натамиден (Жапония) мерзімінен бұрын жеңілді (13:2). Ал 65 келіде Айжан Суйдуова алғашқы белдесуін ширек финалдан бастап, Оңтүстік Корея балуанына қарсы күресте қарсылық таныта алмады. Ал Жәмила Бақбергенова (72 кг) Үндістан спортшысы Наршита Нартитамен тартысты белдесу өткізіп, соңғы сәтте ұпай теңестірген еді. Алайда челленджден кейін төрешілер отандасымыздың нәтижесін есепке алмай, 6:5 есебімен есе жіберді.12 сәуірге дейін жалғасатын Азия чемпионатында қазақстандық балуандар арасында грек-рим құрамасы 4 жүлде иеленді. Оның ішінде Алматбек Аманбек (72 кг) чемпион атанса, Ибрагим Магомадов (82 кг), Нұрсұлтан Тұрсынов (87 кг), Ислам Евлоев (97 кг) қола жүлдеге ие болды.Сонымен бірге, бүгін Марал Тәңірбергенова (50 кг), Елена Шалыгина (68 кг) және Гүлмарал Еркебаева (76 кг) қола жүлде үшін белдеседі.

Алматбек Аманбек, Азия чемпионы: Қарсыласымның қателескен тұсын сәтті пайдаландым
Жаңалықты көру →
AuthorЖанкелді Қаржан
11:00, 9 сәуір 2026

Алматбек Аманбек, Азия чемпионы: Қарсыласымның қателескен тұсын сәтті пайдаландым

Грек-рим күресінен Бішкекте өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы жалғыз алтын жүлдені иеленді. Бұл медальды ұлттық құрама қоржынына 72 келіде сынға түскен Алматбек Аманбек салды. Белдесуден кейін спортшы otpannews.kz тілшісіне арнайы сұхбат беріп, чемпионаттағы әсерімен бөліскен еді.- Биылғы Азия чемпионатында өз дегенімізге жеттік. Елден тек алтын үшін келдік. Сол үшін осы жолда аянбай еңбек еттік. Бізге жанкүйер болған барша ағайынға алғысым шексіз. Оның ішінде маған барынша сенген ағаларыма, жақын достарыма ерекше алғысымды айтамын. Олар мені соңына дейін қолдаумен болды.- Финалда қарсыласыңның партердегі қателігін тиімді пайдаландыңыз. Жалпы, белдесу алдындағы жоспарыңыз қандай еді?- Бұл кездесуге менің тактикам басқаша болды. Алдымен қарсыласты тоқтатып отыруға тиіс болдым. Оның әлсіз жерін білгендіктен, сол бойынша жұмыс істеуім керек еді. Дегенмен, бүгінгі белдесуде қателескен тұсын сәтті пайдалана алдым.- Жартылай финалдан кейін «алтын аламын» деп сенімді түрде айттыңыз. Иран балуанының әлеуетін қалай бағалайсыз?- Бұған дейін Албанияда өткен рейтингтік турнирде Иран балуанымен белдесуде басым түсіп жатып, екінші кезеңде қателікпен есе жіберіп едім. Ол жолы 77 келіде күрестік. Ұпай беріп қойғаннан кейін белдесу соңына дейін есеп айырмасын қысқарта алмадым. Сол жеңілістің қарымтасын бүгін қайтаруға толық мүмкіндік туды.- Дегенмен, кешегі жартылай финалдағы белдесу қиын болған секілді...- Жартылай финалда жолыққан қырғыз балуаны да, финалда сынға түскен Иран спортшысы да физикалық тұрғыда өте мықты. Біреуін әлсіз, біреуін ыңғайсыз қарсылас деп айта алмаймын. Белдесуде өзіңнің күресіңді жүргізуге тырысасың. Кеше 100 пайыз барымды салсам, бүгін оны екі есе жүктемемен міндетімді орындап шықтым.- Күзде әлем чемпионаты өтеді. Дайындық жұмыстары қалай жалғасады?- Алда елімізде әлем чемпионатына іріктеу турнирі өтеді. Бірақ Азия біріншілігінің алдында аға бапкеріміз «олимпиадалық емес салмақта чемпион болған балуандар бірден әлем чемпионатына баратын құрамаға кіреді» деді. Енді соған барымызды салып дайындаламыз. Қателіктермен жұмыс істеуім керек. Қазіргі сәтте маған жақсылап тынығу қажет болып тұр.- Финалға жолдама алғаннан кейін тура бір күн уақыт өтті. Осы аралықта өзіңді қалай сезіндің?- Жақсы сезіндім деп айта аламын. Бапкерлерім үнемі қасыма келіп, жағдайымды сұрап, ойымды бөлумен болды. Күресті ойламасын деп психологиялық тұрғыда дайындады.

Бішкектегі Азия чемпионатында Магомадов пен Евлоев қола жүлдегер атанды
Жаңалықты көру →
AuthorЖанкелді Қаржан
20:22, 8 сәуір 2026

Бішкектегі Азия чемпионатында Магомадов пен Евлоев қола жүлдегер атанды

Бішкекте өтіп жатқан Азия чемпионатында грек-рим күресінен ҚР ұлттық құрамасының екі балуаны қола жүлде иеленді, деп otpannews.kz тілшісі арнайы Бішкектен хабарлайды. 82 келіде Ибрагим Магомадов шешуші белдесуде Қытай өкілі Жуй Люден басым түсті. Кездесу барысында отандық бозкілем шебері 5:3 есебімен белдесуді табысты аяқтады.35 жастағы Магомадов осымен Азия чемпионатындағы бесінші жүлдесіне қол жеткізді. Ол бұған дейін 1 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль иеленген.Сонымен бірге, 97 келіде Ислам Евлоев үздік үштікке қосылды. Оңтүстік Корея балуаны Минхо Лимен айқаста мерзімінен бұрын жеңіске жетті.Бұған дейін отандық классик балуандардан Алматбек Аманбек (72 кг) Азия чемпионы атанса, Нұрсұлтан Тұрсынов (87 кг) қола жүлдеге қол жеткізді.Ертең чемпионаттың төртінші күнінде әйелдер күресінен Марал Тәңірбергенова мен Гүлмарал Еркебаева (76 кг) құрлық біріншілігінің қола жүлдесі үшін күреседі. Сонымен бірге, жарыс жолына тағы 5 балуанымыз шығады.

Алматбек Аманбек Азия чемпионатында топ жарды
Жаңалықты көру →
AuthorЖанкелді Қаржан
20:14, 8 сәуір 2026

Алматбек Аманбек Азия чемпионатында топ жарды

Бішкекте күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия біріншілігінде грек-рим күресінің балуаны Алматбек Аманбек үздік шықты, деп otpannews.kz тілшісі арнайы Бішкектен хабарлайды. 72 келіде сынға түскен отандасымыз шешуші белдесуде Иран балуаны Мохаммад Резаиді мерзімінен бұрын жеңді. Кездесудің алғашқы кезеңінде парсы балуанының партердегі қателігін оңтайлы пайдаланған Алматбек құрлық бірішілігінің алтынына қол жеткізді. Әзірге грек-рим күресінен ҚР ұлттық құрамасы Азия чемпионатында үш жүлде иеленіп үлгерді. Турнирдің үшінші жарыс күнінде 82 келіде Ибрагим Магомадов қола жүлде үшін күресте Қытай балуанынан басым түсті. Сонымен бірге, кеше 87 келіде Нұрсұлтан Тұрсынов қола жүлдеге қол жеткізген болатын. Айта кететін жайт, классик балуандар арасында Ербол Камалиев (60 кг) пен Қаһарман Қисметов (77 кг) қола жүлде үшін күресте есе жіберіп, чемпионатты бесінші орынмен аяқтады.

Азия чемпионаты: Әйелдер күресінен қазақстандық екі балуан жартылай финалға шықты
Жаңалықты көру →
AuthorЖанкелді Қаржан
12:23, 8 сәуір 2026

Азия чемпионаты: Әйелдер күресінен қазақстандық екі балуан жартылай финалға шықты

Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия біріншілігінің үшінші жарыс күнінде Қазақстан әйелдер құрамасының екі балуаны біріншілікті сәтті бастады, деп otpannews.kz тілшісі арнайы Бішкектен хабарлайды. Әйелдер күресінен өткен іріктеу бәсекесінде ұлттық құрамадан 5 балуан бозкілемге шықты. Оның ішінде тек Марал Тәңірбергенова (50) пен Гүлмарал Еркебаева (76 кг) жартылай финалға өтті. Шұғыла ширек финалдық белдесуде Қытай Тайпейінің балуанын 9:2 есебімен жеңді. Енді ол жартылай финалдық кезеңде Токио Олимпиадасының чемпионы, жапониялық Юи Сусакимен шеберлік байқасады. Ең жоғары салмақтағы Гүлмарал Еркебаева үндістандық Кажал Кажалмен тартысты белдесуде соңғы секундтарда ұпай алып, жеңіске жетті. Қазақ балуаны жартылай финалда Моңғолия спортшысы Даваанасан Энх Амармен кездеседі. Дегенмен, бүгін белдесуге шыққан Шұғыла Өмірбек (55 кг) пен Виктория Кусаинова (59 кг) алғашқы айналымда үнді балуандарына қарсы тегеурінді қауқар таныта алмады. Ал Елена Шалыгина (68 кг) Жапония өкілінен 10:1 есебімен жеңілуге мәжбүр болды. Айта кететін жайт, бүгін грек-рим күресінен Қазақстан балуандары 4 салмақта жүлде үшін бозкілемге шығады. Олардың арасында Алматбек Аманбек (72 кг) финалда Иран спортшысымен құрлық чемпионын анықтаса, Ербол Камалиев (60 кг), Ибрагим Магомадов (82 кг) және Ислам Евлоев (97 кг) қола жүлдені сарапқа салады.

YouTube бейнелер
Карта

Қалай баруға болады

9-й микрорайон, 42/1
Актау, Актау городская администрация

Ең жақын аялдама: 9-й микрорайон д.18 (350 м, 4 мин)

Маршрут құру
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!