Otpan News
Ақтауда цифрлық қауіпсіздік мәселелері талқыланды
Роза Әділханқызы
18:21, 19 қараша 2026

АҚТАУ. OTPANNEWS.KZ – Интернет-алаяқтықтың алдын алу, қаржылық қауіпсіздік және әлеуметтік желідегі жауапкершілік мәселелеріне арналған «CYBER SANA» облыстық цифрлық форумы өтті.«Цифрлық сауаттылық және саналы мінез-құлық» тақырыбында ұйымдастырылған шараға мемлекеттік орган өкілдері, құқық қорғау саласының мамандары, кәсіпкерлер, өнер және медиа өкілдері қатысты.Жиында өңір тұрғындарының цифрлық сауаттылығын арттыру, интернеттегі қауіп-қатерлерді анықтау және жеке деректерді қорғау мәселелері сөз болды. Қатысушылар ақпараттың шынайылығын тексеру, қаржылық алаяқтықтан сақтану және желідегі әрекеттерге жауапкершілікпен қарау жөнінде пікір алмасты.Форумда Маңғыстау облысы Полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы, полиция полковнигі Айболат Мурзашев интернет-алаяқтық құрбаны болған жағдайда алғашқы кезекте қандай әрекет жасау керектігін түсіндірді.Ал Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Маңғыстау филиалының бас маманы – заң кеңесшісі Алтынай Кощиева банктік операциялардың қауіпсіздігіне тоқталды. Сонымен қатар Қаржылық мониторинг агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Ерболат Балгабаев қаржы пирамидалары, жалған инвестициялық ұсыныстар мен дропперлік әрекеттердің қаупі туралы айтты.Кездесудің екінші бөлімінде қоғамға танымал тұлғалардың бейнесін алаяқтық мақсатта пайдалану, әлеуметтік желідегі жеке шекара, отбасы мүшелерінің цифрлық қауіпсіздігі және ойланбай жарияланған жазбалардың салдары талқыланды.Бұл тақырыптар бойынша театр және кино актері Төлепберген Байсақалов, актриса әрі тележүргізуші Дина Тасбулатова, кәсіпкер және бизнес-тренер Шолпан Тусипбекова, блогер әрі актер Ильяс Копжасаров, кәсіпкер әрі коммуникация тренері Қайрат Хасанов пікір білдірді.Форум барысында қатысушылар спикерлерге сұрақ қойып, ашық диалогқа қатысты. Сондай-ақ «CYBER SANA» интерактивті квизі ұйымдастырылып, келушілер цифрлық қауіпсіздік бойынша білімдерін сынады.

Спорт

Ақтауда медицина саласының қызметкерлері волейболдан бақ сынады
Otpan News
18:07, 16 қараша 2026

Ақтауда медицина саласының қызметкерлері волейболдан бақ сынады

Otpannews.kz. - Ақтау қаласында «Aqniet» кәсіподағы Маңғыстау облыстық филиалының ұйымдастыруымен медицина саласында еңбек ететін қыз-келіншектер арасында волейболдан турнир өтті. Спорттық додаға өңірдегі медициналық ұйымдардан жасақталған 7 команда қатысып, өзара мықтыны анықтады.Турнирдің басты мақсаты – медицина қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын насихаттау, ұжымдар арасындағы ынтымақтастықты нығайту және спортқа деген қызығушылығын арттыру. Жарыстың салтанатты ашылу рәсімінде «Aqniet» кәсіподағы Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы Жанна Сайым сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Ол медицина қызметкерлерінің кәсіби қызметімен қатар қоғамдық және спорттық іс-шараларға белсенді қатысуының маңыздылығына тоқталды.«Медицина қызметкерлері күн сайын адам өмірі мен денсаулығы үшін жауапты қызмет атқарады. Спорттық іс-шаралар мамандардың күнделікті жұмыстан бір сәт сергіп, әріптестерімен бейресми ортада бас қосуына мүмкіндік береді. Спорт – денсаулық кепілі ғана емес, ұжымдық бірлік пен өзара қолдаудың да маңызды құралы. Бүгінгі турнир қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, медицина ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтады», – деді Жанна Сайым.Жарыс барысында командалар жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, жеңіске деген жігерімен ерекшеленді. Әр кездесу тартысты өтіп, ойыншылар шеберлігін, жылдамдығын және командалық үйлесімділігін танытты. Тартысты кездесулердің қорытындысы бойынша Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының құрамасы үздік нәтиже көрсетіп, турнир жеңімпазы атанды. 2-орынды Бейнеу көпбейінді орталық аудандық ауруханасының командасы иеленсе, жүлделі 3-орын Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасының құрамасына бұйырды. Ал Жаңаөзен қаласының құрама командасы 4-орынға тұрақтады.Турнир қорытындысында жеңімпаз және жүлдегер командалар қаржылай сыйлықтармен, арнайы кубоктармен және медальдармен марапатталды.Сонымен қатар жарыс барысында ерекше шеберлігімен көзге түскен ойыншылар жеке номинациялар бойынша марапатқа ие болды. Атап айтқанда, Сабира Оңдасова «Үздік ойыншы», Жасмина Жұмашева «Үздік байланыстырушы», ал Сапаргүл Қаратаева «Үздік шабуылшы» атанды.

Эксклюзив

Маңғыстауда 3 жұп егіз дүниеге келді

15:57, 15 қараша 2026

Маңғыстауда 3 жұп егіз дүниеге келді

Маңғыстаулық Жантілек Нұртілепұлы дзюдодан әлем чемпионатында өнер көрсетті
Жанкелді Қаржан14:30, 11 қазан 2026

Маңғыстаулық Жантілек Нұртілепұлы дзюдодан әлем чемпионатында өнер көрсетті

Маңғыстаулық суретшілер «рекорд» жасап, 4 метр кенепке сурет салды
Роза Әділханқызы14:34, 24 қыркүйек 2026

Маңғыстаулық суретшілер «рекорд» жасап, 4 метр кенепке сурет салды

Ақшұқыр тұрғыны бағында анар ағашын өсіреді
Роза Әділханқызы14:40, 16 қыркүйек 2026

Ақшұқыр тұрғыны бағында анар ағашын өсіреді

Advertisement

YouTube бейнелер

Карта

Қалай баруға болады

9-й микрорайон, 42/1
Актау, Актау городская администрация

Ең жақын аялдама: 9-й микрорайон д.18 (350 м, 4 мин)

Маршрут құру
Otpan News

Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!