Otpan News Logo
Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжі халықаралық деңгейге шықты
Анонс
Жаңалықты көру →

Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжі халықаралық деңгейге шықты

Бүгін Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжінде кәсіби білім беруді халықаралық стандарттарға сай трансформациялау мақсатында маңызды кездесу өтті. Колледж базасына Теміртау жоғары политехникалық колледжінің басшылығы мен Бейжіңнен келген «Жаңа Жібек жолы – Кәсіби көпір» консалтингтік компаниясының өкілі Junfeng Zhan бастаған делегация арнайы келді, деп хабарлайды otpannews.kz сайты. Бұл бастама Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың білім беруді цифрлық трансформациялау және жасанды интеллектіні енгізу жөніндегі тапсырмалары аясында жүзеге асырылуда. Кездесудің негізгі нәтижесі — колледждің Халықаралық қауымдастыққа (альянсқа) кіруі және Қазақстан-Қытай арасындағы бірлескен жобаларды бастауы болды.Колледж заманауи нарық сұранысына сай келесі салаларда мамандар даярлауды жоспарлап отыр: IT және Жасанды интеллект: Цифрлық технологияларды оқу процесіне енгізу. Ұшқышсыз ұшу аппараттары (БПЛА):Дрондарды басқару және қызмет көрсету. Телекоммуникация: Байланыс жүйелерін жаңғырту. Жеңіл өнеркәсіп: Автоматтандырылған тігін жабдықтарына қызмет көрсететін мамандар даярлау.Кездесуге тек білім беру саласының өкілдері емес, сонымен қатар ірі жұмыс берушілер — «Қазақтелеком» АҚ, «Мұнайтелеком», «Жамалай ЛТД», «Медиана ЛТД» және «Рахимбэби» компаниялары қатысты. Бұл колледж түлектерінің нақты өндірістік қажеттіліктерге сай даярлануына мүмкіндік береді.Тараптар халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және білім беруді жаңа сапалық деңгейге көтеру мақсатында өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойды.Ақтау технологиялық сервис колледжі өңірдегі жаңа буын мамандарын даярлайтын халықаралық хабқа айналуды көздеп отыр. Бұл қадам Маңғыстау облысының кадрлық әлеуетін арттырып, технологиялық дербестігін нығайтуға жол ашады.

Author AvatarРоза Әділханқызы

15:38, 8 сәуір 2026

Жарнама бөлімі: +7 (778) 145 90 93

Редакция: +7 (7292) 20 48 42

Қызылсай паркі аумағында сирек кездесетін азиялық барыс пайда болды
Анонс
AuthorЖанкелді Қаржан
11:20, 4 сәуір 2026

Қызылсай паркі аумағында сирек кездесетін азиялық барыс пайда болды

«Қызылсай» паркінде түз тағыларын санау жұмыстары жалғасады
Анонс
AuthorЖанкелді Қаржан
09:55, 23 наурыз 2026

«Қызылсай» паркінде түз тағыларын санау жұмыстары жалғасады

Айрақтыдағы қоқыс: Тұрғындар демалушылардың немқұрайлығына ашулы
Жаңалықты көру →
14:38, 14 сәуір 2026

Айрақтыдағы қоқыс: Тұрғындар демалушылардың немқұрайлығына ашулы

Елімізде 15 сәуірден бастап банк аударымдары бақылауға алынады
Жаңалықты көру →
14:26, 14 сәуір 2026

Елімізде 15 сәуірден бастап банк аударымдары бақылауға алынады

NIS Aktau ұстаздарының мақаласы халықаралық SCOPUS журналына енді
Жаңалықты көру →
14:23, 14 сәуір 2026

NIS Aktau ұстаздарының мақаласы халықаралық SCOPUS журналына енді

Жаңаөзен және Қашағандағы МӨЗ зауыты: Премьер-министр Энергетика министрлігіне газ жобаларын қатаң бақылауды тапсырды
Жаңалықты көру →
14:21, 14 сәуір 2026

Жаңаөзен және Қашағандағы МӨЗ зауыты: Премьер-министр Энергетика министрлігіне газ жобаларын қатаң бақылауды тапсырды

Маңғыстауда энергетика саласының болашағы талқыланды: Білім мен өндірістің жаңа белесі
Жаңалықты көру →
14:00, 14 сәуір 2026

Маңғыстауда энергетика саласының болашағы талқыланды: Білім мен өндірістің жаңа белесі

Абай болыңыз, қарақұрт! : Маңғыстауда улы өрмекшілер маусымы басталды
Жаңалықты көру →
12:10, 14 сәуір 2026

Абай болыңыз, қарақұрт! : Маңғыстауда улы өрмекшілер маусымы басталды

Романтикалық мотивация: Ауруды жеңген ғашықтар отау құрды
Жаңалықты көру →
11:55, 14 сәуір 2026

Романтикалық мотивация: Ауруды жеңген ғашықтар отау құрды

Айрақтыдағы дрифт: Жүргізушіге айыппұл салынып, көлігі айып тұрағына қойылды
Жаңалықты көру →
11:53, 14 сәуір 2026

Айрақтыдағы дрифт: Жүргізушіге айыппұл салынып, көлігі айып тұрағына қойылды

Маңғыстауда еңбек қатынастарын реттеу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде
Жаңалықты көру →
09:36, 14 сәуір 2026

Маңғыстауда еңбек қатынастарын реттеу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде

Бозжыра шатқалындағы визит орталықтың құрылысы аяқталды
Жаңалықты көру →
08:30, 14 сәуір 2026

Бозжыра шатқалындағы визит орталықтың құрылысы аяқталды

Маңғыстаулық кәсіпкер халықаралық жиында өңірдегі балық шаруашылығының дамуын баяндады
Жаңалықты көру →
21:07, 13 сәуір 2026

Маңғыстаулық кәсіпкер халықаралық жиында өңірдегі балық шаруашылығының дамуын баяндады

Ақтаулық мұғалім тұңғыш геолог Оразмағанбет Тұрмағанбетұлы туралы зерттеу жүргізуде
Жаңалықты көру →
20:35, 13 сәуір 2026

Ақтаулық мұғалім тұңғыш геолог Оразмағанбет Тұрмағанбетұлы туралы зерттеу жүргізуде

Ішкі істер министрлігі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2026 жылдың басында ақпараттық шабуылдардың басты нысанасына айналды
Жаңалықты көру →
18:03, 13 сәуір 2026

Ішкі істер министрлігі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2026 жылдың басында ақпараттық шабуылдардың басты нысанасына айналды

Маңғыстаулықтар Дағыстанға гуманитарлық көмек көрсетуде
Жаңалықты көру →
16:37, 13 сәуір 2026

Маңғыстаулықтар Дағыстанға гуманитарлық көмек көрсетуде

Сирень гүлін жұлсаңыз, айыппұл төлеуіңіз мүмкін
Жаңалықты көру →
15:49, 13 сәуір 2026

Сирень гүлін жұлсаңыз, айыппұл төлеуіңіз мүмкін

Елімізде Ақтау және Құрық порттары арқылы өтетін тасымал жанданады
Жаңалықты көру →
15:24, 13 сәуір 2026

Елімізде Ақтау және Құрық порттары арқылы өтетін тасымал жанданады

«Шалқар – Бейнеу», «Бейнеу – Маңғыстау» теміржолдары жөнделіп жатыр
Жаңалықты көру →
15:22, 13 сәуір 2026

«Шалқар – Бейнеу», «Бейнеу – Маңғыстау» теміржолдары жөнделіп жатыр

Ақтауда кішкентай қыздың алтын сырғасын шешіп алған күдікті ұсталды
Жаңалықты көру →
15:02, 13 сәуір 2026

Ақтауда кішкентай қыздың алтын сырғасын шешіп алған күдікті ұсталды

Оқу-ағарту министрлігі: Қазақстанда мектеп бітіру кештеріне ақша жинауға қатаң тыйым салынды
Жаңалықты көру →
11:54, 13 сәуір 2026

Оқу-ағарту министрлігі: Қазақстанда мектеп бітіру кештеріне ақша жинауға қатаң тыйым салынды

Ақтауда белгілі дәрігер, профессор Игорь Киргизовтың қатысуымен шеберлік сабағы өтеді
Жаңалықты көру →
11:49, 13 сәуір 2026

Ақтауда белгілі дәрігер, профессор Игорь Киргизовтың қатысуымен шеберлік сабағы өтеді

Advertisement
Айрақтыдағы қоқыс: Тұрғындар демалушылардың немқұрайлығына ашулы
Жаңалықты көру →
AuthorРоза Әділханқызы
14:38, 14 сәуір 2026

Айрақтыдағы қоқыс: Тұрғындар демалушылардың немқұрайлығына ашулы

Маңғыстаудың ең көрікті жерлерінің бірі – Айрақтыда қоқыс үйінділері көбейді. Бұл жер жергілікті тұрғындар мен туристер арасында өте танымал, тіпті демалыс күндері мұнда ине шаншар орын болмайды, деп хабарлайды otpannews.kz сайты. Демалушылар саны артқан сайын, мұнда тасталатын қоқыс көлемі де көбейіп барады. Видеограф Нұркен Тәжібай қалдықтардан түзілген «тауларды» таспаға түсірді.«Бұл жерге ешкім жаяу келмейді, бәрі көлікпен келеді. Қоқысты жинап, өзіңмен бірге алып кету соншалықты қиын ба? Оны неге мұнда қалдырасыздар? Бұл қоқыстың бәрі далаға ұшып жатыр! Өтінемін, қолымызда бар дүниені қадірлейік!»- деп демалушыларға үндеу жасады видеограф.Еске сала кетейік, бірнеше жыл бұрын Маңғыстаудың танымал табиғи орындарында демалушыларды дрондар арқылы тәртіп бұзушыларды анықтау жоспарланған еді.

Елімізде 15 сәуірден бастап банк аударымдары бақылауға алынады
Жаңалықты көру →
AuthorГүлсезім Әбдіжәлел
14:26, 14 сәуір 2026

Елімізде 15 сәуірден бастап банк аударымдары бақылауға алынады

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Үкіметтегі брифингте қазақстандықтардың мобильді аударымдарын бақылау мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды otpannews.kz сайты zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Ержан Біржановтың айтуынша, аударымды кәсіпкерлік қызметке жатқызу үшін бірқатар критерийлер бар."Біз бұл талаптарды заңда нақты бекіттік. Ал ережелерді Ұлттық банк қабылдады. 15 сәуірге дейін банктерден бірінші тоқсан бойынша деректерді белгіленген критерийлерге сәйкес аламыз. Яғни, банк "қызыл жалаушалар" бойынша деректерді іріктеп, бізге ұсынады. Келесі кезеңде осы мәліметтер камеральдық бақылау аясында қаралады. Кейін тиісті хабарламалар жіберіледі. Олар салық есептілігі тапсырылғаннан кейін немесе түсіндірме берілген жағдайда орындалды деп есептеледі. Мысалы, сіз біреудің кофесіне немесе түскі асына ақша төлеп, кейін ол адам сізге ақшаны қайтарып берсе, мұндай жағдай кәсіпкерлік белгісіне жатпайды", – деді ол.Сондай-ақ туған күнге немесе басқа да шараларға ақша жинау да бұл санатқа кірмейді."Кәсіпкер ретінде және жеке тұлға ретінде жүргізілетін қызметті ажырата білу қажет. Егер адамда екі шот болса – біреуі кәсіпкерлікке арналған, мысалы дүкені бар және төлемдерді QR арқылы қабылдайды. Бұл түсінікті. Ал егер ол жеке кәсіпкер бола тұра, жеке тұлға ретінде карта ашып, оған туған күніне немесе тойына ақша түссе, біз оны көреміз, бірақ оны кәсіпкерлік қызмет ретінде қарастырмаймыз", – деп түсіндірді вице-министр.

NIS Aktau ұстаздарының мақаласы халықаралық SCOPUS журналына енді
Жаңалықты көру →
AuthorРоза Әділханқызы
14:23, 14 сәуір 2026

NIS Aktau ұстаздарының мақаласы халықаралық SCOPUS журналына енді

Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің педагогтері жасанды интеллект пен STEM білімін ұштастырған ғылыми зерттеулерімен халықаралық деңгейде танылды. Мектеп мұғалімдерінің мақаласы беделді Scopus халықаралық дерекқорына енетін журналда жарық көрді, деп хабарлайды otpannews.kz сайты. Ғылыми жұмыс «Дамушы елдердегі мектептің жоғары сыныптарындағы STEM білімінде жасанды интеллект алшақтығын азайту арқылы теңдік пен инновацияны дамыту» тақырыбына арналған. Авторлар — биология пәнінің мұғалімі Гүлжан Нүсіпжанова мен химия пәнінің мұғалімі, доктор Мохаммед Эль-Ших. Зерттеуде Азия мен Африканың дамушы елдеріндегі білім беру жүйесіне жасанды интеллектті (AI) енгізудің маңыздылығы қарастырылады. Авторлар қазіргі таңда дамыған елдер мен дамушы елдер арасында ЖИ технологияларын қолдануда үлкен айырмашылық бар екенін атап өтеді.Ғылыми мақаланың басты ерекшелігі – зерттеу командасының халықаралық құрамында. Жұмысқа NIS Aktau мұғалімдерімен бірге Yessenov University оқытушылары Айгүл Балғалиева мен Эльвира Сағындықова, АҚШ-тан келген Уиллиям Олайфа мен Эммануель Инегбедон қатысты. Мақалада AI-ды биология мен химия пәндерін оқытуда қолданудың маңызды артықшылықтары көрсетілген. Мәселен: Виртуалды зертханалар арқылы тәжірибелік жұмыстарды цифрлық форматта орындау; Әр оқушының деңгейіне сай ЖИ негізіндегі жеке оқыту жүйелерін енгізу; Ғылыми деректерді талдау және зерттеу дағдыларын дамыту; Оқу материалдарын жергілікті тілдерге аудару және ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушыларға қолжетімділікті арттыру.«Зерттеуді 2025 жылдың басында жолдадық. Мақала ғылыми әдебиеттерге кеңейтілген шолуды, халықаралық тәжірибені талдауды және авторлардың өз педагогикалық тәжірибесін жинақтауды қамтыды»,– дейді Гүлжан Нүсіпжанова.Бұған дейін де мектептің тағы екі педагогінің мақаласы Scopus базасына енгізілген еді. Бұл NIS Aktau ұжымының жоғары ғылыми-зерттеу әлеуетін және мұғалімдердің кәсіби біліктілігін айқын көрсетеді.

Маңғыстауда энергетика саласының болашағы талқыланды: Білім мен өндірістің жаңа белесі
Жаңалықты көру →
AuthorРоза Әділханқызы
14:00, 14 сәуір 2026

Маңғыстауда энергетика саласының болашағы талқыланды: Білім мен өндірістің жаңа белесі

Ақтау қаласында «MEC ENERGY CONNECT» халықаралық тағылымдамасы аясында панельдік сессия өтті. Жиынға білім беру ұйымдарының өкілдері, халықаралық сарапшылар, Франция делегациясы, сондай-ақ энергетика саласының жетекші мамандары қатысты. Іс-шарада колледж оқытушылары мен студенттері жасаған инновациялық жобалар таныстырылды, деп хабарлайды otpannews.kz сайты. «Кәсіптік білім берудегі халықаралық интеграция: Энергетика саласындағы тәжірибе алмасу» атты ауқымды панельдік сессия Нұрлыхан Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжінің ұйымдастыруымен өтті. Панельдік сессия барысында Қазақстанмен Франция арасындағы білім беру серіктестігін дамыту, энергетика саласынақажетті заманауи кадрларды даярлау, инновациялық технологияларды енгізу жәнеакадемиялық ұтқырлықты кеңейту мәселелерікеңінен талқыланды.Жиынның ашылуында Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев сөз сөйлеп, өңірдегі кадр даярлау мәселесінің стратегиялық маңызына тоқталды.«Біздің негізгі міндетіміз – еңбек нарығының сұранысына сай, заманауи технологияларды меңгерген бәсекеге қабілетті мамандар қалыптастыру. Франциямен арадағы серіктестік пен халықаралық интеграция осы үдерістің басты тірегі болмақ»,– деді облыс әкімінің орынбасары.Сессия жұмысы «Tech Horizons: Болашаққа көзқарас» атты кәсіби көрмемен басталды. Мұнда қатысушылар энергетика саласындағы соңғы технологиялық шешімдермен және колледж студенттерінің ғылыми жобаларымен танысты. Көрме теориялық білімнің практикамен қалай ұштасып жатқанының айқын дәлелі болды.“Біз әріптестерімізбен бірге “Smart Zone” деп аталатын жоба жасап шықтық. Біздің бұл жоба арқылы күн сәулесінен қуат алатын отырғыш әзірлейміз. Отырғыш wi-fi-ға қосылуға және кез келген құрылғыны қуаттауға мүмкіндік береді. Біздің жоспар бойынша алғашқы орындық жаз айларында дайын болады. Ал қазір жобамызды толықтырып, пысықтап жатырмыз”,- деді жобаның соавторы Қали Жандарбек. Панельдік сессияның негізгі өзегі білім беру бағдарламаларын үйлестіру болды. Алматы энергетика және байланыс университетінің (АУЭС) Институты директоры Ернар Әмитов колледждер мен университеттер арасындағы сабақтастықты, әсіресе қос дипломды білім беру және SIEMENS секілді әлемдік алпауыттардың зертханаларын қолдану тәжірибесімен бөлісті.Ал Yessenov University Халықаралық офисінің өкілі Айгүл Досумбекова академиялық ұтқырлықтың маңызын ашып берді. Оның мәліметінше, қазіргі таңда халықаралық бағдарламалар (мысалы, Erasmus+) студенттерге тек білім беріп қана қоймай, олардың жаһандық еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруда.Жиын барысында Маңғыстау облысының техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғыртудың негізгі бағыттары айқындалды. Мәселен, дуалды оқытуды кеңейту – туденттердің өндірістік тәжірибесін нақты жұмыс орнында нығайту, цифрлық трансформация – оқу үдерісіне заманауи IT-технологиялар мен жасыл энергетика элементтерін енгізу, халықаралық гранттар – Erasmus+ және өзге де еуропалық бағдарламаларға белсенді қатысу арқылы оқытушылар мен студенттердің біліктілігін арттыру.Сессия қорытындысы бойынша халықаралық аккредиттеу талаптарына сай білім беру бағдарламаларын жетілдіру туралы ұсыныстар қабылданды. Модераторлар атап өткендей, энергетика саласының дамуы білікті кадрларсыз мүмкін емес, ал сапалы кадр халықаралық тәжірибе мен заманауи өндірістік база бар жерде ғана қалыптасады.

Абай болыңыз, қарақұрт! : Маңғыстауда улы өрмекшілер маусымы басталды
Жаңалықты көру →
AuthorРоза Әділханқызы
12:10, 14 сәуір 2026

Абай болыңыз, қарақұрт! : Маңғыстауда улы өрмекшілер маусымы басталды

Күн райының күрт ысуымен бірге Қазақстанның оңтүстік және батыс аймақтарында, соның ішінде Маңғыстау облысында улы қарақұрттардың белсенді кезеңі басталды. Мамандар биылғы аптап ыстықта бұл жәндіктердің елді мекендерге жақын жерлерде жиі көрінуі мүмкін екенін ескертеді, деп хабарлайды otpannews.kz сайты. Қарақұрт – Орталық Азиядағы ең улы жәндіктердің бірі. Оның уы қарапайым жылан уынан бірнеше есе күшті. Әсіресе, маусым мен шілде айларында, яғни шағылысу кезеңінде ұрғашы қарақұрттар өте агрессивті келеді. Олар көбіне шөлейтті жерлерді, тастардың арасын, ескі қора-жайларды мекендейді.Қарақұрт шаққанда алғашқыда ауырсыну қатты білінбеуі мүмкін, бірақ 10-15 минуттан кейін дененің барлық бұлшықеттерінде (әсіресе құрсақ пен бел тұсында) қатты ауырсыну, тыныс алудың қиындауы және жүректің тез соғуы, қатты терлеу, құсу және бас айналу байқалады.Егер сізді немесе жаныңыздағы адамды қарақұрт шақса, уақыт жоғалтпай әрекет ету қажет. Дереу жедел жәрдем шақыру керек. Халық арасында танымал және мамандар мақұлдаған әдіс — шаққаннан кейін алғашқы 2-3 минут ішінде сол жерді жанып тұрған сіріңке басымен күйдіру. Қарақұрт уы белоктан тұратындықтан, жоғары температурада ол тез ыдырап, қанға жайылып үлгермейді.Удың қан айналымы арқылы тез тарамауы үшін науқасты қимылдатпай жатқызып қою керек. Ал су немесе ыстық шай ішу – уды бүйрек арқылы тезірек шығаруға көмектеседі.Еске салайық, қара құрт шаққанда – өз бетінше емделуге болмайды. Қарақұрт уына қарсы арнайы сарысу (сыворотка) тек аурухана жағдайында ғана салынуы тиіс. Сондықтан кез келген жағдайда медициналық көмекке жүгінгеніңіз абзал.

Романтикалық мотивация: Ауруды жеңген ғашықтар отау құрды
Жаңалықты көру →
AuthorРоза Әділханқызы
11:55, 14 сәуір 2026

Романтикалық мотивация: Ауруды жеңген ғашықтар отау құрды

Райымбек Дауылбаев қатерлі ісікке шалдыққан. Алайда студент шағында бастаған бұл ауру сүйіктісін кезіктіріп, өмірлік жарын табуға сеп болды, деп хабарлайды otpannews.kz сайты. Атыраулық жігіт бүгінде аурудан толық айыққан. Келіншегінің айтуынша, екеуі бір-біріне серт берген. Уәде бойынша жігіт ауруды жеңсе – ғашықтар отбасын құруға келіскен. — Күйеуім ракпен ауырып жүрген кезде таныстық. Ол Сеулде емделіп жатқанын, жалғызсырап жүргенін айтты. Мен бірден оған барамын деп шештім. Бардым. Сөйтіп, бір-бірімізді қатты жақсы көріп қалдық. Кейін оған мотивация болсын деп: «Егер сен жазылып шығуға уәде берсең, мен саған тұрмысқа шығуға уәде беремін» дедім. Екеуміз де сол уәдемізде тұрдық. Шүкір,— деп жазды Райымбектің жұбайы.Жас жұбайлардың бұл оқиғасының бастауы – «Ғашықпын саған» фильмінен алған әсер. Себебі олардың өмір жолы да осыған ұқсас. Болашақ жары Райымбектің Сеулде ем алып жатқанын, өзін жалғыз сезінгенін білген соң, бірден оған баруға шешім қабылдаған.Райымбектің айтуынша, сырқат студент кезінде басталған. Ол сол уақытта музыкалық байқауға дайындалып жүрген. Алайда уайым мен күйзеліс денсаулығына кері әсер етіп, дәрігерлер ауыр диагноз қойған.Дерт асқынып, шап тұсынан кеуде қуысына дейін таралған. Кейін ол дәрігерлердің бақылауымен Оңтүстік Кореяда ем қабылдаған. Бұл оқиға туралы оның жұбайы Threads платформасында жазып, көпшіліктің жүрегін елжіретті.Қиын кезеңде бір-біріне медеу болған ғашықтар биыл қыста отау құрған. Ғашықтық пен болашаққа деген сенім – ауруды жеңуге көмектесіп, бақытты отбасының іргетасын қалады.

Айрақтыдағы дрифт: Жүргізушіге айыппұл салынып, көлігі айып тұрағына қойылды
Жаңалықты көру →
AuthorРоза Әділханқызы
11:53, 14 сәуір 2026

Айрақтыдағы дрифт: Жүргізушіге айыппұл салынып, көлігі айып тұрағына қойылды

Әлеуметтік желілерде Айрақты тауының етегінде дрифт жасаған жүргізушінің видеосы тарады. Полиция құқық бұзушыны анықтады, деп хабарлайды otpannews.kz сайты. Полиция өкілдері атап өткендей, видеода табиғи аймақта Mercedes автокөлігін қауіпті басқару, қоршаған ортаны ластау және апаттық жағдай туғызу фактілері тіркелген.“Құқық бұзушының жеке басы анықталды. Ол – мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз көлік басқарған 24 жастағы жүргізуші. Бұған дейін де ол осындай құқық бұзушылық үшін жауапкершілікке тартылған. Жүргізушіге қатысты бірнеше бап бойынша әкімшілік шаралар қабылданды: апаттық жағдай туғызғаны, абаттандыру ережелерін бұзғаны және көлікті пайдалану ережелерін қайталап бұзғаны үшін автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды",- деп хабарлады облыстық Полиция департаменті.

Маңғыстауда еңбек қатынастарын реттеу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде
Жаңалықты көру →
AuthorOtpan News
09:36, 14 сәуір 2026

Маңғыстауда еңбек қатынастарын реттеу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде

Маңғыстауда еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік еңбек инспекциясы департаменті тарапынан мониторинг жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы департаменті басшысының міндетін атқарушы Бауыржан Кемалов айтты.Спикердің айтуынша, жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары еңбек заңнамасын сақтау мәселесі бойынша 111 тексеру жұмысын жүргізді. Тексеру нәтижесінде департамент тарапынан анықталған заңбұзушылықтарды жою және олардың алдын алу мақсатында тиісті шаралар қабылданды.Брифинг барысында спикер еңбек қатынастарын дұрыс рәсімдеу және заңбұзушылықтардың алдын алу үшін сақталуы тиіс негізгі талаптарға тоқталды. Сондай-ақ, жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы шартта лауазым, жалақы, жұмыс уақыты мен демалыс тәртібінің нақты көрсетілуі құқықтық даулардың алдын алатынын атап өтті.-Жұмыс беруші мен қызметкер еңбек шартын жасағанда негізгі талаптарды нақты көрсетуі тиіс. Атап айтқанда, қызметкердің лауазымы, атқаратын жұмысы, жалақысы, жұмыс уақыты мен демалыс тәртібі, сондай-ақ шарттың мерзімі анық жазылуы керек. Бұл тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындап, даулардың алдын алады. Сонымен қатар, жұмыс беруші қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз етіп, қызметкерлерге нұсқама жүргізуге міндетті. Ал қызметкер қауіпсіздік талаптарын сақтап, қорғаныш құралдарын қолдануы тиіс. Әсіресе қауіпті жұмыстарда бұл талаптарды сақтау өте маңызды, - деді Бауыржан Кемалов.Сондай-ақ, спикер алдағы уақытта халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және еңбек қатынастарын заңдастыру мақсатында арнайы акциялар өткізілетінін атап өтті.-Алдағы уақытта жұмыс берушілерді қызметкерлермен ресми еңбек шарттарын жасауға шақыратын «Еңбек шартын жасақтаңыздар» және өндірістегі қауіпсіздік талаптарын түсіндіруге бағытталған «Еңбек қауіпсіздігін сақтаңыздар» акциялары ұйымдастырылады. Бұл шаралар аясында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, кеңестер беріліп, ақпараттық материалдар әлеуметтік желілерде жарияланып, таратылатын болады, - деді Бауыржан Кемалов.Сонымен қатар, облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы департаменті тарапынан бүгінгі таңда еңбек қатынастарын ашық әрі тиімді реттеу мақсатында цифрландыру бағытында да жүйелі шаралар қолға алынған. HR-Enbek порталы арқылы еңбек шарттарын электрондық тіркеу процесі көлеңкелі еңбек қатынастарының алдын алуға мүмкіндік беріп отыр. Бұдан бөлек, өндірістегі жазатайым оқиғаларды есепке алу және тәуекелдерді бағалау процестері де цифрлық форматқа көшірілді. Қазіргі уақытта өңірдегі ірі және орта кәсіпорындар мен мекемелердің 75%-ға жуығы осы жүйеге толық тіркеліп, цифрландыру жұмыстары әлі де жалғасуда.

Бозжыра шатқалындағы визит орталықтың құрылысы аяқталды
Жаңалықты көру →
AuthorНұргүл Алясова
08:30, 14 сәуір 2026

Бозжыра шатқалындағы визит орталықтың құрылысы аяқталды

Маңғыстауда Бозжыра шатқалы аумағындағы туристерге арналған визит орталықтың құрылысы аяқталды, деп хабарлайды otpannews.kz.Бұл - туристерге бағыт-бағдар беретін алғашқы визит орталық. Жоба жетекшісі Әсет Шәмбілов нысан сәуірде пайдалануға берілетінін айтты. - Біздің мақсатымыз - осы жерге келіп жатқан туристерді қабылдау. Қазір біздің елімізге туристер көп келіп жатыр. Осында түсіндірме жұмыстарын жүргіземіз, музейлер болады. Сәуір айында ашыламыз деген жоспар бар, - деді Әсет Шәмбілов «Qazaqstantv»-ға берген сұхбатында.Визит орталық Бозжыра шатқалынан 18 шақырым қашықтықта, күре жолдың бойында орналасқан. Аумағы 200 шаршы метр. Мұнда күніне 50-60 адамға қызмет көрсетілмек.- Өткен жылдан бастап Бозжыра шатқалында 3 инвестициялық жоба іске асып жатыр. Көлемі 3 млрд-қа жуық және 60-қа жуық жұмыс орны ашылады. Бұл үлкен визит орталықтар. Сондай-ақ үлкен этнокафелер мен мейрамханалар ашу жоспарланып отыр, - деді облыстық Туризм басқармасы басшысының орынбасары Нұрсұлтан Ғиният.

Маңғыстаулық кәсіпкер халықаралық жиында өңірдегі балық шаруашылығының дамуын баяндады
Жаңалықты көру →
AuthorOtpan News
21:07, 13 сәуір 2026

Маңғыстаулық кәсіпкер халықаралық жиында өңірдегі балық шаруашылығының дамуын баяндады

Шымкент қаласында өткен халықаралық «AUYL INVEST FEST. Балық шаруашылығы – 2026» фестивалінде «Ауыл»партиясының Маңғыстау облысындағы өкілі Айбек Исембаев өңірдегі балық шаруашылығының дамуын баяндады, деп хабарлайды otpannews.kz Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.Шымкент қаласы әкімдігі мен «Ауыл» партиясының ұйымдастыруымен өткен фестивальге Франция, Дания, Чехия, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінен келген халықаралық деңгейдегі сарапшылар мен Парламент депутаттары, мыңнан астам кәсіпкер қатысты. Олар саланы шикізаттық бағыттан жоғары технологиялық индустрияға көшіру жолдарын талқылады.Іс-шарада балық шаруашылығы саласының даму перспективалары, инвестициялық әлеуеті және өзекті мәселелері жан-жақты қарастырылды.

Маңғыстаулықтар Дағыстанға гуманитарлық көмек көрсетуде
Жаңалықты көру →
AuthorРоза Әділханқызы
16:37, 13 сәуір 2026

Маңғыстаулықтар Дағыстанға гуманитарлық көмек көрсетуде

Естеріңізге сала кетейік, Дағыстанда нөсер жаңбырдың шамадан тыс жаууына байланысты ауқымды су тасқыны болып, Төтенше жағдай (ТЖ) режимі енгізілді. Осыған байланысты еліміздің түкпір-түкпіріндегі этномәдени орталықтар гуманитарлық көмек жинап, жөнелтіп жатыр, деп хабарлайды otpannews.kz. Атап айтқанда, Дағыстанға азық-түлік, құрылыс материалдары, шаруашылық құралдары, киім-кешек, су және су айдайтын сорғылар тиелген 8 «Газель» автокөлігі жолға шықты. Сондай-ақ қайырымдылық ұйымдары мен мешіттерге 5 млн теңге көлемінде ақшалай қаражат аударылды.«Көмек Қазақстанның Астана, Алматы, Ақтау, Атырау, Қарағанды, Орал қалаларындағы дағыстандық этномәдени бірлестіктерінен және бей-жай қарамайтын азаматтардан жиналды. Шешен, осетин, әзірбайжан бауырларына бірінші болып қол ұшын созып, бізге моральдық және материалдық тұрғыда қолдау көрсеткен бауырлас қазақ халқына ерекше алғыс айтамыз. Бұл гуманитарлық акция біздің «Бірлігіміз – күшімізде, біз – Қазақстанның біртұтас халқымыз» деген ұстанымымызды тағы бір мәрте дәлелдеді»,- дейді Қазақстанның Дағыстан этномәдени бірлестіктері қауымдастығының төрағасы Юсуп Шахшаев. Қаражат жинау жалғасуда.

Ақтауда кішкентай қыздың алтын сырғасын шешіп алған күдікті ұсталды
Жаңалықты көру →
AuthorРоза Әділханқызы
15:02, 13 сәуір 2026

Ақтауда кішкентай қыздың алтын сырғасын шешіп алған күдікті ұсталды

Әлеуметтік желілерде 29 шағын аудандағы 15 үйдің алдында отырған кішкентай қызға бір әйелдің жақындап келген видеосы тарады. Ол баламен біраз уақыт сөйлесіп тұрып, содан кейін құлағындағы алтын сырғасын шешіп алған. Сырғаны алғаннан кейін әйел адам оқиға орнынан кетіп қалды, деп хабарлайды otpannews.kz. Облыстық полиция департаменті 30 жастағы күдікті әйелдің анықталып, ұсталғанын хабарлады.«ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде»,- делінген өңірлік ПД хабарламасында.

«Алтын мақсат еді, бірақ қолаға тоқтадым»: Гүлмарал Еркебаева Азия чемпионатынан алған жүлдесі туралы айтты
Жаңалықты көру →
AuthorЖанкелді Қаржан
11:41, 10 сәуір 2026

«Алтын мақсат еді, бірақ қолаға тоқтадым»: Гүлмарал Еркебаева Азия чемпионатынан алған жүлдесі туралы айтты

Азия чемпионатында әйелдер күресінен Гүлмарал Еркебаева қола медальға қол жеткізіп, ҚР ұлттық құрамасының қоржынына алғашқы жүлдені салды. 76 келіде күресетін балуан бұл турнирде жүлде алатынына сенімді болғанын алға тартты. Otpannews.kz тілшісімен әңгіме барысында спортшы чемпион болсам деген мақсатының әзірге орындалмай қалғанын жеткізді.- Құрлық біріншілігінде сіз үшін ең күрделі белдесу қай кезеңде болды?- Ең қиын белдесу Моңғолия балуанына қарсы кездесуде өтті. Бұған бұрынғы жарақатымның да белгілі деңгейде әсері бар. Одан бөлек, әдіс жасау кезінде қарсыласымның аяғына өтіп тұрып, құлаудан аман қалдым. Өздеріңізге белгілі, мен есе жіберген моңғол спортшысы бүгін Азия чемпионы атанды.- Қола жүлде үшін күресте оңтүстіккореялық спортшымен қаншалықты «таныссыз»?- Біз Азия чемпионатынан бір ай бұрын Ыстықкөлде оқу-жаттығу жиынына қатыстық. Сол уақытта Оңтүстік Корея құрамасы да келген болатын. Сол кезде қарсыласымды біраз зерттеп көрдім. Жасы менен үлкендеу, әрі тәжірибелі спортшы. Дегенмен, өзімнің қола жүлдені қиындықсыз иеленетініme сенімді болдым.- Бұған дейін күрескен құраманың өзге балуан қыздары есе жіберіп жатты. Бұл жағдай сізге психологиялық тұрғыда қалай әсер етті?- Ұлттық құрама Азия чемпионатына сақадай сай келді. Жарыс болғаннан кейін жеңіс пен жеңілістің болуы — заңды құбылыс. Жалпы, қыздарымыздың ешқайсысы осал емес. Өзге мемлекет балуандарынан кем түспейді, тіпті кейде асып түседі. Бағы мен бабы қатар шаппаған болар. Бір жағынан, психологиялық тұрғыдан аздап сенімсіздік болды деп ойлаймын.- Ұзақ үзілістен кейін спорттық бабыңызға толық келдіңіз бе?- Екі жылдық үзілістен кейін қайта оралдым. Сол уақыттары ота жасаттым. Азия біріншілігі мен үшін алғашқы халықаралық жарыстардың бірі болды. Финалға шығып, алтын аламын деген мақсат қойғанмен, бұйырғаны қола жүлде болды.- Турнирде жанкүйерлер қолдауын сезіне алдыңыз ба?- Иә. Бірінші кезекте жанкүйерлерге үлкен рақмет айтқым келеді. Трибунада отырып қолдау көрсетіп, құдды Қазақстанда күрескендей сезім сыйлады. Барлығымыз да жанкүйерлердің қолдауын сезініп отырмыз. Күрес федерациясына мүмкіндік бергені үшін алғыс айтамын.

Гүлмарал Еркебаева Азия чемпионатыда қола жүлдегер атанды
Жаңалықты көру →
AuthorЖанкелді Қаржан
19:26, 9 сәуір 2026

Гүлмарал Еркебаева Азия чемпионатыда қола жүлдегер атанды

Бішкекте күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық Гүлмарал Еркебаева үшінші орынға тұрақтады, деп otpannews.kz сайтының тілшісі арнайы Бішкектен хабарлайды.Отандық бозкілем шебері жауапты белдесуде оңтүстіккореялық балуанды 5:1 есебімен жеңіп, құрлық бәсекесінде жүлдегерлер қатарына қосылды. Бұл 76 келіде күресетін балуанның Азия чемпионаттарында иеленген бесінші қола жүлдесі болып отыр. Бұған дейін ол 2015, 2016, 2017 және 2022 жылы жүлдегерлер қатарына қосылған еді. Бүгін әйелдер құрамасынан Марал Тәңірбергенова (50 кг) мен Елена Шалыгина (68 кг) қола жүлде үшін күресте есе жіберіп, бесінші орынға тұрақтады. Сонымен бірге, турнирдің төртінші күнінде жарысқа қосылған әйелдер құрамасының бес балуанының арасында тек Тыныс Дубек (62 кг) қана қола жүлде үшін сынға түседі. Өкінішке қарай, Зейнеп Баянова (53 кг), Нюлифар Раимова (57 кг), Айжан Суйдуова (65 кг) мен Жәмила Бақбергенова (72 кг) іріктеу кезеңдерінде сүрініп, жүлдеден тыс қалды.

Қазақстан балуаны Азия чемпионатының жартылай финалына шықты
Жаңалықты көру →
AuthorЖанкелді Қаржан
12:28, 9 сәуір 2026

Қазақстан балуаны Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Бішкекте күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық балуан Тыныс Дубек жартылай финалға жолдама алды, деп otpannews.kz тілшісі арнайы Бішкектен хабарлайды.Әйелдер күресінен 62 келіде сынға түскен қазақстандық балуан Қытай Тайпейінің балуаны Синь Пин Райды 9:2 есебімен қапы қалдырды.Енді ол финал жолдамасын солтүстіккореялық Хён Гён Мунмен сарапқа салады.Бүгін Қазақстан балуандары арасында 53 келіде Зейнеп Баянова жапониялық Моэ Киекоға 10:0 есебімен жол берсе, 57 келіде Нилуфар Раимова да Сара Натамиден (Жапония) мерзімінен бұрын жеңілді (13:2). Ал 65 келіде Айжан Суйдуова алғашқы белдесуін ширек финалдан бастап, Оңтүстік Корея балуанына қарсы күресте қарсылық таныта алмады. Ал Жәмила Бақбергенова (72 кг) Үндістан спортшысы Наршита Нартитамен тартысты белдесу өткізіп, соңғы сәтте ұпай теңестірген еді. Алайда челленджден кейін төрешілер отандасымыздың нәтижесін есепке алмай, 6:5 есебімен есе жіберді.12 сәуірге дейін жалғасатын Азия чемпионатында қазақстандық балуандар арасында грек-рим құрамасы 4 жүлде иеленді. Оның ішінде Алматбек Аманбек (72 кг) чемпион атанса, Ибрагим Магомадов (82 кг), Нұрсұлтан Тұрсынов (87 кг), Ислам Евлоев (97 кг) қола жүлдеге ие болды.Сонымен бірге, бүгін Марал Тәңірбергенова (50 кг), Елена Шалыгина (68 кг) және Гүлмарал Еркебаева (76 кг) қола жүлде үшін белдеседі.

Алматбек Аманбек, Азия чемпионы: Қарсыласымның қателескен тұсын сәтті пайдаландым
Жаңалықты көру →
AuthorЖанкелді Қаржан
11:00, 9 сәуір 2026

Алматбек Аманбек, Азия чемпионы: Қарсыласымның қателескен тұсын сәтті пайдаландым

Грек-рим күресінен Бішкекте өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы жалғыз алтын жүлдені иеленді. Бұл медальды ұлттық құрама қоржынына 72 келіде сынға түскен Алматбек Аманбек салды. Белдесуден кейін спортшы otpannews.kz тілшісіне арнайы сұхбат беріп, чемпионаттағы әсерімен бөліскен еді.- Биылғы Азия чемпионатында өз дегенімізге жеттік. Елден тек алтын үшін келдік. Сол үшін осы жолда аянбай еңбек еттік. Бізге жанкүйер болған барша ағайынға алғысым шексіз. Оның ішінде маған барынша сенген ағаларыма, жақын достарыма ерекше алғысымды айтамын. Олар мені соңына дейін қолдаумен болды.- Финалда қарсыласыңның партердегі қателігін тиімді пайдаландыңыз. Жалпы, белдесу алдындағы жоспарыңыз қандай еді?- Бұл кездесуге менің тактикам басқаша болды. Алдымен қарсыласты тоқтатып отыруға тиіс болдым. Оның әлсіз жерін білгендіктен, сол бойынша жұмыс істеуім керек еді. Дегенмен, бүгінгі белдесуде қателескен тұсын сәтті пайдалана алдым.- Жартылай финалдан кейін «алтын аламын» деп сенімді түрде айттыңыз. Иран балуанының әлеуетін қалай бағалайсыз?- Бұған дейін Албанияда өткен рейтингтік турнирде Иран балуанымен белдесуде басым түсіп жатып, екінші кезеңде қателікпен есе жіберіп едім. Ол жолы 77 келіде күрестік. Ұпай беріп қойғаннан кейін белдесу соңына дейін есеп айырмасын қысқарта алмадым. Сол жеңілістің қарымтасын бүгін қайтаруға толық мүмкіндік туды.- Дегенмен, кешегі жартылай финалдағы белдесу қиын болған секілді...- Жартылай финалда жолыққан қырғыз балуаны да, финалда сынға түскен Иран спортшысы да физикалық тұрғыда өте мықты. Біреуін әлсіз, біреуін ыңғайсыз қарсылас деп айта алмаймын. Белдесуде өзіңнің күресіңді жүргізуге тырысасың. Кеше 100 пайыз барымды салсам, бүгін оны екі есе жүктемемен міндетімді орындап шықтым.- Күзде әлем чемпионаты өтеді. Дайындық жұмыстары қалай жалғасады?- Алда елімізде әлем чемпионатына іріктеу турнирі өтеді. Бірақ Азия біріншілігінің алдында аға бапкеріміз «олимпиадалық емес салмақта чемпион болған балуандар бірден әлем чемпионатына баратын құрамаға кіреді» деді. Енді соған барымызды салып дайындаламыз. Қателіктермен жұмыс істеуім керек. Қазіргі сәтте маған жақсылап тынығу қажет болып тұр.- Финалға жолдама алғаннан кейін тура бір күн уақыт өтті. Осы аралықта өзіңді қалай сезіндің?- Жақсы сезіндім деп айта аламын. Бапкерлерім үнемі қасыма келіп, жағдайымды сұрап, ойымды бөлумен болды. Күресті ойламасын деп психологиялық тұрғыда дайындады.

Бішкектегі Азия чемпионатында Магомадов пен Евлоев қола жүлдегер атанды
Жаңалықты көру →
AuthorЖанкелді Қаржан
20:22, 8 сәуір 2026

Бішкектегі Азия чемпионатында Магомадов пен Евлоев қола жүлдегер атанды

Бішкекте өтіп жатқан Азия чемпионатында грек-рим күресінен ҚР ұлттық құрамасының екі балуаны қола жүлде иеленді, деп otpannews.kz тілшісі арнайы Бішкектен хабарлайды. 82 келіде Ибрагим Магомадов шешуші белдесуде Қытай өкілі Жуй Люден басым түсті. Кездесу барысында отандық бозкілем шебері 5:3 есебімен белдесуді табысты аяқтады.35 жастағы Магомадов осымен Азия чемпионатындағы бесінші жүлдесіне қол жеткізді. Ол бұған дейін 1 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль иеленген.Сонымен бірге, 97 келіде Ислам Евлоев үздік үштікке қосылды. Оңтүстік Корея балуаны Минхо Лимен айқаста мерзімінен бұрын жеңіске жетті.Бұған дейін отандық классик балуандардан Алматбек Аманбек (72 кг) Азия чемпионы атанса, Нұрсұлтан Тұрсынов (87 кг) қола жүлдеге қол жеткізді.Ертең чемпионаттың төртінші күнінде әйелдер күресінен Марал Тәңірбергенова мен Гүлмарал Еркебаева (76 кг) құрлық біріншілігінің қола жүлдесі үшін күреседі. Сонымен бірге, жарыс жолына тағы 5 балуанымыз шығады.

Алматбек Аманбек Азия чемпионатында топ жарды
Жаңалықты көру →
AuthorЖанкелді Қаржан
20:14, 8 сәуір 2026

Алматбек Аманбек Азия чемпионатында топ жарды

Бішкекте күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия біріншілігінде грек-рим күресінің балуаны Алматбек Аманбек үздік шықты, деп otpannews.kz тілшісі арнайы Бішкектен хабарлайды. 72 келіде сынға түскен отандасымыз шешуші белдесуде Иран балуаны Мохаммад Резаиді мерзімінен бұрын жеңді. Кездесудің алғашқы кезеңінде парсы балуанының партердегі қателігін оңтайлы пайдаланған Алматбек құрлық бірішілігінің алтынына қол жеткізді. Әзірге грек-рим күресінен ҚР ұлттық құрамасы Азия чемпионатында үш жүлде иеленіп үлгерді. Турнирдің үшінші жарыс күнінде 82 келіде Ибрагим Магомадов қола жүлде үшін күресте Қытай балуанынан басым түсті. Сонымен бірге, кеше 87 келіде Нұрсұлтан Тұрсынов қола жүлдеге қол жеткізген болатын. Айта кететін жайт, классик балуандар арасында Ербол Камалиев (60 кг) пен Қаһарман Қисметов (77 кг) қола жүлде үшін күресте есе жіберіп, чемпионатты бесінші орынмен аяқтады.

Азия чемпионаты: Әйелдер күресінен қазақстандық екі балуан жартылай финалға шықты
Жаңалықты көру →
AuthorЖанкелді Қаржан
12:23, 8 сәуір 2026

Азия чемпионаты: Әйелдер күресінен қазақстандық екі балуан жартылай финалға шықты

Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия біріншілігінің үшінші жарыс күнінде Қазақстан әйелдер құрамасының екі балуаны біріншілікті сәтті бастады, деп otpannews.kz тілшісі арнайы Бішкектен хабарлайды. Әйелдер күресінен өткен іріктеу бәсекесінде ұлттық құрамадан 5 балуан бозкілемге шықты. Оның ішінде тек Марал Тәңірбергенова (50) пен Гүлмарал Еркебаева (76 кг) жартылай финалға өтті. Шұғыла ширек финалдық белдесуде Қытай Тайпейінің балуанын 9:2 есебімен жеңді. Енді ол жартылай финалдық кезеңде Токио Олимпиадасының чемпионы, жапониялық Юи Сусакимен шеберлік байқасады. Ең жоғары салмақтағы Гүлмарал Еркебаева үндістандық Кажал Кажалмен тартысты белдесуде соңғы секундтарда ұпай алып, жеңіске жетті. Қазақ балуаны жартылай финалда Моңғолия спортшысы Даваанасан Энх Амармен кездеседі. Дегенмен, бүгін белдесуге шыққан Шұғыла Өмірбек (55 кг) пен Виктория Кусаинова (59 кг) алғашқы айналымда үнді балуандарына қарсы тегеурінді қауқар таныта алмады. Ал Елена Шалыгина (68 кг) Жапония өкілінен 10:1 есебімен жеңілуге мәжбүр болды. Айта кететін жайт, бүгін грек-рим күресінен Қазақстан балуандары 4 салмақта жүлде үшін бозкілемге шығады. Олардың арасында Алматбек Аманбек (72 кг) финалда Иран спортшысымен құрлық чемпионын анықтаса, Ербол Камалиев (60 кг), Ибрагим Магомадов (82 кг) және Ислам Евлоев (97 кг) қола жүлдені сарапқа салады.

Алматбек Аманбек: «Чемпион болуға барымды саламын»
Жаңалықты көру →
AuthorЖанкелді Қаржан
19:58, 7 сәуір 2026

Алматбек Аманбек: «Чемпион болуға барымды саламын»

Қырғызстан астанасы Бішкекте өтіп жатқан Азия чемпионатында грек-рим күресінен Алматбек Аманбек финалға шықты. Ұлттық құрама мүшесі 72 келіде қырғызстандық Амантұр Исмаиловты 3:1 есебімен жеңіп, шешуші сәтте үмітті толық ақтады.Ол классикалық күрестен ҚР ұлттық құрамасынан финалға шыққан жалғыз балуан атанып отыр. Жауапты белдесуден кейін спортшымен otpannews.kz тілшісі арнайы Бішкекте сұхбаттасқан еді.- Жартылай финалдағы белдесуім өте тартысты өтті. Бапкерлерім айтқан тактикалық амалды толық жүзеге асыра алдым деп есептеймін. Қарсыласым қырғыздың даңқты балуанымен күресім ойдағыдай өтті. Ертең финалдық белдесуде тактикамен жеңісті жұлып аламын деген ойдамын. Бұйырса, елге алтын медальмен ораламын.- Кешегі белдесулерде құрама балуандары жаппай жеңіліп жатты. Жартылай финалда табандылық танытуыңа сол жағдай қаншалықты әсер етті?- Жарыста бақ шаба ма, бап шаба ма дейді. Әркімнің жағдайы әртүрлі. Олар үшін ештеңе айта алмаймын. Кішігімде қателіктер болғаны рас. Жалпы, Азия чемпионатына барлығымыз тыңғылықты дайындықпен келдік. Қазақстан ұлттық құрамасы жүлде үшін өте дайын болды.- Амантұр Исмаиловтың әлеуетін қалай бағалайсың?- Өте жоғары бағалаймын. Физикалық және тактикалық тұрғыда да мықты балуан. Аллаға шүкір, бүгін жеңіс менің еншіме бұйырды.- Қырғыз жанкүйерлерінің қарсыласыңды қиқулап қолдауы сізге кедергі келтірмеді ме?- Оның барлығын өзіме қабылдадым. Эмоцияға бой алдырмай, салқынқандылық таныттым. Елімізде жарыстарда қазақстандық жанкүйерлердің қолдауын сезініп жүрмін. Қырғыз жанкүйерлері өте мықты. Күрес десе делебесі қозып, ішер асын жерге қояды. Бүгін де жұмысын тастап аренаға жиналып отыр. Бұл жағынан қазақтар да қалыспайды. Азия чемпионатына елден арнайы келген көрермендер бар.Айта кететін жайт, Азия чемпионатында грек-рим күресінің алтауы жүлде үшін күресуге мүмкіндік алса, оның бесеуі қола жүлде үшін сынға түседі.

Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында алғашқы қола жүлдеге қол жеткізді
Жаңалықты көру →
AuthorЖанкелді Қаржан
19:25, 7 сәуір 2026

Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында алғашқы қола жүлдеге қол жеткізді

Бішкекте күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының балуаны Нұрсұлтан Тұрсынов үшінші орын үшін белдесуде жеңіске жетті, деп otpannews.kz тілшісі арнайы Бішкектен хабарлайды.87 келіде Нұрсұлтан Тұрсынов қола жүлде үшін белдесуде Түрікменстан балуаны Довлетмурат Байрамовты мерзімінен бұрын жеңді. Белдесудің алғашқы кезеңінде партердегі мүмкіндігін тиімді пайдаланған отандасымыз таблодағы есепті 9:0-ге жеткізді.Осылайша Қазақстан құрамасының мүшесі Нұрсұлтан Тұрсынов Азия чемпионаттарында алтыншы рет жүлде иеленді. Отандық балуан бұған дейін құрлық біріншіліктерінде 1 алтын, 3 күміс және 1 қола жүлдеге қол жеткізген еді.Сондай-ақ, 77 келіде Қазақстан балуаны Қаһарман Қисметов қола жүлде үшін белдесуде өзбекстандық Дониёрхон Накибовке есе жіберді (1:10).Ертең турнирдің үшінші жарыс күнінде Қазақстан балуандары арасынан Алматбек Аманбек (72 кг) финалда Азия чемпионы атағы үшін бозкілемге шығады. Сонымен қатар, Ербол Камалиев (60 кг), Ибрагим Магомадов (82 кг) және Ислам Евлоев (97 кг) қола жүлде үшін күреседі.Сондай-ақ, әйелдер күресі бойынша белдесулер басталады.

Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасының фавориті жеңілісінің себебін түсіндірді
Жаңалықты көру →
AuthorЖанкелді Қаржан
12:56, 7 сәуір 2026

Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасының фавориті жеңілісінің себебін түсіндірді

Бішкекте өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалында қырғыз балуанына есе жіберген Нұрсұлтан Тұрсынов жеңілісінің себебін атады. Грек-рим күресінен 87 келіде сынға түскен ұлттық құрама мүшесі қарсыласының өз жанкүйерлері алдында лас күрескенін алға тартты, деп хабарлайды otpannews.kz тілшісі.«Жартылай финалдық белдесуде қарсыласым баспен ұрып, аяқтан шалып, лас күресті көрсетті. Сондай-ақ партерде есем кетіп, ол тиісті ұпайын иеленіп кетті. Енді ертең қола жүлде үшін күресемін», - деді ҚР ұлттық құрамасының балуаны.Сонымен бірге Нұрсұлтан Тұрсынов финалға шыққан Асан Жанышевпен алғаш рет бозкілемде кездескенін айтты.«Қырғыз балуанымен алғаш рет күрестім. Белдесуде сылбыр болдым деп айта алмаймын. Екеуміз де партерге түсіруге тырыстық, бірақ ойымыз іске аспады. Жанкүйерлердің қырғыз балуанын қатты қолдауы мені еш қобалжытқан жоқ. Жалпы, бәрі ойдағыдай болып жатқан еді. Алайда баспен екі-үш рет ұрғаннан кейін қайта ұмтылғаныммен нәтиже болмады. Сол себепті жеңіс бізге бұйырмады», - деді Нұрсұлтан Тұрсынов.Биылғы Азия чемпионатында 87 келі салмақ дәрежесінде барлығы 11 балуан қатысты. Қазақстан құрамасының мүшесі іріктеу кезеңін ширек финалдан бастап, оңтүстіккореялық Сынхван Лиді 7:1 есебімен жеңген болатын.Айта кетейік, Азия чемпионатының алғашқы жарыс күнінде Қазақстан құрамасынан бес балуан өнер көрсетті. Алайда олардың тек екеуі ғана жүлде үшін күресуге мүмкіндік алды. Бұл ретте Нұрсұлтан Тұрсынов түркіменстандық Давлетмурад Байрамовпен қола жүлде үшін белдеседі, ал 77 келіде Қаһарман Қисметов үшінші орын үшін өзбекстандық Дониёрхон Накибовпен шеберлігін сынайды.

YouTube бейнелер
Тұрғын үйді сатып алу кезінде қандай құжаттарға мән беру керек?
YouTube
Бейнені көру →
15:21, 3 сәуір 2026

Тұрғын үйді сатып алу кезінде қандай құжаттарға мән беру керек?

Жаңа салынған үйлерден пәтер алар кезде құрылыс мекемесінің қандай рұқсат құжаттары болуы қажет? Арзан бағаға бола фундаменті құйылған үйге ақша салмас бұрын қандай құжаттарды тексеру керек және кім үлескер бола алады? Осы сұрақтарға Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының Қала құрылысын бақылауы бөлімі басшысы Аманқосұлы Қуандық жауап берді.

Айбек Имашев: Маңғыстау дзюдосы талай чемпионды түлетеді
YouTube
Бейнені көру →
11:56, 26 наурыз 2026

Айбек Имашев: Маңғыстау дзюдосы талай чемпионды түлетеді

Карта

Қалай баруға болады

9-й микрорайон, 42/1
Актау, Актау городская администрация

Ең жақын аялдама: 9-й микрорайон д.18 (350 м, 4 мин)

Маршрут құру
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!