Otpan News Logo
«Әділет» партиясының кандидаттары «ТрубРемЦентр» ұжымымен кездесті
Анонс
Жаңалықты көру →

«Әділет» партиясының кандидаттары «ТрубРемЦентр» ұжымымен кездесті

«Әділет» партиясынан Маңғыстау облыстық және Жаңаөзен қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттар Жаңаөзен қаласындағы «ТрубРемЦентр» мекемесінің қызметкерлерімен кездесті.Үгіт-насихат жұмыстары аясында өткен жиында кандидаттар партияның 2026–2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын таныстырып, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген стратегиялық міндеттерді түсіндірді.Кездесуде өңірдің әлеуметтік инфрақұрылымын жетілдіру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүйесін жаңғырту, ауызсумен тұрақты қамтамасыз ету және қаланың инженерлік желілерін кезең-кезеңімен жаңарту мәселелеріне басымдық берілді.Сонымен қатар кандидаттар Жаңаөзен қаласының тұрақты дамуы үшін коммуналдық қызметтердің сапасын арттыру, тұрғындарға қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру және әлеуметтік нысандардың қолжетімділігін қамтамасыз ету маңызды екенін атап өтті.«Халықтың өмір сапасы ең алдымен күнделікті тұрмыстағы жағдаймен өлшенеді. Таза ауызсу, тұрақты жылу мен электр энергиясы, сапалы жол және қолжетімді әлеуметтік қызметтер – тұрғындар үшін ең өзекті мәселелер. Сондықтан қаланың инженерлік инфрақұрылымын жаңарту мен коммуналдық жүйелердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінуі тиіс. Мемлекет басшысының Жолдауында да инфрақұрылымды жаңғырту және елді мекендердің дамуындағы теңсіздікті азайту міндеттері айқындалған. Бұл бағытта жүйелі әрі нәтижелі жұмыс жүргізу маңызды», – деді Римма Мұханова.Бұдан бөлек, жиында білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы қызмет сапасын арттыру, заманауи әлеуметтік нысандар салу және жастардың кәсіби білім алу мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері де сөз болды.Кездесу соңында еңбек ұжымы сауалдарын қойып, қаланың дамуына қатысты ұсыныстарын жеткізді. Кандидаттар тұрғындармен тұрақты байланыс орнатудың және өзекті мәселелерді бірлесіп талқылаудың маңызын атап өтті.Маңғыстау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.Дайындаған: «Маңғыстау Медиа» ЖШС;Мекенжайы: Ақтау қ., 9 шағынаудан, 42/1;Тапсырыс беруші: Маңғыстау облыстық мәслихаты депутаттарын сайлауына партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясының атынан өкілдік ететін Нұрбек Қарасайұлы Қарасаев арқылы партияның сайлау қоры қаражаты есебінен дайындалды.

Author AvatarOtpan News

22:12, 13 қараша 2026

Жарнама бөлімі: +7 (778) 145 90 93

Редакция: +7 (7292) 20 48 42

«Әділет» партиясының кандидаттары «Каскор-Машзавод» ұжымымен кездесті
Анонс
AuthorOtpan News
11:08, 13 қараша 2026

«Әділет» партиясының кандидаттары «Каскор-Машзавод» ұжымымен кездесті

Төбелесті видеоға түсірсеңіз, оны әлеуметтік желіге жариялауға асықпаңыз
Анонс
AuthorOtpan NEWS
10:28, 13 қараша 2026

Төбелесті видеоға түсірсеңіз, оны әлеуметтік желіге жариялауға асықпаңыз

Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады
Жаңалықты көру →
19:42, 13 қараша 2026

Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады

Президент «Қазақстан темір жолы» жұмысын сынға алып, көлік саласына нақты тапсырмалар берді
Жаңалықты көру →
19:35, 13 қараша 2026

Президент «Қазақстан темір жолы» жұмысын сынға алып, көлік саласына нақты тапсырмалар берді

Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізді
Жаңалықты көру →
19:31, 13 қараша 2026

Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізді

Маңғыстауда құрылыс саласының ардагері Ұзақбай Әділов өмірден өтті
Жаңалықты көру →
19:27, 13 қараша 2026

Маңғыстауда құрылыс саласының ардагері Ұзақбай Әділов өмірден өтті

Маңғыстауда мұнай-газ қызметкерлерімен өткен кездесуде Жолдау жан-жақты талқыланды
Жаңалықты көру →
18:44, 13 қараша 2026

Маңғыстауда мұнай-газ қызметкерлерімен өткен кездесуде Жолдау жан-жақты талқыланды

Ақтауда миында ісігі бар үш науқасқа күрделі операция жасалды
Жаңалықты көру →
18:43, 13 қараша 2026

Ақтауда миында ісігі бар үш науқасқа күрделі операция жасалды

Нұрдәулет Қилыбай Түпқараған тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады
Жаңалықты көру →
18:24, 13 қараша 2026

Нұрдәулет Қилыбай Түпқараған тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады

Маңғыстауда кәсіпкерлер мен өндіріс саласының қызметкерлерімен кездесу өтті
Жаңалықты көру →
18:14, 13 қараша 2026

Маңғыстауда кәсіпкерлер мен өндіріс саласының қызметкерлерімен кездесу өтті

Жаңаөзенде Жолдау талқыланды: Энергетика, инфрақұрылым және әлеуметтік сала бойынша маңызды жоспарлар аталды
Жаңалықты көру →
17:39, 13 қараша 2026

Жаңаөзенде Жолдау талқыланды: Энергетика, инфрақұрылым және әлеуметтік сала бойынша маңызды жоспарлар аталды

Жаңаөзенде «Өзенмұнайсервис» қызметкерлерімен кездесу өтті
Жаңалықты көру →
17:12, 13 қараша 2026

Жаңаөзенде «Өзенмұнайсервис» қызметкерлерімен кездесу өтті

Президент Жолдауы: Ақтау теңіз портының еңбек ұжымымен кездесу өтті
Жаңалықты көру →
16:53, 13 қараша 2026

Президент Жолдауы: Ақтау теңіз портының еңбек ұжымымен кездесу өтті

Маңғыстау даласынан Кавказ тауларына дейін: Ақтаулық әйел 1500 шақырымды жалғыз жүріп өтті
Жаңалықты көру →
16:24, 13 қараша 2026

Маңғыстау даласынан Кавказ тауларына дейін: Ақтаулық әйел 1500 шақырымды жалғыз жүріп өтті

Президент: Сыбайлас жемқорлыққа батқан ниеті теріс кісілер – біздің қас жауымыз
Жаңалықты көру →
15:37, 13 қараша 2026

Президент: Сыбайлас жемқорлыққа батқан ниеті теріс кісілер – біздің қас жауымыз

Облыс әкімі Түпқараған ауданы тұрғындарымен кездесті
Жаңалықты көру →
15:35, 13 қараша 2026

Облыс әкімі Түпқараған ауданы тұрғындарымен кездесті

Мемлекет басшысы Үкімет пен бақылаушы органдарға сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылықтарды барынша азайту жөнінде ұсыныс беруді тапсырды
Жаңалықты көру →
15:32, 13 қараша 2026

Мемлекет басшысы Үкімет пен бақылаушы органдарға сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылықтарды барынша азайту жөнінде ұсыныс беруді тапсырды

Президент Конституцияның негізгі ережелерін сақтамағандар «Заң мен Тәртіп» қағидатына сәйкес қатаң жазаланатынын айтты
Жаңалықты көру →
15:30, 13 қараша 2026

Президент Конституцияның негізгі ережелерін сақтамағандар «Заң мен Тәртіп» қағидатына сәйкес қатаң жазаланатынын айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев: Еліміздегі сыбайлас жемқорлық ахуалы күрделі болып тұр
Жаңалықты көру →
15:28, 13 қараша 2026

Қасым-Жомарт Тоқаев: Еліміздегі сыбайлас жемқорлық ахуалы күрделі болып тұр

Президент: Бұл – мемлекеттік компанияларда жемқорлық белең алғанын көрсететін аса күрделі жағдай
Жаңалықты көру →
15:19, 13 қараша 2026

Президент: Бұл – мемлекеттік компанияларда жемқорлық белең алғанын көрсететін аса күрделі жағдай

Ақтауда дәрігерлер күрделі ота жасап, ана мен баланы аман алып қалды
Жаңалықты көру →
15:14, 13 қараша 2026

Ақтауда дәрігерлер күрделі ота жасап, ана мен баланы аман алып қалды

«ҚазАзот» ұжымымен Президент Жолдауының басым бағыттары талқыланды
Жаңалықты көру →
14:58, 13 қараша 2026

«ҚазАзот» ұжымымен Президент Жолдауының басым бағыттары талқыланды

Advertisement
«Әділет» партиясының кандидаттары «ТрубРемЦентр» ұжымымен кездесті
Жаңалықты көру →
AuthorOtpan News
22:12, 13 қараша 2026

«Әділет» партиясының кандидаттары «ТрубРемЦентр» ұжымымен кездесті

«Әділет» партиясынан Маңғыстау облыстық және Жаңаөзен қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттар Жаңаөзен қаласындағы «ТрубРемЦентр» мекемесінің қызметкерлерімен кездесті.Үгіт-насихат жұмыстары аясында өткен жиында кандидаттар партияның 2026–2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын таныстырып, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген стратегиялық міндеттерді түсіндірді.Кездесуде өңірдің әлеуметтік инфрақұрылымын жетілдіру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүйесін жаңғырту, ауызсумен тұрақты қамтамасыз ету және қаланың инженерлік желілерін кезең-кезеңімен жаңарту мәселелеріне басымдық берілді.Сонымен қатар кандидаттар Жаңаөзен қаласының тұрақты дамуы үшін коммуналдық қызметтердің сапасын арттыру, тұрғындарға қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру және әлеуметтік нысандардың қолжетімділігін қамтамасыз ету маңызды екенін атап өтті.«Халықтың өмір сапасы ең алдымен күнделікті тұрмыстағы жағдаймен өлшенеді. Таза ауызсу, тұрақты жылу мен электр энергиясы, сапалы жол және қолжетімді әлеуметтік қызметтер – тұрғындар үшін ең өзекті мәселелер. Сондықтан қаланың инженерлік инфрақұрылымын жаңарту мен коммуналдық жүйелердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінуі тиіс. Мемлекет басшысының Жолдауында да инфрақұрылымды жаңғырту және елді мекендердің дамуындағы теңсіздікті азайту міндеттері айқындалған. Бұл бағытта жүйелі әрі нәтижелі жұмыс жүргізу маңызды», – деді Римма Мұханова.Бұдан бөлек, жиында білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы қызмет сапасын арттыру, заманауи әлеуметтік нысандар салу және жастардың кәсіби білім алу мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері де сөз болды.Кездесу соңында еңбек ұжымы сауалдарын қойып, қаланың дамуына қатысты ұсыныстарын жеткізді. Кандидаттар тұрғындармен тұрақты байланыс орнатудың және өзекті мәселелерді бірлесіп талқылаудың маңызын атап өтті.Маңғыстау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.Дайындаған: «Маңғыстау Медиа» ЖШС;Мекенжайы: Ақтау қ., 9 шағынаудан, 42/1;Тапсырыс беруші: Маңғыстау облыстық мәслихаты депутаттарын сайлауына партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясының атынан өкілдік ететін Нұрбек Қарасайұлы Қарасаев арқылы партияның сайлау қоры қаражаты есебінен дайындалды.

Маңғыстауда мұнай-газ қызметкерлерімен өткен кездесуде Жолдау жан-жақты талқыланды
Жаңалықты көру →
AuthorOtpan News
18:44, 13 қараша 2026

Маңғыстауда мұнай-газ қызметкерлерімен өткен кездесуде Жолдау жан-жақты талқыланды

Жиынға Қазақстан халық кеңесінің мүшесі және облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Бекмұрат Жүсіпов, Маңғыстау облыстық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Оңайбек Әбділов, Қазақстан халық кеңесінің мүшесі, эколог Кирилл Осин, сондай-ақ «Әділет» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының орынбасары Анар Шамшадинова қатысты.Жиында сөз сөйлеген Кирилл Осин еліміздегі саяси және экономикалық өзгерістерге тоқталды.-Соңғы жылдар ішінде елімізде ауқымды саяси жаңғырулар мен терең өзгерістер болды: жаңа Конституция қабылданды, вице-президент институты, біздің ел тарихында алғаш рет бірпалаталы Парламент, сондай-ақ «Қазақстан Халық Кеңесі» атынан жаңа консультативтік орган құрылды.

Президент алдымызға экономикалық трансформация жасау, экономиканы, адами әлеуетті нығайту және халықтың әл-ауқатын арттыру міндеттерін қойды. Осы орайда екі негізгі бағытқа баса назар аударылды: «Халықтық құрылыс» және «Жаңа цифрлық экономика». Осы орайда көптеген жобалар жүзеге асады.Бүгінде күнделікті өмірімізде цифрлық қосымшалар мен жасанды интеллект кеңінен қолданылуда. Президент жасанды интеллектті тек тұрмыстық деңгейде ғана емес, білім беру, денсаулық сақтау және мемлекеттік басқару сияқты барлық салаларға енгізуді тапсырды. Қазақстан мемлекеттік қызметтерді көрсетудің цифрлық сервисі бойынша әлемнің топ-10 елінің қатарына кірді. Цифрлық технологиялар мен жасанды интеллекттің дамуы ірі қалалар мен ауылдық жерлердің арасындағы алшақтықты жойып, әрбір азаматқа тең мүмкіндіктер мен бәсекеге қабілетті болуға жол ашады, – деп атап өтті Кирилл Осин.Кездесу соңында мұнай-газ қызметкерлері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауаптар алды.

Нұрдәулет Қилыбай Түпқараған тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады
Жаңалықты көру →
AuthorМахаббат Нұржанқызы
18:24, 13 қараша 2026

Нұрдәулет Қилыбай Түпқараған тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады

OTPANNEWS.KZ – Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Түпқараған ауданында халықпен есептік кездесуден кейін жергілікті тұрғындардың өтініштерін тыңдады.Қабылдау кезінде тұрғындар жұмысқа орналасу, әлеуметтік қолдау, баспана, медициналық қызмет, ауыз су және жол инфрақұрылымына қатысты мәселелерді көтерді.Облыс әкімі әрбір өтінішті қарап, жауапты мемлекеттік органдар мен аудан әкімдігіне тиісті тапсырмалар берді. Көтерілген мәселелерді қолданыстағы заңнама аясында зерделеп, шешу жолдарын қарастыруды және тапсырмалардың уақытылы орындалуын қамтамасыз етуді міндеттеді.

Маңғыстауда кәсіпкерлер мен өндіріс саласының қызметкерлерімен кездесу өтті
Жаңалықты көру →
AuthorOtpan News
18:14, 13 қараша 2026

Маңғыстауда кәсіпкерлер мен өндіріс саласының қызметкерлерімен кездесу өтті

Маңғыстау облысында Мемлекет басшысының «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын түсіндіру және онда белгіленген басым бағыттарды талқылау мақсатында кәсіпкерлер мен өндіріс саласының қызметкерлерімен кездесу өтті.Іс-шараға ҚР Ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Т. Қосымбаев, Қазақстан халық кеңесінің мүшесі Р. Аймурзаева, «Әділет» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының орынбасары Н. Қарасаев, «Әділет» партиясының мүшесі З. Фаталиева қатысты, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.Алғашқы кездесу Ақтау қаласындағы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының ғимаратында қала кәсіпкерлерімен ұйымдастырылды.Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Шынар Ахметкалиеваның айтуынша, кездесудің мақсаты – Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген бағыттарды айқындап, олардың өңіріміз үшін қандай мүмкіндіктер ашатынын және алдағы уақытта қандай міндеттер жүктейтінін талқылау. -Жолдауда инвестиция тарту, экономиканы дамыту және жасанды интеллектті пайдалану мәселелері көтерілді. Бұл бағыттар бойынша кәсіпкерлер палатасы өз жұмысын жалғастырып келеді. Ендігі міндет – мемлекеттік органдар, кәсіпкерлер палатасы және бизнес өкілдері арасында өзара байланысты нығайтып, ортақ мақсатта жүйелі жұмыс жүргізу, - деді Шынар Ахметкалиева.Екінші кездесу «OilConstructionCompany» ЖШС қызметкерлерімен өтті. Кездесу барысында ұжым қызметкерлері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты.«OilConstructionCompany» ЖШС бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Руслан Сисенғалиев кездесуде Президент Жолдауының негізгі бағыттары түсіндіріліп, қатысушылардың көкейінде жүрген өзекті мәселелер, соның ішінде келесі жылы қолға алынатын ауруханалар мен мектептердің құрылысы талқыланғанын атап өтті.-Кездесу барысында Жолдаудың негізгі бағыттары сөз болып, әріптестеріміз көкейде жүрген бірқатар өзекті мәселені ортаға салды. Әсіресе, келесі жылдың «Халықтық құрылыс жылы» деп жариялануына байланысты салынатын ауруханалар мен мектептердің құрылысы жөнінде пікір алмастық. Бұл бастамалар өңірдің әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға, халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған, - деді Руслан Сисенғалиев.Сондай-ақ Мұнайлы ауданындағы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ филиалы – «Магистральдық желінің Маңғыстау бөлімшесі» қызметкерлерімен кездесу өтті. Жиынға Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары Серікқали Алпамысұлы қатысты.Жиын барысында теміржол саласы қызметкерлері өз ұсыныс-пікірлерін білдіріп, көлік қатынасы мен инфрақұрылымды дамытуға қатысты мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, қоғамдық көлік қатынасын жақсарту, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау және елді мекендер арасындағы қатынасты дамыту жөнінде ұсыныстар айтылды.

Жаңаөзенде Жолдау талқыланды: Энергетика, инфрақұрылым және әлеуметтік сала бойынша маңызды жоспарлар аталды
Жаңалықты көру →
AuthorOtpan News
17:39, 13 қараша 2026

Жаңаөзенде Жолдау талқыланды: Энергетика, инфрақұрылым және әлеуметтік сала бойынша маңызды жоспарлар аталды

OTPANNEWS.KZ. – Мемлекет басшысының Жолдауын түсіндіру жөніндегі арнайы жұмыс тобы Маңғыстау облысына сапары аясында Жаңаөзен қаласындағы «Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС еңбек ұжымымен кездесті. Жиынға Құрылтай депутаты Аббат Өрісбаев, ҚР Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің комитет төрайымы Лаура Ахметнияз қатысып, елдегі басты реформалар мен өңірлік жобаларды тарқатты.Құрылтай депутаты Аббат Өрісбаев Жолдаудағы «Халықтық құрылыс» пен «Халықтық цифрлық экономика» бағыттарына тоқталып, мемлекеттік қаражаттың жұмсалуы мен әлеуметтік нысандардың сапасын қадағалаудың жаңа тетіктеріне баса мән берді. «Біздің мақсатымыз – ел экономикасын көтеру. Саяси реформалар ары қарай жалғасып, нақты іске асуда. Цифрлық теңге тетігі арқылы құрылыс жобаларының қаржыландырылуын ашық бақылауға және нысандардың уақытылы аяқталуына қол жеткіземіз», деді депутат.ҚР Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев елдің отын-энергетикалық кешенін жаңғырту, электр желілерін жаңарту және газ өңдеу қуаттарын арттыру жоспарларымен бөлісті. Сонымен қатар, жиында денсаулық сақтау саласы мен медицина қызметкерлерін қолдау аясындағы шаралар сөз болды.ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрайымы Лаура Ахметнияз өңірдегі жаңа медициналық нысандардың құрылысы мен осы саладағы жаңалықтарға тоқталды. «Халықтық құрылыс» бағдарламасы аясында елімізде 70 денсаулық сақтау объектісі салынады. Ақтау қаласында көпбейінді балалар ауруханасы мен оңалту орталығының филиалы салынады», деп атап өтті. Кездесу соңында жиналғандар өз пікірлерін ортаға салып, ойларымен бөлісті.

Жаңаөзенде «Өзенмұнайсервис» қызметкерлерімен кездесу өтті
Жаңалықты көру →
AuthorOtpan News
17:12, 13 қараша 2026

Жаңаөзенде «Өзенмұнайсервис» қызметкерлерімен кездесу өтті

OTPANNEWS.KZ. – Жаңаөзен қаласында Мемлекет басшысының Жолдауын түсіндіру мақсатында «Өзенмұнайсервис» ЖШС қызметкерлерімен кездесу өтті.Жиынға Құрылтай депутаты Аббат Өрісбаев, ҚР Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев және ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрайымы Лаура Ахметнияз қатысты.Кездесу барысында Жолдауда белгіленген елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары, мұнай-газ саласын жаңғырту, энергетикалық қауіпсіздік, инфрақұрылымды дамыту және денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру мәселелері талқыланды.Спикерлер өз салалары бойынша алдағы жоспарлар мен жүзеге асырылатын жобаларға тоқталып, Маңғыстау облысында электр және жылу желілерін жаңарту, газдандыру, жаңа медициналық нысандар салу, сондай-ақ медицина қызметкерлерін қолдау бағытындағы жұмыстарды баяндады.Сонымен қатар мұнайшылардың еңбек құқықтарын қорғау, қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету, тұрақты жұмыспен қамту және әлеуметтік кепілдіктерді күшейту мәселелеріне назар аударылды.Кездесу соңында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, өңірдің дамуы мен саладағы өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Президент Жолдауы: Ақтау теңіз портының еңбек ұжымымен кездесу өтті
Жаңалықты көру →
AuthorOtpan News
16:53, 13 қараша 2026

Президент Жолдауы: Ақтау теңіз портының еңбек ұжымымен кездесу өтті

Ақпараттық-түсіндіру тобының құрамында Қазақстан халық кеңесінің мүшесі және облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Бекмұрат Жүсіпов, облыстық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Оңайбек Әбділов, Қазақстан халық кеңесінің мүшесі, эколог Кирилл Осин, сондай-ақ «Әділет» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының орынбасары Анар Шамшадинова, Маңғыстау облысы бойынша «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ филиалының директоры Сейтжан Қожамұратов болды. Жиын барысында спикерлер Жолдауда көтерілген стратегиялық бастамалар мен ел экономикасы мен әлеуметтік саласын дамытуға бағытталған реформаларға кеңінен тоқталды. Атап айтқанда, Маңғыстау облысы бойынша «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ филиалының директоры Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2027 жылдың қаңтар айынан бастап күшіне енетін әлеуметтік сақтандыру жүйесіндегі жаңашылдықтарды түсіндірді. Қордан төленетін 5 міндетті әлеуметтік төлем жұмысынан айырылу, еңбек ету қабілетінен айырылу, асыраушысынан айырылу, жүктілік пен босану, бала 1,5 жасқа толғанға дейінгі күтім ресми жұмыс істейтін азаматтар үшін толық сақталады. - 2027 жылдан бастап бала 1,5 жасқа толғанға дейінгі күтім демалысында отырған ана өз еркімен жұмысқа мерзімінен бұрын шықса да, әлеуметтік төлем тоқтатылмайды. Жалақы мен жәрдемақыны қатар ала алады. Сондай-ақ, баланың әкесіне де декреттік демалысқа шығу мүмкіндігі сақталған. Төлем ананың табысына қарай тағайындалады.Ресми түрде жұмыс істеп, әлеуметтік аударымдары төленген азаматтар жұмыстан қандай себеппен шыққанына қарамастан төлем алуға құқылы. Жаңа тәртіп бойынша жұмыссыз ретінде тіркелу мерзімі 2 күннен 13 күнге ұзартылады. Осы уақыт ішінде мансап орталықтары азаматтарды жұмысқа орналастыру және қайта даярлау шараларын жүргізеді. Егер 13 күн ішінде жұмыс табылмаса, 3 ай мерзімге әлеуметтік төлем тағайындалады,-деді Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры АҚ-ның филиалының директоры Сейтжан Қожамұратов.Кездесу соңында порт қызметкерлері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауаптар алды.Зухра-Әбділ-Саттар

Облыс әкімі Түпқараған ауданы тұрғындарымен кездесті
Жаңалықты көру →
AuthorOtpan News
15:35, 13 қараша 2026

Облыс әкімі Түпқараған ауданы тұрғындарымен кездесті

OTPANNEWS.KZ. - Бүгін, 13 қараша күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Түпқараған ауданына жұмыс сапарымен барып, аудан тұрғындарымен кездесті.Кездесу барысында аудан әкімі Ербол Дербісов ауданның 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде баяндама жасап, негізгі бағыттар бойынша атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарларды таныстырды.Аудан басшысының мәліметінше, қазіргі таңда аудан халқының саны 42 мыңнан асады. Тұрғын үй құрылысы бағытында жыл басынан бері 111 жеке тұрғын үй пайдалануға берілген.Білім беру саласында ауданда бір колледж, 12 мемлекеттік және бір жекеменшік мектеп жұмыс істейді. Үш ауысымды оқыту мәселесі жоқ. Биыл 265 орынға арналған үш жекеменшік балабақша ашылып, аудандағы жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдардың саны 25-ке жетті.Білім сапасын арттыру және оқу орындарының материалдық-техникалық базасын нығайту жұмыстары жалғасуда. Қазіргі таңда аудан мектептерінің 90 пайызы робототехника, химия, биология, физика және STEM бағытындағы пәндік кабинеттермен қамтылған.Спорт инфрақұрылымын дамыту бағытында биыл қыркүйек айында Сайын Шапағатов ауылдық округінде Сақып Керелбаев атындағы жаңа спорт кешені пайдалануға берілді.Ал ауыл шаруашылығы бағытында биыл 21 шаруа қожалығы 153,5 гектар алқапқа түрлі дақыл егіп, 3311 тонна өнім өндірді. Егіс алқаптары толықтай тамшылатып суару технологиясымен қамтылған.Сонымен қатар балық шаруашылығын дамытуға бағытталған инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, Қызылөзен ауылында «Red Pearl балық фермасы» ЖШС Swiss Choice Holding SA компаниясының қатысуымен балық шаруашылығы кешенін дамыту жобасын іске асыруда.Туризм - ауданның даму әлеуеті жоғары бағыттарының бірі. Биыл Жығылған жеріндегі қарау алаңы ресми түрде ашылып, пайдалануға берілді. Сондай-ақ «Көгілдір айлақ» аумағында «Caspian Paradise» этноауылы ашылды.Алдағы жылы «Port Royal» демалыс орнын іске қосу жоспарланып отыр. Жобаның бірінші кезеңінің құрылысы аяқталған. Ал 2027-2029 жылдары екінші кезең аясында 150-184 бөлмеден тұратын, бассейні бар екі қабатты туристік кешен салу көзделген.Ауданды көгалдандыру аясында NCOC компаниясының демеушілігімен 110 гектар жерге 110 мың түп ағаш отырғызу жұмыстары қолға алынған. Компания бес жыл бойы егілген ағаштарды күтіп-баптауды қамтамасыз етеді. Бұдан бөлек, биыл аудан елді мекендерінде жасыл желек қорын молайту мақсатында 7 мыңнан аса түп ағаш отырғызылды.Кездесу барысында тұрғындар жол сапасы, ауыз сумен қамту, жұмыспен қамту, санитарлық тазалық, спорт инфрақұрылымы, денсаулық сақтау және өзге де әлеуметтік мәселелерді көтерді.Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай тұрғындардың әрбір сауалына жеке-жеке тоқталып, көтерілген мәселелердің шешілу жолдарын түсіндірді. Өңір басшысы тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныс-пікірлер мен мәселелерді назарға алып, оларды шешу бағытында жауапты басқармалар мен аудан әкімдігіне нақты тапсырмалар берді.

«ҚазАзот» ұжымымен Президент Жолдауының басым бағыттары талқыланды
Жаңалықты көру →
AuthorOtpan News
14:58, 13 қараша 2026

«ҚазАзот» ұжымымен Президент Жолдауының басым бағыттары талқыланды

Бүгін «ҚазАзот» акционерлік қоғамында еңбек ұжымымен маңызды кездесу өтті. Жиынның басты мақсаты - Мемлекет басшысының халыққа арнаған Жолдауындағы негізгі міндеттер мен 2029 жылға дейінгі стратегиялық жоспарларды кәсіпорын қызметкерлеріне кеңінен түсіндіру. Жиынға Маңғыстау Қазақстан халық кеңесінің мүшесі және облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Бекмұрат Жүсіпов, облыстық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Оңайбек Әбділов, Қазақстан халық кеңесінің мүшесі, эколог Кирилл Осин, сондай-ақ «Әділет» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының орынбасары Анар Шамшадинова қатысты. Кездесу барысында ел дамуының алдағы басымдықтарына жан-жақты тоқталды. Жиында сөз алған Анар Шамшадинова Жолдаудағы негізгі бағыттарды жүйелеп, халықтың әл-ауқатын арттыру қашанда басты орында тұратынын атап өтті. Алдағы уақытта Мемлекет басшысының «Халықтық құрылыс» бастамасы аясында елімізде ауқымды жұмыстар қолға алынады. Атап айтқанда, денсаулық сақтау саласында 70-тен астам, білім беру және мәдениет бағытында 50-ден астам жаңа нысан салу жоспарланған. Сонымен қатар спикер өңірдегі өзекті инфрақұрылымдық мәселелерді шешу, энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және шағын және орта бизнесті қолдау тетіктеріне ерекше назар аударды. -Қазіргі таңда шағын және орта бизнестің елдегі жалпы ішкі өнімдегі үлесі 34%-ды құрайды. Бұл көрсеткішті арттыру үшін кәсіпкерлерге бюрократиялық кедергілерді азайтып, жан-жақты қолдау көрсетуіміз қажет. Президентіміз атап өткендей, кез келген реформаның нәтижелі болуы тек ынтымақ пен қоғамдық келісімнің арқасында жүзеге асады, -деді Анар Шамшадинова. Ал Кирилл Осин өз сөзінде өңірдегі қалалар мен аудандарда, ірі еңбек ұжымдарында Жолдауды түсіндіру жұмыстары қарқынды жүріп жатқанын жеткізді. Ол саяси жаңғыру кезеңінен кейін ендігі басты міндет - экономиканы әртараптандыру, адам капиталын дамыту және заманауи цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін өндіріс пен күнделікті өмірге белсенді енгізу екенін атап өтті. -Біз қазір «Халықтық құрылыс» және «Жаңа цифрлық экономика» сынды екі үлкен қағидатқа сүйенеміз. Әлемде цифрландыру мен жасанды интеллект қарқынды дамуда, біз де сол көштен қалмауымыз керек. Сондай-ақ өңір тұрғындары ретінде экологиялық кодекс талаптарының сақталуы мен инфрақұрылымдық жобалардың сапалы орындалуына бәріміз атсалысуымыз қажет. Бірде-бір реформа халықтың қолдауынсыз сәтті іске аспайды, -деп түйіндеді Кирилл Осин. Жиын соңы еркін форматтағы пікір алмасуға ұласты.З.Әбділ-Саттар

МАЭК ұжымына Президент Жолдауының басым бағыттары түсіндірілді
Жаңалықты көру →
AuthorOtpan News
14:50, 13 қараша 2026

МАЭК ұжымына Президент Жолдауының басым бағыттары түсіндірілді

Маңғыстау атом энергетикалық комбинатының (МАЭК) қызметкерлерімен Мемлекет басшысының «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын түсіндіру мақсатында кездесу өтті. Жиынға Қазақстан Халық кеңесінің мүшесі және Маңғыстау облысы қоғамдық кеңесінің төрағасы Бекмұрат Жүсіпов, Маңғыстау облыстық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Оңайбек Әбділов, Қазақстан Халық кеңесінің мүшесі, эколог Кирилл Осин, сондай-ақ «Әділет» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының орынбасары Анар Шамшадинова қатысты.Кездесу барысында спикерлер биылғы Жолдаудың ел болашағы үшін стратегиялық маңызы зор екенін атап өтті. Елдегі экономикалық реформалар мен әлеуметтік жаңғырудың табысты жүзеге асуы тікелей қоғамдық келісім мен бірлікке байланысты екені сөз болды. Сонымен қатар Мемлекет басшысы жиі көтеріп жүрген қоғамның дамуына кедергі келтіретін кеселдер - есірткіқұмарлық, ойынқұмарлық, отбасындағы зорлық-зомбылық және ысырапшылдыққа қарсы бірлесе күресу қажеттігі айтылды.Жиында еліміздің көлік-логистикалық әлеуеті мен энергетика саласындағы өзекті мәселелерге ерекше назар аударылды. Бүгінде Қытайдан Еуропаға бағытталған жүктің 85 пайызы Қазақстан аумағы арқылы өтетіндіктен, шекарадағы өткізу бекеттерінің, соның ішінде Өзбекстанмен шекарадағы «Тәжен» пунктінің өткізу қабілетін арттыру міндеті тұр. Сондай-ақ әлемдік уран өндірісінің 40 пайызын қамтамасыз етіп отырған Қазақстан үшін ішкі электр энергиясы тапшылығын жою мақсатында Атом электр станциясын (АЭС) салудың маңыздылығы талқыланды. Сонымен қатар Кендірліде салынып жатқан жаңа әуежайды іске қосу, транзиттік әуе кеңістігін тиімді пайдалану және ЮНЕСКО тізіміне енген жер асты мешіттері арқылы өңірдің туристік әлеуетін дамыту мәселелері қозғалды.Кездесу барысында Қазақстан халық кеңесінің мүшесі, облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Бекмұрат Жүсіпов комбинат ұжымымен кездесудің стратегиялық маңызына және өңірде салынатын жаңа әлеуметтік нысанға кеңінен тоқталды.- Бүгін біз 3,5 мыңға жуық азамат еңбек ететін Маңғыстау атом энергетикалық комбинатына арнайы келіп, ұжымға Мемлекет басшысының Жолдауын жеткізіп отырмыз. Бұл кезіндегі атом энергетикалық комбинатының ізін жалғаған, дәстүрі қалыптасқан, жоғары санатты әрі білікті мамандар шоғырланған іргелі кәсіпорын. Биылғы Жолдаудың негізгі өзегі - құрылыс пен энергетика саласына тікелей байланысты. Сондықтан ел экономикасын өркендету мен энергетиканы дамыту бағытында осындай кәсіби ұжыммен ақылдасып, дәйекті пікір алмасу біз үшін аса маңызды.Сонымен қатар Маңғыстау облысында бала туу көрсеткіші өте жоғары болғандықтан, балалар денсаулығына арналған әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту -кезек күттірмейтін міндет. Осы ретте халықтық құрылыс жобалары аясында Ақтау қаласында көпбейінді балалар ауруханасын салу жоспарланып отыр. Қазіргі таңда нысанның орны мен алдын ала сметалық құны белгіленді. Аурухана Ана мен бала орталығының жанынан арнайы бөлінген жер телімінде бой көтеріп, болашақта біртұтас денсаулық қалашығына айналады. Жоба бойынша 350 төсек-орындық аурухана құрамында инфекциялық бөлімше, емхана және заманауи диагностикалық орталық қарастырылған. Барлық озық медициналық жабдықтармен қамтылатын бұл кешеннің құрылысын 2029 жылға дейін аяқтау көзделіп отыр. Жобаның алдын ала болжамды құны 83 миллиард теңгені құрайды, ал нақты сомасы жобалық-сметалық құжаттама толық дайын болған соң белгілі болады,– деді Бекмұрат Жүсіпов.Жиын соңында комбинат қызметкерлері өздерін толғандырған сұрақтары мен ұсыныстарын ортаға салып, келген қонақтардан нақты жауаптар алды. Зухра Әбділ-Саттар

Итальяндық сәулетшілер Ақтаудың инженерлік инфрақұрылымын дамыту жобаларын ұсынды
Жаңалықты көру →
AuthorOtpan News
14:23, 13 қараша 2026

Итальяндық сәулетшілер Ақтаудың инженерлік инфрақұрылымын дамыту жобаларын ұсынды

OTPANNEWS.KZ. - Бүгін, 13 қарашада Ақтау қаласында Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Бекбол Орынбасаров пен қала әкімі Мақсат Мұқаш италиялық сәулетші әрі қала құрылысшысы Вальтер Маккимен кездесті. Бұл туралы Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.Кездесу барысында италиялық маман Қазақстанның және әлемнің өзге де қалаларында жүзеге асырған жобаларын таныстырып, кәсіби тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар Ақтау қаласының инженерлік инфрақұрылымының қазіргі жағдайы, электр және жылу жүйелері, коммуналдық желілердің жай-күйі мен оларды жаңғырту мәселелері талқыланды.Кездесу аясында италиялық делегация Ақтау қаласына арналған жобаларын таныстырып, инженерлік инфрақұрылымды дамыту және қаланың коммуналдық жүйелерінің тиімділігін арттыру бағытындағы ұсыныстарын ортаға салды.Қала әкімі италиялық маманның тәжірибесі мен ұсыныстарына қызығушылық білдіріп, өзара ынтымақтастық орнатуға дайын екенін жеткізді.– Қазақстанның және әлемнің басқа да қалаларында жүзеге асырған жұмыстарыңызбен таныстық. Бізді толғандыратын өзекті мәселелер бойынша сіздермен кезең-кезеңімен жұмыс істеуге дайынбыз, – деді қала әкімі Мақсат Мұқаш.Кездесу қорытындысында тараптар Ақтау қаласының өзекті инфрақұрылымдық мәселелерін ескере отырып, ұсынылған жобаларды кезең-кезеңімен қарастыру және алдағы уақытта ынтымақтастық орнату мүмкіндіктерін талқылады.

Мұнайға тәуелділікті азайту: Маңғыстауда мұнайдан өзге өндіріс салалары қалай дамып жатыр?
Жаңалықты көру →
AuthorOtpan News
14:15, 13 қараша 2026

Мұнайға тәуелділікті азайту: Маңғыстауда мұнайдан өзге өндіріс салалары қалай дамып жатыр?

OTPANNEWS.KZ. – Маңғыстау облысы – мұнай-газ өнеркәсібі дамыған, еліміз үшін стратегиялық маңызы бар өңірлердің бірі. Мұнай-газ секторы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына, өнеркәсіптік әлеуетінің артуына және бюджет кірісінің қалыптасуына елеулі үлес қосып келеді. Дегенмен өңір экономикасының бұл салаға тәуелділігі әлі де жоғары. Мәселен, 2025 жылдың қорытындысы бойынша жалпы өңірлік өнім құрылымындағы тау-кен өнеркәсібінің үлесі 31,8%-ды құрады.Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2025 жылы өңірде 17 млн тонна мұнай өндірілген. Бұл республика бойынша жалпы мұнай өндіру көлемінің 18%-ына тең. Сонымен қатар 2,5 млрд текше метр газ өндіріліп, елдегі жалпы газ өндіру көлемінің 3,7%-ын құрады.Мұнай-газ саласының еңбек нарығындағы үлесі де айтарлықтай. 2026 жылдың екінші тоқсанындағы ресми статистикалық мәліметтерге сәйкес, өңірде жұмыспен қамтылған халық саны 380,3 мың адамды құрайды. Оның 43,2 мыңы немесе 12%-ы тау-кен өнеркәсібінде еңбек етеді.«Сонымен қатар шикізат секторына тәуелділік тұрақтылықтың кепілі бола алмайды. Сондықтан экономиканы әртараптандыруды дамудың басты бағыттарының бірі ретінде айқындадық. Негізгі өсім нүктелері ретінде өңдеу өнеркәсібіне, туризмге, балық шаруашылығына және логистикаға басымдық беріліп отыр. Басты мақсатымыз – облыстың экономикалық моделін біртіндеп өзгертіп, мұнай-газ саласына ғана емес, бірнеше дербес өсу көзіне сүйенетін бәсекеге қабілетті әрі орнықты экономика қалыптастыру. Бұл өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттырып, халықтың әл-ауқатын жақсартуға және келер ұрпақ үшін берік экономикалық негіз қалыптастыруға мүмкіндік береді», – деп хабарлады Маңғыстау облысының экономика басқармасы.Мемлекет басшысы Жолдауда көптеген елде экономиканың негізгі қозғаушы күштерінің бірі саналатын шағын бизнестің маңызын атап өтті. Осыған байланысты өңірде шағын және орта бизнесті дамытуға, инвестиция тартуға, кәсіпкерлік бастамаларды қолдауға және жаңа өндірістік жобаларды жүзеге асыруға ерекше назар аударылып отыр.Бүгінде өңір экономикасындағы мұнай-газ саласының үлесі жыл сайын төмендеп келеді. Соңғы бес жылда бұл көрсеткіш 41,9%-дан 31,8%-ға дейін азайған. Ал мұнай-газға қатысы жоқ салаларда өсім байқалады. Атап айтқанда, өңдеу өнеркәсібінің өсімі 4,4%-ды (245,2 млрд теңге), сауданың өсімі 6,1%-ды (340,1 млрд теңге), құрылыстың өсімі 7,5%-ды (415,8 млрд теңге) құрады. Әлеуметтік салаларда да 5% өсім тіркелген.«Басты мақсатымыз – 2030 жылға қарай Маңғыстауды мұнай саласына тәуелді өңірден заманауи өндірістік, көлік-логистикалық және сервистік хабқа айналдыру. Бұл бағытта қазірдің өзінде белгілі бір нәтижелерге қол жеткізіліп, алдағы жоспарлар қалыптастырылды. Ең алдымен, бұл жұмыс инвестиция тартудан басталады. Соңғы үш жылда өңірге негізгі капиталға салынған шамамен 3 трлн теңге инвестиция және 3 млрд АҚШ доллары көлемінде тікелей шетелдік инвестиция тартылды», – деп атап өтті ведомствода.Инвесторларға қолайлы жағдай жасау мақсатында «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағының жұмыс істеу мерзімі 2053 жылға дейін ұзартылды. Оның аумағы қосымша 7,9 мың гектарға кеңейтіліп, қызметтің 23 жаңа түрі енгізілді.«Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының жұмыс тәсілі де өзгерді. Бұрынғы әмбебап модельдің орнына өңір дамуының басым бағыттарына сәйкес жобаларды жүзеге асыруды көздейтін нақты кластерлік модель енгізілді. Қазіргі уақытта корпорацияның қатысуымен жалпы құны 22,1 млрд теңге болатын 8 бірлескен жоба іске асырылуда. Оның 13,9 млрд теңгесі – «Каспий» ӘКК-нің қайтарымды негізде ұсынған қаражаты. Жобалар аясында 600 жұмыс орнын ашу жоспарланған.Олардың қатарында «Organic Fish» ЖШС-нің форель өсіру шаруашылығы мен балық өңдеу цехын салу, «BCC Project» ЖШС-нің Жылы жағажай аумағында санаторий-курорттық кешен салу және дамыту жобалары бар.Көлік-логистика әлеуетін арттыруӨңірді дамытудың екінші маңызды бағыты – көлік-логистика әлеуетін арттыру. Маңғыстаудың Каспий теңізі жағалауында орналасуы және халықаралық көлік дәліздеріне шығу мүмкіндігі бұл саланы дамытуға үлкен мүмкіндік береді. Соңғы бес жылда Транскаспий халықаралық көлік бағдары арқылы тасымалданатын жүк көлемі үш есе артқан.«Осы әлеуетті одан әрі дамыту мақсатында облыс әкімдігі Қытайдың «Guo You Resources Group» компаниясымен бірлесіп, Қарақия ауданында жылына 25 млн тоннаға дейін жүк өткізуге қауқарлы көпфункционалды теңіз терминалын салу жобасын жүзеге асыруда. Болжам бойынша, инвестиция көлемі кемінде 1 млрд АҚШ долларын құрайды.Сонымен қатар Ақтау порты мен «Ерсай» теңіз терминалының акваториясын 4,5 метрден 6,5 метрге дейін тереңдету жұмыстары басталды. Биыл Құрық теңіз портындағы №1 және №2 көтергіш-көпірлерді жаңғырту жұмыстары аяқталды.Бұдан бөлек, Түркияның YDA компаниясымен бірлесіп, Ақтау қаласының әуежайы базасында құны 1 млрд АҚШ долларын құрайтын мультимодальды авиациялық-логистикалық хаб салу жобасы жүзеге асырылуда. Бұл жоба әуежайдың өткізу қабілетін, жүк және жолаушылар тасымалы көлемін арттыруға, сондай-ақ халықаралық әуе бағыттарын дамытуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар Транскаспий халықаралық көлік бағдары аясында өңірдің транзиттік әлеуеті нығайып, логистика, қойма шаруашылығы және қызмет көрсету салаларын дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашылады», – деп хабарлады облыстық экономика басқармасы.Туризмді жыл бойы дамыту көзделгенҮшінші басым бағыт – туризмді дамыту. Қазіргі уақытта облыс маусымдық туризм моделінен жыл бойы жұмыс істейтін форматқа көшуді көздеп отыр.Атап айтқанда, Ақтау қаласында жалпы сыйымдылығы 630 орын болатын екі термалды санаторий-курорттық кешеннің құрылысы басталды. Оларды 2027-2028 жылдары аяқтау жоспарланған.Сондай-ақ Кендірлі курорттық аймағында жаңа әуежайдың құрылысы жалғасуда. Нысанның құны – 55 млрд теңге. Оны 2026 жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр. Мемлекет басшысы өз Жолдауында мұндай нысандардың құрылысы елімізде бұрын-соңды болмаған тәжірибе екенін атап өткен болатын.Өңірдің туристік әлеуетін арттыру және жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында Маңғыстау және Шетпе теміржол вокзалдарын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды. Бейнеу вокзалын жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарланған.Жыл басынан бері Бозжырада сервистік орталық, Бейнеуде демалыс базасы және Шетпеде «Qazaq Camp» туристік лагері жұмысын бастады. Алдағы уақытта өңірдегі туристік бағыттарды қажетті инфрақұрылыммен кезең-кезеңімен қамтамасыз ету көзделіп отыр.Өңдеу өнеркәсібіндегі жаңа жобаларТөртінші бағыт – өңдеу өнеркәсібін дамыту. Биыл Жаңаөзен қаласында мұнай өндіруге арналған тербелмелі станоктар шығаратын өндіріс орны іске қосылды. «TestComOZEN» ЖШС жүзеге асырған жобаның құны – 3 млрд теңге. Қазіргі уақытта кәсіпорында 116 адам жұмыс істейді.Жыл соңына дейін жалпы құны 1,9 млрд теңге болатын тағы төрт жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Олардың аясында 90 жаңа жұмыс орны ашылады.Бұл саладағы перспективалы жобалардың бірі – «KazAzot PRIME» ЖШС жүзеге асыратын аммиак-карбамид кешенінің құрылысы. Кәсіпорында жылына 1,7 млн тонна химиялық өнім өндіру жоспарланған. Құрылыс кезеңінде 1 500 жұмыс орны ашылса, кәсіпорын іске қосылғаннан кейін тағы 700 адам жұмыспен қамтылады. Құрылыс жұмыстары 2026 жылы басталып, 2029 жылы аяқталуы тиіс.Анықтама: 2025 жылдың қарашасында сыртқы инфрақұрылым нысандарын салуға арналған жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша келісімшарттар жасалған. Жобалық-сметалық құжаттамаға мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын биылғы жылдың соңына дейін алу жоспарланып отыр.Балық өсіру және түйе шаруашылығына басымдық берілудеБесінші бағыт – аквакультура мен түйе шаруашылығын дамыту. Маңғыстау облысында дәстүрлі шаруашылық түрлерін заманауи технологиялар негізінде дамытуға ерекше көңіл бөлінуде.Атап айтқанда, 2025-2027 жылдарға арналған аквакультураны дамыту аясында төрт ірі жоба жүзеге асырылуда. Солардың бірі – «Organic Fish» компаниясының Каспий теңізінде арнайы торлы қондырғылар арқылы жылына 5 мың тоннаға дейін албырт тұқымдас балық өсіру жобасы. Құны – 11,9 млрд теңге. Бұл – Орталық Азияда алғаш рет жүзеге асырылып жатқан бірегей бастамалардың бірі.Жоба аясында албырт балығын өсіру, жинау және өңдеу үшін Норвегияның озық технологиялары енгізілуде. Өнімнің сапасы мен экологиялық тазалығына ерекше мән берілген.Қазіргі уақытта Қазақстан Еуропадан жыл сайын 8 мың тоннадан астам албырт балығын импорттайды. Жобаның негізгі мақсаты – отандық нарықты сапалы әрі қолжетімді өніммен қамтамасыз ету және импортқа тәуелділікті азайту.2026 жылы алғашқы өнім Ақтау, Алматы және Астана қалаларында сатылымға шығарылады. 2027 жылы импорттың 16%-ын отандық өніммен алмастыру, ал 2029 жылға қарай жылына 5 мың тонна өнім өндіріп, ішкі нарықтың 60%-ына дейін қамтамасыз ету жоспарланған. Сонымен қатар 2027 жылдың екінші жартысынан бастап өнімді Орталық Азия елдеріне, Қытайға, Ресейге және Парсы шығанағы мемлекеттеріне экспорттау көзделіп отыр.Бұдан бөлек, Жаңаөзен қаласында жылына 120 тонна құрғақ түйе сүтін өндіретін зауыт іске қосылды. Саланы кластерлік негізде дамыту мақсатында Ақтау қаласында қуаттылығы жылына 200 тоннадан асатын құрғақ түйе сүтін өндіретін кәсіпорынның құрылысы басталды. Оны жыл соңына дейін іске қосу жоспарланған. Құны 1,9 млрд теңгені құрайтын жобаны «Қарағантүбек» ЖШС жүзеге асырып жатыр.

Маңғыстаулық дзюдошылар Қазақстан чемпионатында үш медаль жеңіп алды
Жаңалықты көру →
AuthorOtpan News
09:43, 5 қараша 2026

Маңғыстаулық дзюдошылар Қазақстан чемпионатында үш медаль жеңіп алды

OTPANNEWS.KZ – 23 жасқа дейінгі жастар арасында дзюдодан Қазақстан чемпионатында Маңғыстау облысының құрамасы үш медаль жеңіп алды.3–4 қараша күндері Жезқазған қаласында өткен ел біріншілігінде Гүлдана Теңгелбаева +78 келі салмақ дәрежесінде алтын медаль иеленді. Ол финалдық кезеңде қарсыластарынан басым түсіп, Қазақстан чемпионы атанды.57 келі салмақта өнер көрсеткен Аружан Сәрсенова финалға дейін жетіп, күміс жүлдегер атанды. Ал 74 келіде сынға түскен Ақниет Қонысбай жарыстың қола жүлдегері болды.

Маңғыстаулық дзюдошылар Загреб Гран-Приінде күреседі
Жаңалықты көру →
AuthorЖанкелді Қаржан
16:39, 2 қараша 2026

Маңғыстаулық дзюдошылар Загреб Гран-Приінде күреседі

OTPANNEWS.KZ. - Қазақстан ұлттық құрамасында өнер көрсететін Маңғыстау облысының дзюдошылары қараша айының ортасында Хорватиядағы өтетін Гран-при турниріне қатысады. Олардың қатарында Жантілек Нұртілепұлы мен Меруерт Сәрсенова бар. -100 келіде белдесетін Жантілек ерлер құрамасының тізіміне енсе, Меруерт Сәрсенова (52 кг) үшін бұл сын Азия ойындарынан кейінгі маңызды турнир болмақ. Бұған дейін жерлестеріміз 11 қазан күні Бакуде өткен әлем біріншілігінің аралас командалық сайысында өнер көрсеткен болатын. Аталған турнирде Жантілек Нұртілепұлы Франция балуанынан басым түсіп, командағы жалғыз жеңісті сыйлады. Ал Меруерт Сәрсенова Жапонияда өткен Азия ойындарында командалық сында күміс медальға ие болған. Сондай-ақ, қос балуан да тамыз айында Оралда өткен ел чемпионатында жүлдегерлер тізіміне қосылды. Ерлер:60 кг: Аман Бақытжан, Нұраділ Әлжан66 кг: Нұрқанат Серікбаев, Бақытжан Абдурахманов73 кг: Данияр Шамшаев90 кг: Ермахан Әнуарбеков, Нұржан Бисенов+100 кг: Ерасыл Қажыбаев, Жантілек Нұртілепұлы.Әйелдер: 48 кг: Әбиба Әбужақынова, Ғалия Тынбаева 52 кг: Меруерт Сәрсенова, Аружан Ережепова 57 кг: Дана Әбдірова 63 кг: Эсмигүл Куюлова 70 кг: Ажар Асхат 78 кг: Екатерина Токарева +78 кг: Аида Тойшыбекова, Камила Берліқаш.

Ақтауда төрт елдің жасөспірім дзюдошылары «Er-xan IV» турнирінде бақ сынады
Жаңалықты көру →
AuthorМахаббат Нұржанқызы
20:27, 22 қазан 2026

Ақтауда төрт елдің жасөспірім дзюдошылары «Er-xan IV» турнирінде бақ сынады

OTPANNEWS.KZ. – Ақтауда жасөспірімдер арасында дзюдодан «International Tournament Judo Open Er-xan IV» халықаралық турнирі аяқталды. Үш күнге созылған жарыс «Халық арена» спорт кешенінде өтті.20 қазанда басталған байрақты бәсекеге Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан және Өзбекстан елдерінен мыңға жуық жас дзюдошы қатысты. Тартысты додада 2011–2012, 2013–2014 және 2015–2016 жылдары туған ұлдар мен қыздар 36 салмақ дәрежесі бойынша бақ сынады. Халықаралық турнир жас спортшылардың шеберлігін шыңдап, өзге елдердің балуандарымен белдесіп, тәжірибе жинауына мүмкіндік берді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай жарыстар жас дзюдошылардың үлкен спортқа қадам басуына ықпал етеді.«Бұл жарыс — өңіріміздегі кішкентай балаларымыздың, палуандарымыздың болашақта үлкен олимпиада шыңдарын бағындыруына жол ашатын маңызды қадам.Таяуда ғана қаламызда өткен Азия кубогінде дәл осы татамиде олимпиада жүлдегерлері белдескен еді. Біздің қатысушыларымыз да осындай халықаралық атмосфераны ерте жастан сезініп, алдағы уақытта үлкен жарыстарда ешқандай қорқынышсыз, қобалжусыз күресуді үйренеді. Сонымен қатар, басқа өңірлер мен шетелдерден келген команда өкілдерімен дос болып, өзара қарым-қатынас орнатудың тәрбиелік мәні зор. Осындай ауқымды турнирді ұйымдастыруға мұрындық болған облыстық дзюдо федерациясы мен спорт саласының өкілдеріне алғыс білдіреміз», — деді турнир ұйымдастырушысы Айбар Сайфенов.Үш күнге созылған тартысты жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы медальдармен және дипломдармен марапатталды. Ұйымдастырушылар балалардың кәсіби спорттағы шеберлігін шыңдау үшін турнирді жыл сайын өткізуді жоспарлап отыр.

Маңғыстау спортының жарқын бес жылы: әлемдік аренаны бағындырған чемпиондар
Жаңалықты көру →
AuthorЖанкелді Қаржан
10:40, 21 қазан 2026

Маңғыстау спортының жарқын бес жылы: әлемдік аренаны бағындырған чемпиондар

OTPANNEWS.KZ. - Соңғы жылдары Маңғыстау облысынан шыққан спортшылар халықаралық жарыстарда ел намысын абыроймен қорғап, құрлықтық және әлемдік додаларда жоғары нәтиже көрсетіп келеді. Бокс, дзюдо, джиу-джитсу, кикбоксинг және өзге де спорт түрлерінде топ жарған жерлестеріміз өңір спортының әлеуетін танытып, жас буынға үлгі болып отыр. Соңғы бес жылдағы спорттық жетістіктерге көз жүгіртсек, халықаралық аренадан көрінген тәжірибелі спортшылармен қатар, болашағынан үміт күттіретін жас чемпиондардың да қатары көбейгенін байқауға болады.Бокстағы жеңісті жолМаңғыстау спорты туралы сөз қозғағанда, алдымен боксшы Бекзат Нұрдәулетовтің жетістіктерін атап өткен жөн. Жаңаөзендік спортшы 2019 жылы әлем чемпионы атанып, Токио Олимпиадасына қатысқан еді. Кейінгі жылдары да жоғары деңгейдегі жарыстарда нәтижелі өнер көрсетті.2024 жылы Таиландта өткен Азия чемпионатында 86 келіге дейінгі салмақта қарсыластарынан басым түсіп, құрлық чемпионы атанды. Ал 2025 жылы Астанада ұйымдастырылған World Boxing Әлем кубогының кезеңдік турнирінде 85 келіге дейінгі салмақта жеңіске жетті. Бұл нәтиже оның халықаралық аренадағы бәсекеге қабілеттілігін тағы бір мәрте дәлелдеді.Бекзаттың жетістігі - ұзақ жылдық еңбектің, тәжірибенің және жүйелі дайындықтың жемісі. Оның спорттық жолы жас боксшылар үшін үлкен мектеп деуге болады.Әлем чемпионатында жарқыраған жастарМаңғыстаулық жас спортшылардың халықаралық деңгейдегі табыстарының бірі 2024 жылы Венгрияның Будапешт қаласында өткен кикбоксингтен әлем чемпионатында тіркелді. Жастар мен кадеттер арасындағы жарыста Базар Диас пен Құбаш Сахи әлем чемпионы атанса, Махмұт Мәди қола медаль иеленді.Базар Диас 54 келіге дейінгі, Құбаш Сахи 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанды. Ал 81 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Махмұт Мәди әлемдік додада үздік үштіктен көрінді. Чемпионатқа 50 мемлекеттен 800-ден астам спортшы қатысқанын ескерсек, бұл нәтижелердің маңызы арта түседі.Жас кикбоксшылардың жетістігі өңірдегі спорт мектептерінде қалыптасқан дайындық жүйесінің әлеуетін көрсетеді. Сонымен бірге олардың жеңісі халықаралық аренада Маңғыстау атын танытуға мүмкіндік берді.Дзюдодағы жаңа есімдерӨңір спортының келешегінен үміт күттіретін жас дзюдошылардың қатарында Ғабит Расулхановтың (60 кг) есімін ерекше атауға болады. Ол 2026 жылы Эквадордың Гуаякиль қаласында өткен кадеттер арасындағы әлем чемпионатында 60 келіге дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп алды.Ғабит финалда канадалық Роман Семирозумнан басым түсіп, әлем чемпионы атанды. Бұған дейін де халықаралық жарыстарда тәжірибе жинақтаған жас спортшы бұл жолы әлемдік додада үздік екенін дәлелдеді. Қазақстан құрамасы жекелей жарыстарда он медаль иеленіп, аралас командалық бәсекеде де чемпион атанды.Ғабиттің жеңісі – Маңғыстау спортының болашағына деген сенімді арттыратын нәтиже. Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында топ жару спортшының алдағы уақытта ересектер деңгейінде де үлкен жетістіктерге жетуіне жол ашады.Дзюдодан тағы бір назар аударарлық есім – Азат Күмісбаев. Ол 2024 жылы жастар арасындағы Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды. Мұндай нәтижелер жас спортшылардың құрлықтық деңгейде бәсекеге түсуге қабілетті екенін көрсетеді.Джиу-джитсудан тарихи жеңіс2025 жылы Маңғыстау спортының шежіресіне енген тағы бір маңызды оқиға болды. Қытайдың Чэнду қаласында өткен XII Дүниежүзілік ойындарда джиу-джитсудан сынға түскен Жәнібек Әбу-Бәкір алтын медаль жеңіп алды.69 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен маңғыстаулық спортшы финалда Фарид Бен Алиді 12:9 есебімен жеңді. Бұл жеңіс Қазақстан құрамасының жарыстағы алғашқы алтын медалі болды. Дүниежүзілік ойындар – олимпиадалық бағдарламаға кірмейтін спорт түрлерінің үздіктері бас қосатын ірі халықаралық бәсеке. Сондықтан Жәнібектің нәтижесі тек өңір үшін емес, еліміздің спорт тарихы үшін де маңызды.Оның жетістігі джиу-джитсудың Маңғыстаудағы әлеуетін көрсетіп, дәстүрлі спорт түрлерінен бөлек бағыттарда да әлемдік деңгейге көтерілуге болатынын аңғартты.Сурдлимпиададағы табысӨңір спортындағы маңызды жетістіктердің қатарында сурдлимпиадалық спортшылардың нәтижелері де бар. 2025 жылы дзюдодан Хамзе Ғұлама Сурдлимпиада чемпионы атанды. Бұл жеңіс мүмкіндігі шектеулі спортшылардың да халықаралық аренада жоғары нәтижеге қол жеткізе алатынын дәлелдеді.Спорттағы мұндай жетістіктер инклюзивті бағыттың маңызын арттырып, ерекше қажеттілігі бар балалар мен жастарды спортқа тартудың өзектілігін көрсетеді. Чемпиондардың тәжірибесі мен табандылығы өзге спортшыларға да жігер береді.Чемпиондарды тәрбиелейтін ортаСпортшының жетістігі тек жеке қабілеті мен табандылығына байланысты емес. Оның артында бапкердің еңбегі, спорт мектебінің дайындығы, заманауи инфрақұрылым және тұрақты қолдау тұрады. Осы тұрғыдан алғанда, Маңғыстаудағы спорт нысандарының жаңаруы мен жаңа кешендердің ашылуы да назар аударуға тұрарлық.Ақтаудағы Halyk Arena мен BS Arena секілді көпфункционалды спорт кешендері түрлі спорт бағытында жаттығуға және жарыстар өткізуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге ауылдық елді мекендерде ашылған жаңа спорт нысандары балалар мен жасөспірімдердің спортпен жүйелі айналысуына жағдай жасауға бағытталған.Маңғыстаулық чемпиондардың жеңістері – жеке спортшылардың ғана емес, тұтас өңірдің жетістігі. Ал олардың ізін басқан жас буынның халықаралық аренада жаңа белестерді бағындыруы алдағы жылдардағы спорт дамуының негізгі көрсеткіштерінің бірі болмақ.

Маңғыстауда әлеуметтік сала қызметкерлері флорболдан бақ сынады
Жаңалықты көру →
AuthorМахаббат Нұржанқызы
18:52, 20 қазан 2026

Маңғыстауда әлеуметтік сала қызметкерлері флорболдан бақ сынады

OTPANNEWS.KZ. – Маңғыстауда Әлеуметтік қорғау саласы қызметкерлері күніне орай флорболдан турнир өтті. Екі күнге созылған жарысқа өңірдің қалалары мен аудандарынан 80-ге жуық қызметкер қатысып, 10 команда өзара мықтыны анықтады.Спорттық шараны облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, «Біз спорт үшін, есірткіге қарсымыз» қоғамдық қоры және облыстық көгалдағы хоккей федерациясы бірлесіп ұйымдастырды. Іріктеу кезеңінен өткен бес команда жарыстың шешуші кезеңінде кездесті. Қоғамдық қор төрағасы Роман Уразимбетов алдағы уақытта да бұқаралық спортты дамытуға арналған осындай шараларды жалғастыру жоспарланғанын айтты.Турнир қорытындысы бойынша бірінші орынды №1 арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету орталығының командасы иеленді. Екінші орын Ақтау қалалық әлеуметтік бейімдеу орталығына бұйырса, үшінші орынға Бейнеу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің командасы жайғасты.Жеңімпаздарға алғыс хаттар мен ақшалай сыйлықтар табысталды.

Ақтауда жеңіл атлеттер бақ сынады
Жаңалықты көру →
AuthorOtpan News
10:05, 19 қазан 2026

Ақтауда жеңіл атлеттер бақ сынады

OTPANNEWS.KZ. – Жуырда Ақтау қаласында КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері, даңқты қазақ жеңіл атлеті Әмин Тұяқовтың жүлдесіне арналған жеңіл атлетикадан дәстүрлі республикалық жарыс «Аминиада» спорттық іс-шарасы ұйымдастырылды. Үш күнге созылған жарыс барысында қатысушылар жеңіл атлетиканың бірнеше түрінен бақ сынады. Биылғы додада алғаш рет биіктікке секіруден жарыс өткізіліп, спортшылар өз шеберліктерін көрсетті.Маңғыстау облысы жеңіл атлетика федерациясының президенті Дәурен Мұратбайдың айтуынша, өңірде жастардың жеңіл атлетикаға деген қызығушылығы артып келеді. Осыған байланысты спорттың бұл түрін дамытуға және жаңа бағыттарды енгізуге басымдық берілуде.- Жеңіл атлетика тек жүгірумен ғана шектелмейді. Оның құрамына биіктікке және ұзындыққа секіру, әртүрлі қашықтыққа жүгіру және басқа да бағыттар кіреді. Қазіргі таңда осы бағыттар бойынша жұмыстарды жоспарлап, облыстық спорт саласына қатысты алдағы міндеттерімізді айқындап, жүйелі түрде жұмыс жүргізіп келеміз. Біздің мақсатымыз - өңірде жеңіл атлетиканы дамыту, жас спортшыларды тәрбиелеу және жеңіл атлетикаға деген қызығушылықты арттыру, - деді Дәурен Мұратбай.Ал Маңғыстау облысы жеңіл атлетика федерациясының аға жаттықтырушысы Асия Рабаеваның айтуынша, өңірде жеңіл атлетиканың бірнеше бағыты бойынша спортшылар даярланады. - Кедергімен жүгіру бағыты бойынша дайындықтар басталды. Сонымен қатар, маңғыстаулық жеңіл атлеттер ұзындыққа секіру, биіктікке секіру және найза лақтырудан да жақсы нәтижелер көрсетіп жүр. Биіктікке секірудің жаңа бағыт ретінде енгізілуі жас спортшылардың мүмкіндіктерін кеңейтіп, олардың спорттық әлеуетін дамытуға жол ашады. Өңірде жеңіл атлетиканың жаңа бағыттарын дамыту жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын таппақ, - деді Асия Рабаева.

Қазақстан балуандары әлем чемпионатында үздік нәтижеге қол жеткізді
Жаңалықты көру →
AuthorЖанкелді Қаржан
10:14, 14 қазан 2026

Қазақстан балуандары әлем чемпионатында үздік нәтижеге қол жеткізді

OTPANNEWS.KZ. - Күрес түрлерінен АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына қос бірдей алтын медаль иеленді. Спортты дамыту дирекциясының дерегінше, 60 келіде сынға түскен Айбек Айтбеков финалда дәл осы санат бойынша фаворит саналған әрі әлем чемпионы Елмир Алиевті (Әзірбайжан) 13:4 есебімен жеңіп, жаһандық додадағы алғашқы алтынды алып берді. Бұған дейін отандасымыз мамыр айында U23 санатында Азия чемпионы атағын да иеленген еді.72 келіде күрескен Юсуф Ашрапов та финалда Армения балуаны Гаспар Тертерянмен белдесіп, 4:3 есебімен камбэк жасап кетті. Бір ерекшелігі Армения өкілі бұған дейін U17 және U20 санатындағы жаһандық додада отандасымыздан басым түсіп, топ жарған еді.Одан бөлек, 87 келідегі Темірлан Тұрдақын да алтын жүлдеге таласуға мүмкіндік алды. Жерлесіміз ақтық сында ересектер арасында Азия чемпионатының күміс жүлдегері саналатын Ясин Әли Яздимен (Иран) өзара мықтыны анықтайды.Ал 130 келідегі Джохар Узаров қола жүлде үшін күреседі.Айта кетейік, 2017 жылдан бері тұрақты түрде өтіп келе жатқан U23 санатындағы әлем чемпионатында бұған дейін грек-рим күресінен 2023 жылы Сұлтан Әсетұлы ғана топ жарған болатын.

Роберт Мшвидобадзе: Біздің басты мәселеміз – спортшыларға сенімділіктің жетіспеуі
Жаңалықты көру →
AuthorЖанкелді Қаржан
13:46, 9 қазан 2026

Роберт Мшвидобадзе: Біздің басты мәселеміз – спортшыларға сенімділіктің жетіспеуі

Баку. OTPANNEWS.KZ - Қазақстан ұлттық құрамасының жаттықтырушы-консультанты Роберт Мшвидобадзе отандық дзюдошылардың әлем чемпионатындағы әлеуетіне шолу жасады. Оның пікірінше, спортшылардың өз күшіне деген сенімін арттырып, ішкі бәсекелестікті күшейту қажет. Маман әйелдер дзюдосының қазіргі деңгейіне, жас балуандардың мүмкіндігіне және ұлттық құраманың болашағына қатысты ойымен бөлісті. - Қазақстан дзюдосының қазіргі деңгейін қалай бағалайсыз? Құраманың нәтижелеріне көңіліңіз тола ма? - Өздеріңіз де байқап жүрсіздер, біз біртіндеп өсіп, алға жылжып келеміз. Қазақстанда бұл жұмысты енді ғана бастап жатырмыз. Соған қарамастан, ілгерілеу бар екенін көріп отырмын. Спортшыларымыз көп жаттығады, олардың әлеуеті де жоғары. Шын мәнінде, бізде өте мықты балуандар бар. Сондықтан алдағы уақытта жақсы нәтижелерге қол жеткізе алатынымызға сенемін. - Дегенмен, кейбір шешуші белдесулерде жеңіліп қалып жатамыз. Бұған не себеп? - Қазір біздің ең басты әрі ең үлкен мәселеміз – спортшыларға сенімділіктің жетіспеуі. Олар кейде қарсыластары өздерінен мықты деп ойлайды. Бұл - үлкен қателік. Әрине, халықаралық жарыстарда бәсекелестік жоғары. Бірақ қарсыластың мықтылығын мойындау мен одан қорқудың арасы екі бөлек. Спортшы өз мүмкіндігіне сеніп, татамиге жеңіске жету үшін шығуы керек.Өз күштеріне деген сенімділікті қалыптастыра алсақ, нәтижеміз де жақсарады. Өздеріңіз де көріп жүрсіздер, біз біртіндеп өсіп келеміз. Осы сенімділікті толық қалыптастырсақ, көп ұзамай жақсы нәтижелерге қол жеткіземіз. - Соңғы уақытта финалдық белдесулерде де жеңілістер болды. Бұл нені аңғартады?- Соңғы аптада ғана алты финалда жеңіліп қалдық. Бұл, әрине, жақсы нәтиже емес. Бізде әлі де жұмыс істейтін тұстар көп. Ұмтылатын белестеріміз де аз емес. Бірақ финалға дейін жетудің өзі спортшының белгілі бір деңгейге көтерілгенін көрсетеді. Ендігі міндет – шешуші сәттерде жеңіске жетуді үйрену. Ол үшін техникалық және тактикалық дайындықпен қатар, психологиялық тұрғыдан да мықты болу қажет. - Әйелдер дзюдосындағы бәсекелестік деңгейі туралы не айтасыз? Әсіресе ауыр салмақ дәрежелерінде жағдай қалай? - Қазір әйелдер дзюдосында ішкі бәсекелестік жеткіліксіз деп есептеймін. Жалпы, бұл бағытта әлі де атқаратын жұмыс көп. Дегенмен, жас қыздардың қатарға қосылып, жаттығып, бар күшін салып жүргені қуантады. Олардың дамуына мүмкіндік беруіміз керек. Мысалы, Азия ойындарында әйелдер құрамасы жақсы нәтиже көрсетті деп ойлаймын. Екі күміс және екі қола медаль жеңіп алдық. Командалық жарыста да қыздарымыз жақсы күресті. Мұның өзі белгілі бір ілгерілеудің бар екенін көрсетеді. - Жас спортшылардың өсіп-жетілуі үшін не қажет? - Ең алдымен, уақыт қажет. Жаңа жүйе қалыптасып жатқан кезде бірден нәтиже талап ету оңай емес. Әрине, мен де бәрін бірден қалаймын. Барлық жарыста жеңіске жетіп, алтын медальдарды бірден алғым келеді. Бірақ дзюдо – өте күрделі спорт түрі. Әлемде 184 елдің спортшылары дзюдомен айналысады. Бәсекелестік өте жоғары, әр елдің балуандары жақсы дайындалып, барын салады. Сондықтан спортшыны да, құраманы да кезең-кезеңімен дамыту керек. Жас балуандар тәжірибе жинап, халықаралық жарыстарда шыңдалуы тиіс. - Бүгін әлем чемпионатында күресіп, алғашқы айналымда сүрінген Аруна Жангелдинаның өнеріне қандай баға бересіз?- Аруна жаман күрескен жоқ. Дегенмен, әзірге мұндай ірі жарыстарға толық дайын емес деп ойлаймын. Оған әлі де тәжірибе жинау қажет. Жас спортшылардың дамуы бірден жүзеге аспайды. Сондықтан оларға уақыт беріп, жүйелі түрде жұмыс істеуіміз керек. - Алдағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасынан қандай нәтиже күтесіз?- Алдағы әлем чемпионатында жақсы нәтиже көрсетеміз деп ойлаймын. Қазақстан бұрын-соңды әлем чемпионаттарында қол жеткізген нәтижелерінен де жоғары көрсеткішке жетеді деп сенемін. Біздің спортшыларымыздың әлеуеті жеткілікті. Ең бастысы – өз күштеріне сеніп, дайындық барысында атқарған жұмыстарын татамиде көрсете білу. - Демек, Қазақстан дзюдосының басты мақсаты – спортшылардың өзіне деген сенімін арттыру ма? - Иә, бұл - ең маңызды мәселелердің бірі. Құрамадағы әр спортшыны көрген сайын оның қалай күресетінін білемін. Біздің жігіттер өте көп жаттығады, олардың мүмкіндіктері жоғары. Бірақ кейде өздерін қарсыластарынан төмен бағалайды. Спортшы өзіне сенуі керек. Егер біз осы сенімділікті қалыптастыра алсақ, жақсы нәтижелерге қол жеткіземіз. Қазақстан дзюдошыларының көптеген алтын медаль жеңіп ала алатынына сенімдімін. Біздің қолымыздан келеді. Ол үшін жүйелі еңбек етіп, алға қарай ұмтылуымыз қажет.

Ақтауда республикалық командалық шахмат турнирі өтті
Жаңалықты көру →
AuthorГүлсезім Әбдіжәлел
10:31, 9 қазан 2026

Ақтауда республикалық командалық шахмат турнирі өтті

OTPANNEWS.KZ - №31 ЖББМ базасында «Келешек мектептері» оқушылары арасында республикалық командалық шахмат турнирінің аймақтық іріктеу кезеңіне аудан, қала бойынша 9 командадан, 36 оқушы қатысты.Турнирдің негізгі мақсаты – «Келешек мектептері» оқушылары үшін бірыңғай ұлттық шахмат алаңын қалыптастыру, олардың интеллектуалдық қабілеттерін, стратегиялық ойлауын және командалық жұмыс дағдыларын дамыту, сондай-ақ оқушылар арасында шахматты кеңінен насихаттау.Турнирдің ашылуында Маңғыстау облыстық дене тәрбиесі және туризм орталығы директорының орынбасары Али Қабаков құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Жарыста №31 жалпы білім беретін мектептің директоры Ескендір Кумбаев және турнирдің бас төрешісі, Маңғыстау облысы Шахмат федерациясының бапкері Капаров Азамат тілектерін білдірді.Үздіктер қатарында:I орынды – Ақтау қаласы, №31 жалпы білім беретін мектебі; II орынды– Ақтау қаласы, №35 жалпы білім беретін мектебі;III орын – Мұнайлы ауданы, №19 жалпы білім беретін мектебі бар. Аймақтық кезеңнің жеңімпазы Астана қаласында өтетін республикалық ұлттық финалда Ақтау қаласының №31 жалпы білім беретін мектеп командасы Маңғыстау облысының намысын қорғайды.

Жаңаөзенде еліміздің үздік садақшылары бас қосты
Жаңалықты көру →
AuthorOtpan News
10:27, 7 қазан 2026

Жаңаөзенде еліміздің үздік садақшылары бас қосты

OTPANNEWS.KZ. - Жаңаөзен қаласында дәстүрлі садақ атудан жастар арасындағы ел чемпионаты өтіп жатыр. Ұлттық спортты дәріптеп, жас спортшылардың шеберлігін шыңдауға бағытталған дүбірлі додаға еліміздің өңірлерінен келген 70-ке жуық спортшы қатысады.Жарыс 18-24 жас аралығындағы жастар арасында ұйымдастырылған. Чемпионаттың басты мақсаты - дәстүрлі садақ атуды жастар арасында кеңінен насихаттау, ұлттық спорт түрлерінің дамуына серпін беру және оның бұқаралық сипат алуына ықпал ету.Сайыс бағдарламасына дәстүрлі садақ атудың бірнеше бағыты енгізілген. Атап айтқанда, спортшылар пута, қалқан, Орта Азия және жамбы нысаналары бойынша жекелей сында өнер көрсетеді. Чемпионаттың қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен спортшылар анықталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталады.Жарыстың жабылу салтанаты 7 қазан күні Жаңаөзен қаласындағы Әмин Тұяқов атындағы стадионда өтеді.

YouTube бейнелер
Карта

Қалай баруға болады

9-й микрорайон, 42/1
Актау, Актау городская администрация

Ең жақын аялдама: 9-й микрорайон д.18 (350 м, 4 мин)

Маршрут құру
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!