Otpan News
Маңғыстау облысында шекара қызметі келісімшарт бойынша әскери қызметке шақырады
Otpan NEWS
18:38, 12 қараша 2026

Маңғыстау облысында шекара қызметі келісімшарт бойынша әскери қызметке шақырады

OTPANNEWS.KZ. - Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті келісімшарт негізінде әскери қызмет атқаруға ниетті азаматтарды қабылдайды.Әскери қызметке үміткерлерге бірқатар талап қойылады. Атап айтқанда, үміткер Қазақстан Республикасының азаматы болуы, мерзімді әскери қызметті өткеруі, орта, арнаулы орта немесе жоғары білімі болуы тиіс. Сонымен қатар өзінің және жақын туыстарының соттылығы болмауы, денсаулығы әскери қызметке жарамды болуы қажет.Келісімшарт бойынша қызмет атқаратын әскери қызметшілерге ай сайынғы еңбекақы 250 мың теңгеден басталады. Сондай-ақ әскери қызметші мен оның отбасы мүшелеріне тұрғын үй төлемдері қарастырылған. Оның мөлшері әр адамға 68 мың теңгеден белгіленген.Бұдан бөлек, әскери қызметшілер маусымдық киім-кешекпен тегін қамтамасыз етіледі, медициналық қызметті ақысыз алады. Жыл сайынғы еңбек демалысы 45 күнді құрайды. Сондай-ақ 45 жастан бастап зейнетке шығу мүмкіндігі, мансаптық өсу және кәсіби дамуға жағдай жасалған.Ел тыныштығын күзетіп, Отан алдындағы борышын кәсіби деңгейде атқарғысы келетін азаматтар келісімшарт бойынша әскери қызметке шақырылады.Қосымша ақпарат алу және құжат тапсыру үшін Ақтау қаласы, 1-шағынаудан, 12/5 ғимараты мекенжайына хабарласуға болады.Байланыс телефоны: 8 705 276 01 61.

Спорт

Маңғыстаулық дзюдошылар Қазақстан чемпионатында үш медаль жеңіп алды
Otpan News
09:43, 5 қараша 2026

Маңғыстаулық дзюдошылар Қазақстан чемпионатында үш медаль жеңіп алды

OTPANNEWS.KZ – 23 жасқа дейінгі жастар арасында дзюдодан Қазақстан чемпионатында Маңғыстау облысының құрамасы үш медаль жеңіп алды.3–4 қараша күндері Жезқазған қаласында өткен ел біріншілігінде Гүлдана Теңгелбаева +78 келі салмақ дәрежесінде алтын медаль иеленді. Ол финалдық кезеңде қарсыластарынан басым түсіп, Қазақстан чемпионы атанды.57 келі салмақта өнер көрсеткен Аружан Сәрсенова финалға дейін жетіп, күміс жүлдегер атанды. Ал 74 келіде сынға түскен Ақниет Қонысбай жарыстың қола жүлдегері болды.

Саясат

Қылтима, субұрқақ: Қасым-Жомарт Тоқаев кейбір сөздердің қисынсыз аудармасына қатысты пікір білдірді
Otpan News
15:16, 10 қараша 2026

Қылтима, субұрқақ: Қасым-Жомарт Тоқаев кейбір сөздердің қисынсыз аудармасына қатысты пікір білдірді

OTPANNEWS.KZ. - Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Х құрылтайында сөйлеген сөзінде айтты.«Бірақ жалпы тіліміз басқа іргелес елдердің тілдерімен салыстырғанда әлдеқайда таза деп айтсақ, дұрыс болар. Мысалы, бұрын өте сирек пайдаланған немесе мүлде пайдаланбаған «тұжырымдама, қағидат, жоспар, сыйақы, шәкіртақы, еңбек өтілі, кешенді, әмбебап, жүйелі, тыңайтқыш, жанармай, көгалдандыру, босқын, қырғи-қабақ соғыс, қоқан-лоқы, лаңкестік, есірткі, бітімгерлік күштер, мәмілегер, ғарыш, зымыран, жаһан, ғаламтор, тікұшақ, жасанды сана, пайыз, сынып» сияқты сөздер тілімізде кең қолданыс тапты. Бұл – жақсы дүние. Бірақ әр жақсы құбылыстың шегі болуы керек. Мысалы, «күйсандық (пианино), қылтима (балкон), субұрқақ (фонтан), себезгі (душ), қырыққабат (капуста), үнқағаз (газет), жеделсаты (лифт), желкөз (форточка)» және тағы басқа жасанды сөздердің қажеттілігі екіталай сияқты. Соңғы кезде дінге қатысты көне сөздеріміздің орнына араб сөздерін жиі қолдану сән болып кетті. Мұның да қажеттілігіне күмән бар. Жалпы, осының бәрі – өте өзекті мәселелер, сондықтан кәсіби ғалымдар өздерінің салмақты пікірлерін ортаға салуы қажет. Тіл ғылымына қатысты әмбебап, бәріне қолжетімді цифрлық жүйе әзірлеу маңызды. Бұл міндетті мемлекеттік деңгейде сапалы орындау үшін құрамына кәсіби тіл мамандары, ғалымдар, сарапшылар мен жалпы қоғам өкілдері кіретін арнайы жұмыс тобын құрған жөн деп санаймын. Жұмыс тобының қызметін үйлестіру Президент Әкімшілігіне жүктеледі», деді Президент.

Эксклюзив

Маңғыстаулық Жантілек Нұртілепұлы дзюдодан әлем чемпионатында өнер көрсетті

14:30, 11 қазан 2026

Маңғыстаулық Жантілек Нұртілепұлы дзюдодан әлем чемпионатында өнер көрсетті

Маңғыстаулық суретшілер «рекорд» жасап, 4 метр кенепке сурет салды
Роза Әділханқызы14:34, 24 қыркүйек 2026

Маңғыстаулық суретшілер «рекорд» жасап, 4 метр кенепке сурет салды

Ақшұқыр тұрғыны бағында анар ағашын өсіреді
Роза Әділханқызы14:40, 16 қыркүйек 2026

Ақшұқыр тұрғыны бағында анар ағашын өсіреді

Ақтаулық оқушылар 1 тоннадан астам макулатураны сұрыптауға тапсырды
Роза Әділханқызы15:03, 8 қыркүйек 2026

Ақтаулық оқушылар 1 тоннадан астам макулатураны сұрыптауға тапсырды

Advertisement
YouTube бейнелер
Карта

Қалай баруға болады

9-й микрорайон, 42/1
Актау, Актау городская администрация

Ең жақын аялдама: 9-й микрорайон д.18 (350 м, 4 мин)

Маршрут құру
Otpan News

Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!