Otpan News
Маңғыстауда ерекше балаларға арналған «LEGO әлеміндегі достық» жобасы өтті
Роза Әділханқызы
17:52, 14 қараша 2026

OTPANNEWS.KZ – Маңғыстау облысында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың шығармашылығын дамытуға бағытталған «LEGO әлеміндегі достық» жобасы ұйымдастырылды.«Рухтан» қоғамдық қорының бастамасымен өткен шараға 20 бала қатысып, 35 жастан асқан 10 күміс волонтер қолдау көрсетті.Іс-шара барысында балалар LEGO бөлшектерінен түрлі бұйымдар құрастырып, бірлесіп ойын ойнады. Сондай-ақ өз идеяларын ортаға салып, шығармашылық қабілеттерін шыңдауға мүмкіндік алды.Жобаның негізгі мақсаты – ерекше балалардың шығармашылық әлеуетін дамыту, олардың өзара қарым-қатынас орнатуына ықпал ету және бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру.Сонымен қатар «Рухтан» қоры Маңғыстау туризм колледжінің қолдауымен балалар үйінің 12 тәрбиеленушісіне «Менің алғашқы бургерім» атты тегін аспаздық шеберлік сабағын ұйымдастырды. Кездесу барысында балалар колледж аспаздарының көмегімен бургер мен пицца дайындауды үйреніп, тағам әзірлеу тәжірибесінен өтті.«Рухтан» қоғамдық қорының директоры Гүлнұр Кушанованың айтуынша, мұндай бастамалардың негізгі мақсаты – балаларға жаңа мүмкіндіктер ұсыну және волонтерлік қозғалысты дамыту.«Әр баланың өзін еркін сезініп, қабілетін көрсетуіне мүмкіндік беру біз үшін маңызды. Сонымен қатар өңірдегі күміс волонтерлерді қатарымызға қосып, осындай игі бастамаларға көптеп тартуды көздейміз», – дейді Гүлнұр Кушанова.

Спорт

Маңғыстаулық дзюдошылар Қазақстан чемпионатында үш медаль жеңіп алды
Otpan News
09:43, 5 қараша 2026

Маңғыстаулық дзюдошылар Қазақстан чемпионатында үш медаль жеңіп алды

OTPANNEWS.KZ – 23 жасқа дейінгі жастар арасында дзюдодан Қазақстан чемпионатында Маңғыстау облысының құрамасы үш медаль жеңіп алды.3–4 қараша күндері Жезқазған қаласында өткен ел біріншілігінде Гүлдана Теңгелбаева +78 келі салмақ дәрежесінде алтын медаль иеленді. Ол финалдық кезеңде қарсыластарынан басым түсіп, Қазақстан чемпионы атанды.57 келі салмақта өнер көрсеткен Аружан Сәрсенова финалға дейін жетіп, күміс жүлдегер атанды. Ал 74 келіде сынға түскен Ақниет Қонысбай жарыстың қола жүлдегері болды.

Эксклюзив

Маңғыстаулық Жантілек Нұртілепұлы дзюдодан әлем чемпионатында өнер көрсетті

14:30, 11 қазан 2026

Маңғыстаулық Жантілек Нұртілепұлы дзюдодан әлем чемпионатында өнер көрсетті

Маңғыстаулық суретшілер «рекорд» жасап, 4 метр кенепке сурет салды
Роза Әділханқызы14:34, 24 қыркүйек 2026

Маңғыстаулық суретшілер «рекорд» жасап, 4 метр кенепке сурет салды

Ақшұқыр тұрғыны бағында анар ағашын өсіреді
Роза Әділханқызы14:40, 16 қыркүйек 2026

Ақшұқыр тұрғыны бағында анар ағашын өсіреді

Ақтаулық оқушылар 1 тоннадан астам макулатураны сұрыптауға тапсырды
Роза Әділханқызы15:03, 8 қыркүйек 2026

Ақтаулық оқушылар 1 тоннадан астам макулатураны сұрыптауға тапсырды

Advertisement

YouTube бейнелер

Карта

Қалай баруға болады

9-й микрорайон, 42/1
Актау, Актау городская администрация

Ең жақын аялдама: 9-й микрорайон д.18 (350 м, 4 мин)

Маршрут құру
Otpan News

Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!